Реферат есеп б., дереккөз, қосымша



бет8/8
Дата28.11.2023
өлшемі0,79 Mb.
#131152
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Этникалық бірегейлену

ҚОРЫТЫНДЫ

Зерттеу нәтижесінде жаңа нәтижелер алынып, қорытындылар жасалды. Ұлт және этнос, ұлттық және этникалық бірегейліктің сипаттамалық белгілерін зерттеудің заманауи тәсілдері алғаш рет жан-жақты зерттелді. Қазіргі әлемдегі ұлт және этнос, ұлттық және этникалық бірегейліктің сипаттамалық белгілерін түсіндіретін шетелдік теорияларға талдау жасалды. Ұлт және этнос, ұлттық және этникалық бірегейліктің қоғамдық және әлеуметтік ғылымдарға қатысты тұжырымдамалардың бірнеше ықпалды түсіндірмелеріне шолу жасадық. Біз ұсынылған тұжырымдардың қате екендігін емес, түсіндірмелердің дұрыс екеніне сенуге әлі негіз жоқ екенін атап өткіміз келеді.


Жаһандану дәуіріндегі ұлт және этнос, ұлттық және этникалық бірегейліктің болашағы негізінен түрлі факторлар, саяси шешімдер, экономикалық үрдістер, әлеуметтік динамика және мәдени өзгерістерге байланысты екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар, ұғымдар жөніндегі іс жүзіндегі түсіндірмелер эволюциясы барлық елдерде бірдей емес және осы түсініктер арасында айтарлықтай өзгерістер болуы мүмкін. Нәтижелер мемлекеттер мен қоғамның жаһандану ұсынатын қиындықтар мен мүмкіндіктерге бейімделу қабілетіне байланысты. Іс жүзінде көптеген елдер әлеуметтік бірігу және жаһандық байланыс мәселелерін шешу кезінде түрлі бірегейлікті басқару қиындықтарына тап болады. Толеранттылық, мәдениетті сақтау және әртүрлілікті құрметтеуге ықпал ететін саясат жаһанданған әлемдегі түрлі бірегейліктің бейбіт қатар өмір сүруіне жәрдемдесуде маңызды болып табылады.
Этникалық бірегейленуді зерттеу және оны талдау түрлі көзқарастар мен тәсілдерді қамтитын пәнаралық сала болып табылады. Талданған ғылыми жұмыстарда этникалық бірегейлену бойынша аспектілердің түрлі факторлармен байланысы айқындалды. Зерттеулер зорлық-зомбылық, әлеуметтік-экономикалық ахуал, тіл, саяси бәсекелестік, қалалық көші-қон, бұқаралық ақпарат құралдары және тарихи тәжірибенің этникалық бірегейленуге ықпалын көрсетеді.
Түрлі контекстте жүргізілген зерттеулер этникалық бірегейленуді қалыптастыратын күрделі динамика мен факторларды түсінуімізге ықпал жасады. Бұл тұжырымдар мен идеялар этникалық бірегейленудің әлеуметтік бірлік, саяси қатысу және ұлттық құрылысқа әсерін талдауда тарихи, әлеуметтік, экономикалық және саяси факторларды ескерудің маңыздылығын көрсетеді.
Берілген міндеттерді шешудің толықтығын бағалау. Зерттеудің бірінші кезеңінде қойылған барлық міндеттер күнтізбелік жоспар (??№ қосымшасы) және гранттық қаржыландыру туралы келісімге (????? қосымшасы) сәйкес орындалды. Есепті кезеңде этникалық бірегейленуді зерттеуге қолданылатын заманауи теорияларға талдау жүргізіліп, кросс-мәдени және аксиологиялық зерттеу әдістемесі анықталды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1

ҚОСЫМША А




Жарияланған мақалалар тізімі



  1. Зейнуллин Р, Ғабитов Т. Ноғай түркілерінің этномәдениеті және батыс қыпшақтардың көшпелі мұрасы // ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және мәдениеттану сериясы. – 2023. - №3 (84). - ??-?? б. дой

  2. Паридинова Б.Ж., Әбікенов Ж.О. Жaһaндaну шарттарында туындаған өзгeрістер динaмикacындағы дәстүрлі және инновациялық құндылықтар // ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және мәдениеттану сериясы. – 2023. - №3 (84). - ??-?? б. дой




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет