Реферат Физиология пәні Тақырыбы «Жоғары жүйке әрекетінің типтері әртүрлі оқушылармен жұмыс істеу»


III.Жоғарғы нерв әрекетінің типтері



бет4/7
Дата13.10.2024
өлшемі49,79 Kb.
#147972
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Реферат Физиология п ні Та ырыбы «Жо ары ж йке рекетіні типтер

III.Жоғарғы нерв әрекетінің типтері
Мінез-құлықты анықтайтын нерв процестерінің негізгі қасиеттері. Павлов жануарлардың мінез-құлқын. темпераменттерін анықтайтын нерв процестерінің 3 негізгі қасиеттерін айырады.
1. Қыртыс клеткаларының жұмыс қабілетінің шегін сипаттайтын қозу және тежелу процестерінің күші. Бұл қасиет оң және теріс шартты рефлекстер жасауға болатын тітіркендірудің ең жоғарғы күшімен анықталады. Кейбір жануарларда шартты рефлекстер әлсіз тітіркендіргіштерге де, күшті тітіркендіргіштерге де оңай жасалады, ал 2-ші біреулерде күшті тітіркендіргіштер әсерінен, керісінше, шектен тыс тежелу дамиды. Оларда шартты рефлекстер тек әлсіз және орта куші бар тітіркендіргіштерге ғана жасалады.
2. Қозу және тежелу процестерінің бір-біріне қатнасы, не болмаса олардың теңдігі. Егер қозу процесі тежелуден басым болса, онда оң шартты рефлекстерді алу оңай болады да, ал дифференцировқа жасау қиындайды. Егер қозу тежелуге қарағанда әлсіздеу болса, ондай жануарларда күшті тітіркендіргіштер жалпы қыртыс тежелуін тудырады.
3. Қозу және тежелу процестерінің жылжығыштығы, яғни олардың бірін-бірі ауыстыру жылдамдығы. Кей жануарларда туған қозу не тежелу тұрақты болады, олар қарама-қарсы процеске жәй ауысады. Оң рефлексті теріс рефлекске және керісінше, теріс рефлексті оңға айналдыру қиындықпен болады. Басқа нттерде керісінше, мұндай ауыстыру, қайта жасау процестері оңай жүреді.
Типтер жіктелуі. Жоғарғы нерв әрекетінің индивидуальдық ерекшеліктері түрліше болады, себебі олардың нерв процестерінің күші, балансы және жылжығыштығы әр түрлі болып келеді. Павлов осылардың ішінен ең негізгі 4 типті бөледі — бірі әлсіз, қалған үшеуі күшті. Қыртыс клеткаларындағы қозу және тежелу процестерінін күші жеткілікті Павлов ұстамсыз және байсалды (ұстамды) деп, ал байсалдылардың өзін ширақ және инертті деп бөледі. Павлов, ең соңында жоғары нерв әрекетінің мынадай типтерін айырады: 1. әлсіз; 2. ұстамсыз; 3. ширақ; 4. салмақты немесе инертті.
Әлсіз типке жататындардың үлкен жарты шарлар қыртысы нерв клеткаларының физиологиялық лабильдығы төмен болады, осыған байланысты миға келетін импульстер әсерінен ол клеткалар оңай тежелу қалпына келеді. Соңғы жағдай нерв клеткаларының- жұмыс жасау мүмкіндігінің төмендігін алдын-ала көрсетеді. Ұстамсыз типке жататындарда қозу мен тежелу процестерінің күші жеткілікті болады және қозу тежелуден басым келеді. Қыртыс клеткаларының қозуының күші жоғары болып, ол қыртыста оңай иррадиациялана алады, бұл қозу және тежелу процестерінің қалыпты қатынасын бұзады. Ширақ типке жататындарда да қозу мен тежелудің күші жеткілікті әрі шамалас және бұл екі процесс бір-біріне оңай ауысады. Бұл типке жататын жануарлар жаңа ортаға тез бейімделіп кетеді және әрбір жаңа тітіркендіргіштерге тез назар аударады, тез танысады. Біркелкі өзгермеген жағдайда оңай ұйқтап қалады. Инертті (салмақты) тип өкілдерінде де нерв процестерінің жеткілікті күші бар, бірақ олардың бір-біріне ауысуы жай жүреді яғни нерв процесінде тоқырарыштық сипат байқалады. Қыртыс клеткасында туған қозу не тежелу біраз уақытқа дейін иррадиацияланбай, сол туған орнында қалып қоюы мүмкін. Мұндай типке жататын жануарлар сыртқы тітіркендіргіштерге әлсіз жауап береді, тұйық келеді. Нерв орталығы белгілі бір рефлекстердің жүзеге асуына қажетті және ағзадағы белгілі бір қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын нейрондардың шоғыры болып табылады. Орталық нерв жүйесінде қозу өтудің ерекшіліктері нерв орталықтарын құрайтын нейондар арасыдағы синапстар қасиеттерімен тікелей байланысты.
Нерв орталықтарының негізгі қасиеттері.

  1. Қозуды біржақты өткізу.

Орталық нерв жүйесінде қозу тек бір жақты, рецепторлық нейроннан эффекторлық нейронға қарай өткізіледі. Бұл қасиет орталық нерв жүйесіндегі нерв орталықтарында көптеген синапстық байланыстың болуына байланысты. Синапстарда қозу тек бір жақты ғана беріледі. Пресинапстық мембранадан бөлінетін медиатор постсинапстық мембранаға әсер етеді.

  1. Нерв орталықтары арқылы қозудың кешеуілдеп өтуі.

Бұл қасиетте синапстардың санына байланысты. Себебі, рефлекторлық доға жүйесінде қозу орталық нерв жүйесінің синапстары арқылы кідіріп өткізіледі. Нақты өлшеу жүргізгенде бір синапстағы кідіру 0,5 мсек болатындығы анықталған.Соған байланысты рефлекстің орталық уақыты қондырма нейрондардың санына тәуелді болады.

  1. Нерв орталықтарында қозудың жинақталу құбылысы.

Жинақталу құбылысын нерв орталықтарының қасиеті ретінде алғаш байқап сипаттаған И.М.Сеченов (1863) болды. Бұл қасиет нерв орталықтарының бірінен кейін бірі әсер еткен табалдырық асты күшіндегі тітіркендіргіштерді ұштастырудан туындаған өзгерістерді (єлсіз ќозуларды) жинақтауынан жауап реакцияны алуымыздан кµрінеді. Жиынтықталудың екі түрін айырады: жүйелі, бірізді (уақыттық) және кеңістік. Уақыттық жиынтықталу – нерв орталығына бір афференттік нерв талшығы арқылы қысқа интервалмен бірінен соң бірі келетін қозулар арасындағы өзара әрекеттесуден көрінеді. Кеңістік жиынтықталуды алу үшін бір рецептивтік алаңдағы екі немесе бірнеше рецепторлар бір мезгілде тітіркендіріледі. Сонда, бір ѓана рецептор бір рет тітіркенгенде тумайтын рефлекторлыќ акт байќалады.

  1. Қозу ырғағының трансформациясы.

Нерв орталықтары өздеріне келген импульстер ырғағын өзгерте алады, трансформациялайды. Сол себептен де нерв орталығының жұмыс органына жіберетін эфференттік импульстері белгілі шамада тітіркендіру сипатынан басқаша бола алады. Афференттік нервке түскен бір стимулға жауап ретінде нерв орталығы жұмыс органына қозу импульстарының тобын жібереді. Нерв орталықтарынан шеткі жұмыс органдарына секундына 50-200 нерв импульстары түседі.
5) Әрекет соңы. Бұл қасиет жауап реакциясының ұзақтығы тітіркендіру ұзақтығынан артық бола алуында. Неғұрлым тітіркендіру күші жоғары болса және оның әсер ететін уақыты көп болса, соғұрлым әрекет соңы да ұзаққа созылады.
6) Нерв орталықтарының шаршауы. Нерв талшықтарына қарағанда нерв орталықтары жеңіл және тез шаршайды. Сондықтан да афферентік нерв талшықтарын ұзақ тітіркендіруден бастапқы кезде рефлекторлық акт біртіндеп әлсірей келе, ақырында тіпті тоқтайды.
Н.И. Веденский орталыққа тепкіш нейронды тітіркендіргенде рефлекторлық жауаптың 10-40 сек. кейін жоғалғанын байқаған. Одан кейін ол тітіркендіруді орталықтан тепкіш нервке көшіріп, рефлекстің қайта пайда болатынын байқаған. Бұл бақылау шаршаудың орталық нерв жүйесінде туындайтынын дәлелдейді.
7). Конвергенция, окклюзия және жеңілдену құбылыстары. Орталық нерв жүйесіндегі бір нейронда әр түрлі жолдармен жүретін импульстар тоғыса алады. Осыны конвергенция құбылысы деп атайды. Әр түрлі талшықтардағы импульстердің бір нейронда тоғысу кезінде олардың әлсіреуі де (окклюзия), кушеюі де (жеңілдену) мүмкін. Окклюзия кезінде, мысалы, екі афференттік талшық арқылы бір мезгілде нерв орталығындағы бір немесе бірнеше нейрондарға жететін импульстер тудыратын эффект сол афференттік талшықтарды жеке-жеке тітіркендіргенде туатын эффектілердің қосындысынан аз болады. Жеңілдену – бұған кері құбылыс. Әр түрлі нерв жолдары арқылы импульстер 2 не 3 нейронға бір мезгілде жеткенде пайда болатын эффектілердің қосындысынан артық болады.
8). Оттегі жетіспеушілігіне жоғары сезгіштік. Адам миы әр минут сайын шамамен 40-50 мл, оттегін сініреді. Бұл тыныштық күйдегі бүкіл организм пайдаланатын оттегінің 6/1-1/8-і. Оттегіне қажеттіліктің осынша жоғарылығынан оның жетіспеушілігін де нерв жасушалары тез сезеді.
9). Химиялық заттардың орталық нерв жүйесіне спецификалық әсер ететіндігі. Нерв клеткалары мен синапстар әр түрлі химиялық заттар әсерін таңдап сезе алады.
10). Нерв орталықтарының тонусы. Орталық нерв жүйесінде биоэлектрлік құбылыстарды зерттеуден мынадай ерекшілік анықталды: тыныштық күйде болғанның өзінде нерв орталықтарынан, ондағы нейрондардан ылғи да белгілі жиіліктегі нерв импульстері шығып шеткі органдарға қарай бағытталып отырады. Сондықтан да олардың тұрақты тонусы (қозу күйі) болады деп есептейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет