Реферат есеп б., дереккөз, қосымша


Ұлт және этнос, ұлттық және этникалық бірегейлікті зерттеудің теориялық негіздері



бет2/8
Дата28.11.2023
өлшемі0,79 Mb.
#131152
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Этникалық бірегейлену

1 Ұлт және этнос, ұлттық және этникалық бірегейлікті зерттеудің теориялық негіздері

Қоғамдық және әлеуметтік ғылымдарда ұлт, этнос, ұлттық бірегейлік және этникалық бірегейлікті түсіндіру күрделі және көп қырлы зерттеу саласы болып табылады. Осы саланың ғалымдары бұл ұғымдарды саяси, мәдени, тарихи және әлеуметтік қырларын қарастыра отырып, түрлі тұрғыдан талдайды. Қоғамдық және әлеуметтік ғылымдарда аталмыш ұғымдарды түсіндіру көбінесе нақты зерттеу контексті және мақсаттарына байланысты. Зерттеушілер ұлттар мен этностардың қалай анықталатынын, ұлттық және этникалық бірегейліктің қалай қалыптасып, сақталатынын және осы бірегейлік саяси мінез-құлық, институттар мен саясатқа қалай әсер ететінін зерттейді. Ұлт пен этносты зерттеу түрлі қоғамдағы саяси динамика, басқару және қақтығыстарды шешуді түсіну үшін маңызды.


Қазіргі қоғамдық және әлеуметтік ғылымдардағы терминологияда тұжырымдамалық белгісіздік қалыптаспауы қажет. Қоғамдық және әлеуметтік ғылымдардағы көптеген терминдердін мағынасын ажырататын ғылыми жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығы жоғары. «Ұлт», «этнос», «ұлттық бірегейлік» және «этникалық бірегейлік» ұғымдары өте күрделі және түрлі түсіндірмелерге ие. Бұл түсіндірмелер көп жағдайда әлеуметтік-саяси, тарихи және мәдени талдауларымен ерекшеленеді. Сондықтан осы бөлімде қоғамдық және әлеуметтік ғылымдардағы түсіндірмелері сипатталатын іргелі ұғымдарды жүйелеуге тырысамыз.
«Ұлт» әдетте, ортақ тарихи, мәдени, тілдік және діни сипаттағы ортақ адамдар тобы ретінде түсініледі. Ұлт қазіргі әлемдегі саяси биліктің ең маңызды құралы болып табылады. Ұғым ұлттық мемлекеттердің қалыптасуымен байланысты және халық пен кеңістікті бөлудегі ұлттық масштабты анықтауға көмектеседі. Ұлт мәдениет, саяси қағидалар және символдық мағынаға негізделген түрлі концептуалды және кеңістіктік жағынан шектелген құрылым [???, 221-228 бб. Kobayashi A. International Encyclopedia of Human Geography. - Elsevier, 2020. – 7242 p.]. Дегенмен, ұлт ұғымы азаматтық пен этникалық ортақ мәдени байланыстарға негізделген қағидаларға сәйкес келуі ықтимал. Азаматтық қағидаларға сәйкес қоғам мүшелері белгілі бір географиялық аймақтағы саяси адалдық пен ортақ құндылықтар арқылы бірігеді. Ал, этникалық қағидаларда ұлтқа қатысты сұрақтар жалпы мәдени ерекшеліктер мен шығу тегіне назар аударады. Демек, «ұлт» анықтамасы оның жаң-жақтылығы мен ерекшеліктеріне байланысты түрлі дауларға әкелуі мүмкін.
«Этнос» көп жағдайда «этникалық топ» түсінігінің синонимі ретінде қолданылып, тіл, дәстүр, дін және тарихи тәжірибе секілді мәдени қасиеттерді ортақтастыратын адамдар қауымдастығын білдіреді. «Халық» деген мағынаны білдіретін гректің «ethnos» сөзі жалпы мағынада адамдар шоғырларының бір-бірінен материалдық мәдениеті, тілі, діні, моральдық идеялары мен әлеуметтік институттарының ерекшеліктерін білдіреді [????, 4862-4865 бб. Smelser N.J., Baltes P.B. International Encyclopedia of the Social & Behavioral Sciences. - Elsevier, 2001. – 17500 p.]. Сонымен қатар, «этнос» термині этникалық шеңберден тыс терең мәдени және тарихи байланыстарды да білдіруі мүмкін. Бұл ортақ бірегейлік пен тиесілік сезімін қамтиды.
«Ұлттық бірегейлік» адамның белгілі бір ұлтқа қатыстылығын және сәйкестендіру сезімін білдіреді. Ұғым ортақ мәдени құндылықтар, тарих, рәміздер және дәстүрлерді қамтиды. Ұлттық бірегейлік болмыс арқылы шектеулі, маңызды құбылыстарды анықтайды. Болмыс азаматтық тұрғысынан алғанда тиістілікпен тығыз байланысты. Ұлттық бірегейліктің тағы бір аспектісі ретінде мәдени біртектілік, өз мәдениетіне, ұлтына және отандастарымен ортақ ата-тегіне деген мақтаныш сезімін атай аламыз. Өз ұлтын анықтауда ұлттық нанымдар мен құндылықтар маңызды болып табылады және бұл сенімдер мен құндылықтарды күнделікті тәжірибеге енгізеді [????, 171–172 бб. Bar-Tal D., Staub E. Patriotism in the lives of individuals and nations. - Chicago: Nelson-Hall Publishers, 1997. – 336 p.]. Ұлттық бірегейлікті тіл, тарихи мұралар, саяси құрылымдар және мәдени тәжірибелер секілді түрлі факторлар арқылы қалыптастыруға болады. Сонымен қатар, ұлттық бірегейлік жаһандану, көші-қон және әлеуметтік динамика өзгерістеріне байланысты уақыт өте келе дами алады.
«Этникалық бірегейлік» адамның белгілі бір этникалық топпен сәйкестендіруін білдіреді. Этникалық бірегейлікке жеке сезім, жалпы мәдени дәстүрлер және ортақ шығу тегі сезімі кіреді. Индивидтің жеке басы, этникалық топ мүшесі ретіндегі өзін-өзі сезінуін білдіретін этникалық бірегейлік динамикалық, көп өлшемді құрылым болып табылады. Этникалық бірегейлік уақыт өте келе мемлекеттің даму процесіне сәйкес өзгеріп отырады [????, 4821-4824 бб. Smelser N.J., Baltes P.B. International Encyclopedia of the Social & Behavioral Sciences. - Elsevier, 2001. – 17500 p.]. Этникалық бірегейлік көпқырлы құбылыс болғандықтан әр қоғамдағы жеке тиістілік этникалық топтардың құндылықтарын көрсетеді. Этникалық бірегейлікті қалыптастыру процесінің оңтайлы нәтижесі қоғам мүшелерінің этникалық ерекшеліктерін тұрақты және сенімді сезінуге қол жеткізумен байланысты. Осы тұста этникалық ерекшелік бірегейлік саясатында негізгі ұғым болып табылатындығын айтқымыз келеді.
Ұлт және этнос, ұлттық және этникалық бірегейліктің қоғамдық және әлеуметтік ғылымдардағы түсіндірмелерінің жан-жақтылығы көптеген мәселелерді айқындайды:

  1. өзгергіштік және гибридтілік – жаһандана түскен әлемде бірегейлік өзгермелі және гибридтілік қасиетін иеленеді, бұл дәстүрлі этникалық және ұлттық шекараларды анықтауды қиындатады;

  2. даулы сауалдар - ұлт пен этникалық тиістілік түсіндірмелері көпұлтты және күрделі тарихы бар аймақтарда кейбір таластар тудыруы мүмкін;

  3. саяси манипуляциялау - ұлттық және этникалық бірегейлік түрлі мақсаттарға жету жолындағы саяси мақсаттар үшін манипуляциялануы мүмкін, бұл қақтығыстарға, оқшаулануға әкеледі;

  4. ықпалдастық пен үндестік - көпмәдениетті қоғамда этникалық бірегейлікті сақтау мен ұлттық бірлікті ілгерілету арасындағы тепе-теңдік осал болуы ықтимал. Ассимиляция саясаты этникалық бірегейлікке әсер етуі мүмкін;

  5. көші-қон және диаспора - көші-қон этникалық және ұлттық бірегейліктің шекаралар арқылы таралуына, бірегейлігі дамып келе жатқан трансұлттық қауымдастықтар құруға әкелуі мүмкін;

  6. жаһандану - байланыстардың кеңеюі азаматтардың жаһандық мәдени элементтерді қалыптастыру жолына ықпал жасауы мүмкін;

  7. мәдени әралуандылық – әлемнің көптеген елдерінде бірнеше этникалық топтар бірге өмір сүреді, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар, бұл біртұтас ұлттық бірегейлікті түсінуді қиындатады;

  8. ұрпақтардың аумасуы - жас ұрпақ өздерінің этникалық және ұлттық ерекшеліктерін алдыңғы ұрпаққа қарағанда басқаша түсінуі және қайта анықтауы мүмкін;

  9. қиылысу - бірегейлік көпқырлы түсінік және саясат, дін, әлеуметтік-экономикалық мәртебе секілді т.б. факторлармен қиылысады, бұл ұғымды түсіндіруді қиындатады.

Қоғамдық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы «ұлт», «этнос», «ұлттық бірегейлік» және «этникалық бірегейлік» ұғымдарын түсіндіру өзіне тән күрделілігі, тарихи, мәдени, әлеуметтік және саяси факторлардың динамикалық өзара әрекеттесуіне байланысты мәселелерді тудырады. Аталмыш ұғымдар мемлекеттік құрылыс, саяси легитимдік, бірегейлік саясаты және халықаралық қатынастарға әсер ететіндіктен, бұл терминдерді дәл және контекстік тұрғыдан түсіну маңызды болып табылады. «Ұлт» және «этнос» ұғымдарының жалпы қабылданған анықтамаларының жоқтығы адамдар топтарын жіктеуде екіұштылыққа әкеледі. Ұлтқа немесе этникалық топқа қосудың шекаралары мен критерийлерін анықтау даулы болуы мүмкін. Мәселен, ортақ құндылықтар мен азаматтыққа негізделген ұлтшылдық пен мәдени және тектік байланыстарға негізделген этникалық ұлтшылдық арасындағы жалғасып келе жатқан пікірталас мемлекеттер өздерінің ұлттық болмысын анықтауы және ұлттың бір бөлігі болып саналатынына әсер етеді. Азшылық ұлттардың құқықтары мен ерекшеліктерін кеңірек ұлттық шеңберде теңестіру оңай шаруа емес. Ұлттық бірлікті сақтай отырып, түрлі бірегейлікті тану да күрделі мәселе болып табылады. Бірнеше этникалық топтары бар мемлекеттерге тең өкілдікті қамтамасыз ету, билікті бөлісу және тарихи наразылықтарды шешу қиынға соғатыны анық. Дегенмен, бұл ұлттық және этникалық бірегейлікті түсіндіруге ықпал жасайды. Жаһандық көші-қон ұлттық және этникалық бірегейліктің дәстүрлі түсінігіне қауіп төндіреді. Сонымен қатар, отаршылдық саясат этникалық және мәдени бірегейлікті елемейтіндіктен, ұлттық және этникалық бірегейлікке негізделген шиеленіс пен қақтығыстарға әкеледі.
Ұлт және этнос, ұлттық және этникалық бірегейлік категориялары барлық қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарда қарастырылады. Ұлт философия ғылымдарының классикалық мәселесі болып табылады. Ұлт ортақ тіл, мәдениет, территория, тарих және өзіндік сана-сезім алғы-шарттарын қалыптастыратын адамдар қауымдастығы. Өз кезегінде этнос деп мәдениет пен техниканың өзгеше белгілері, өзіндік сана-сезім мен өзін-өзін анықтау арқылы біріккен адамдар қауымдастығын айтамыз [???, 202 б. Omelaenko N. Concepts of ethnos and nation in scientific and theoretical studies // Advances in Economics, Business and Management Research. – 2018. – Vol. 47. - P. 202-207.]. Алғашында «этнос» ұғымы халық, тайпа, ру секілді бірнеше мағыналарды білдірген. XVIII ғасырдың аяғына дейін зерттеушілер «этнос» анықтамасын сирек пайдаланды. Аталмыш термин ғылыми әдебиеттерде «халық» мағынасында XIX ғасырда ғана қолданыла бастады. «Этнос» ұғымы «халық» түсінігінің ұлттар, ұлыстар, тайпалар сынды түрлі әлеуметтік топтарды білдіруімен байланысты енгізілді деп ойлаймыз.
Ұлттық және этникалық бірегейлік арасындағы қатынастардың дамуы көптеген ғалымдарды мазалайды. Ұлттық және этникалық бірегейліктің заманауи қоғамдағы рөліне тарихи талдау жүргізген В.В. Кочетков [???, 161 б. Кочетков В.В. Национальная и этническая идентичность в современном мире // Вестник Московского университета. Серия 18. Социология и политология. - 2012. - № 2. – С. 144-162.] үш сценарийді ұсынады: «1. Жаһандану дәуірінде ұлттық бірегейлік басым болып қала береді. Мемлекеттер саны 500-ден асатын елдерге қарағанда, мемлекеттерсіз әлемді елестету қиынырақ. Этникалық бірегейлік бағынышты рөл атқаратын болады. 2. Жаһандану әсерінен ұлттық бірегейлік мемлекетпен бірге жойылады. Оның орнын өркениеттік, отбасылық, космополиттік секілді бірегейліктер басады. Этникалық бірегейлік жаңа жаһандық әлемде жетекші рөлдердің бірін атқарады. Этникалық бірегейлік өзгермелі жаһандану әлемінде орнықтылық пен тұрақтылыққа кепілдік береді. 3. Ұлттық және этникалық бірегейлік бір-бірін толықтырып, жаңа әлемде бейбіт қатар өмір сүретін болады. Осы үйлесімді нұсқаны жүзеге асыру үшін мемлекеттердің жан-жақты ойластырылған ұлттық саясаты қажет болады». Осы сипатталған үш сценарий ұлттық және этникалық бірегейліктің жаһандану жағдайындағы мынадай перспективаларды анықтап отыр деп ойлаймыз:

  1. Ұлттық бірегейлік үстемдігі. Ұлттық мемлекет жүйесі ұйымның негізгі бірлігі болып қала береді және адамдар ең алдымен өз ұлттарымен бірегейленеді. Мұндағы идея ұлттық мемлекет жаһандану сын-қатерлеріне қарамастан төтеп беретін тұрақты және төзімді институт болып табылады. Ұлттық бірегейлікпен салыстырғанда этникалық бірегейліктің екінші рөл атқаруы басты назардың ұлттың саяси және мәдени аспектілеріне аударылуымен байланысты.

  2. Ұлттық бірегейліктің жойылуы. Бұл сценарийге сәйкес жаһандану күштерінің әсерінен ұлттық мемлекетпен бірге ұлттық бірегейліктің маңыздылығы төмендейді. Оның орнына өркениеттік, космополиттік сияқты жаңа бірегейлік пайда болады. Осы тұрғыдан алғанда, этникалық бірегейлік барған сайын жаһанданған және өзара байланысты әлемде тұрақтылық пен сабақтастықтың көзі ретінде маңыздырақ болуы керек.

  3. Ұлттық және этникалық бірегейліктің қатар өмір сүруі. Бұл сценарий ұлттық және этникалық бірегейлік үйлесімді өмір сүретін әлемді таниды. Ұлттық және этникалық бірегейлік бірін-бірі жоққа шығармай, керісінше толықтырушы және байытушы ретінде қарастырылады. Бұл үйлесімділікке қол жеткізу мемлекеттерден түрлі этностарды басқару мен ынталандыруға бағытталған, жобаланған ұлттық саясатты талап етеді.

Саяси ғылымдардағы ұлт және этнос, ұлттық және этникалық бірегейлікті түсіндіруді зерттеудің бай және күрделі тарихы бар. Саясаттанушылар бұл ұғымдарды түрлі теориялық тұрғыда, тарихи және мәдени контексттерде зерттеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет