Реферат «Құқықтың құқықтық әдеттен құқықтық заңға эволюциясы және дамуы»


Әдебиеттер, монографиялар мен өзге де еңбектердің аталмыш мәселеге қатысты көзқарастарын талдай отырып, төмендегідей қорытынды жасауға



бет7/10
Дата19.03.2023
өлшемі55,25 Kb.
#75440
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
СӨЖ №1 реферат

Әдебиеттер, монографиялар мен өзге де еңбектердің аталмыш мәселеге қатысты көзқарастарын талдай отырып, төмендегідей қорытынды жасауға болады:

  1. Ислам әлемдік ең ірі үш діннің бірі бола отырып, басқаларынан
    (христиан, будда діндері) өзінің толық мемлекеттік және құқықтық сипатымен
    ерекшеленеді. Мұны әлем елдерінің бірқатарында исламның мемлекеттік дін
    ретінде танылуынын көруге болады.

  2. Мұсылман құқығы - бұл, өзінің қайнар көздерімен (Құран, Сунна, иджма,
    қияс және т.б.) алғанда, аякталған құқыктық жүйе. Мұны қазіргі мұсылман
    елдері құқығының мұсылман классикалық құқығымен сәйкесумен; онын осы
    уақыттағы жаңа заман талаптарымен қатар өмір сүре алып, оған жауап бере
    алуымен түсіндіруге болады.

  3. Мұсылман құқығын зерттеу барысында оның ислам дінінің
    идеологиясынан және тарихи тәжірибедегі нәтижиелерінен бөліп алып, тек "
    еуроцентристгк", "ислам фундаментализмі", "ислам фанатизмі", "еуропалық
    гуманизм" көзқарастарында қарастыруға болмайды. Бұл мәселені әр ел
    халқының менталитеті және қоғамдық құқықтық санасы негізін ұстана отырып
    қарастыру қажет. Өйткені, қай жүйеге қатысты болмасын "әділ" немесе
    "әділетсіз" категорияларының түсінілуі сол жүйенің қолданылуы тараған
    адамдардың өз түсініктері мен байланысты екені сөзсіз. Сондықған, аталмыш
    мәселені зерттеуде ұлттық құқықтық психологияны және идеологияны
    ескерген жөн.

Әлемдегі ең ірі үш дінің бірі болып табылатын ислам өзінің пайда болу уақытынан бастап, оның мемлекеттік және құқықтық негіздерін зерттеу жұмыстары әлі күнге дейін толастаған жоқ. Ислам діні әртүрлі қалыпта әлемнің көптеген мемлекеттерінде өмір сүріп жатыр. Бұл бүтіндей бір өркениет, ірі мемлекеттер жиынтығы. Сонымен бірге, ислам және онымен байланысты құқық қазіргі уақытқа дейін он төрт ғасырдан астам тіршілік етіп келеді. Мұның барлығы ғылыми жұмысшылырмен тиянақты зерттеу жүргізіп, жоғарғы оқу орындарында заң аясында білім алатын тәлімгерлермен оқып үйренуді талап етеді.
Ислам діні мен мұсылман құқығы кеп жағдайларда бір-біріне өте ұқсас келеді. Өйткені ислам діні мұсылман адамның барлық өміріндегі мінез-құлық, жүріс-тұрысын реттейтін нұсқаулар жиынтығын құрайды.
Мұсылман құқығын көбінесе «шариғат» терминімен атайды. Мемлекет пен шариғаттың Араб жарты аралында пайда болу тарихы ислам дінінің негізін қалаушыларының Меккенің жаулап алуымен байланысты. Мұхаммед (ғ.с.) бедуиндермен келісімге келіп, сол уақыт өлшемдерімен он мың адамнан тұратын ірі армияны құра білді. Меккені бағындырғаннан кейін Мұхаммед (ғ.с.) Аллаһтың елшісі және Араб елінің басшысы ретінде жарияланды. Бұл әрекет Арабия мемлекеттігінін құрылу процессін аяқтап, ең бірінші рет мұсылман мемлекетін - халифатты құруға алып келді. Халифатта Мұхаммед (ғ.с.) Аллаһтың сөзін (уахи) жеткізуші елшісі және жаңа дін -исламның негізін салушы ретінде рөл атқарды. Пайғамбардың айтқан, стеген нәрселері туралы жайттар, ол қайтыс болғаннан кейін жинақталып, жазылып Құраннан кейінгі мүсылман кұқығының екінші қайнар көзіне — Суннаға айналды. Бұлар бізге хадистер деген атаумен белгілі.
Қазіргі кезенде мұсылман құкығы белгілі бір көлемде көптеген мұсылман елдерінде әрекет етеді, сонымен қатар ислам дінін ұстанушылар қатары жыл сайын көбеюде. Осы уақытта мұсылман саны планетамызда 1 млрд. адамға жуық деп есептеледі. Олар әлемніц 50-ден астам мемлекеттерінің тұрғындарының көбісін не елеулі бөлігін қүрайды. Бірқатар елдер исламды мемлекеттік дін ретінде таныған, өз атауларыңда "Ислам республикасы" деген сөзді қолданатын мемлекеттер де бар. Мысалы, Иран Ислам республикасы, Пакистан Ислам республикасы, Иордания Хашимит корольдығы және т.б. Мұндағы модернизацияға ұмтылу ислам мен шариғаттың дәстүрлі билігінің әлсіреуін көрсетпейді. Керісінше, барлық ислам мемлекеттері өздерінің ңегізгі заңдарында шариғатты негізгі кайнар қөз ретінде таниды. Тіптен, кейбір елдер 70 -жылдардың екінші жартысында өздерінің таза ислам қағидаларын ұстану ниеттерін ашық көрсеткен болатын. Олар тәжірибеге ұрлық үшін қолды шабу, зинақорлық үшін өлім жазасын қолдану, дүре соғу, әйелдерді саяси құқықтарынаң айыру сияқты қатаң ережелерді қолдануды қайта енгізді. Бұл құбылыс көптеген "еуропа гуманизмін" жақтаушылар үшін жағымсыз құбылыс ретінде қарастырылып, олардың қарсылығын тудырса да,' дұрыс көзқарас пен терең түсініп, зерттеуді қажет ететін нәрсе. Өйткені жазалардың шариғат үкіміне сай қаталдануы қазіргі статистика көрсетіп отырғандай, оң нәтижеяер бергендігі ақиқат екендігін мойындау керек. Мысалы, еуропа елдеріндегі құқық бұзушылықтар соны Араб елдерімен салыстырғанда көп жоғары.
Шариғат сөзі араб тілінің "шариа", яғни, мақсатқа жетудің дұрыс жолы деген мағыналы сөзінен шығады. Шариғатпен адамдардың Аллаһка қатысты сыртқы қатынастары реттеледі, ал бұлар ғибадат, яғни Аллаһка құлшылық ережелерімен бекітілген. Ал, адамдардың бір-бірімен қатынасы жеке, яғни, адамзаттың құқықпен (муамалат) реттеледі. Осы көрсетілген ережелерді бұзған жағдайда қолданылатын жазаңы анықтайтын қылмыстық құқық (укубат) қолданылады. Исламның қылмыстық құқығы ислам құқығындағы қылмыс пен жаза концепциясын анықтап, адамгершілік бастауларының рөлін ерекше атап көрсетеді. Мұның сыртында, қылмыстар екі категорияға бөлінген: жазасы шариғатпен бекітілген қылмыстар және жазасын шариғат бекітпеген қылмыстар. Шариғаттың укубат бөлімінде (қылмыстық кұқық) көзделетін негізгі мәселе, бұл -адам өмірін, оның ар -намысын, беделін, интелектуалдық бостандығын және меншігін қорғауды қамтамасыз ету.
Мұсылмандық құқық мемлекеттің даму тарихымен бір қатар шығыс елдердің құқына терең әсер еткен әлеуметтік көрініс. Ислам әлемінің көптеген елдері мен барлық континенттеріндегі іс жүзінде өзінің табынушылары бар әлемдік үш діннің бірі бола отырып (будда және христиан діндерімен бірге), мемлекет және құқықпен жақын тоғысады. Бұл жерде байланыстырушы құбылыс ретінде халықаралық саясатқа ықпал ететін мұсылмандық құқық пен исламдық құқықтық идеологияны көрсетуге болады. Мұсылмандық құқық ислам дінінің мемлекеттік сипатын анықтай отырып, әмбебеп саяси -құқықтық доктрина ретіндегі нормалар жүйесін білдіреді. Мұсылмандық құқық Арабия жарты аралында ерте феодалдық мемлекеттердің қалыптасуы және рулық тайпалар ауыз біршілігі азайған кезеңнен пайда болды. Ислам ережелері сол кездегі құқықтық нормалар жұйесіне бірден ене қойған жоқ.
Мұсылмандық қауым мен исламның дамуының алғашқы кезеңінде мемлекеттің қалыптасу процессі таптық қоғам құрылуының аяқгалмағандығы мен құқықтық және басқада тәртіп ережелерінің арасында іс жүзінде айырмашылықтардың жоқгығымен сипатталады. Сонымен қатар, осы уақытта Мұсылмандық идеологияның жеке бағьптарын құрмай тұрып, құқықтану және құдайға құлшылық ету болып табылатын ислам догматикасы бір-бірімен тығыз байланыста болды. Бұл жағдай X -ғасырдың ортасында өзгердц осы кезде ғана мұсылмандық догматикй құқықханудан бөлініп әртүрлі мектептер (масхабтар) қалыптасты. I мыңжылдыктың соңына қарай феодалдық мұсылмандық мемлекеттің қалыптасу процессі негізінен, аяқталды. Сол кезде мемлекетпен қорғалатын, феодалдық теократиялық қоғамның үстінен билік жүргізу еркін көрсететін, тәртіптік заңдық ережелер жүйесі ретіндегі мұсылмандық құқықгың қалыптасуы жүзеге асты. Мұсылмандық құқықгың басқа әлемдік құқық жүйелеріне (англо-саксондық, романо-германдық) қарағанда негізгі бір ерекшелігі оның қалыптасуы кезінде мемлекет ролінің негізі болып табылады. Мемлекет өзінің құқық шығармашылық рөлін жанама түрде ғана атқара алады, яғни мұсылмандық құқықтық ережелерді түсіндіріп толықгыратын масхаб шешімдерін санкциялау жолымен мұсылмандық құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде докгриналар (заңдық тұрғыдағы) табылады. Сонымен қатар, мемлекет соттарды тағайындап, дін ілімдері негізінде нақты істерді шешу міндеттемелерін шеше отырып, олардың шешімдерін арнайы түрде санкциялаумен де айналысады. Осы жағдайда мұсылмандардың қасиетті кітабы саналатын Құранды мұсылмандық құқықтың жалпы идеологиялық негізі ретінде қарастыруға болады.
Құранның сүрелерінің аяттарында құқықтық ережелер аз орын алады
осыған байланысты мұсылман құқығы соңғы пайғамбар саналатын Хазіреті
Мұстафа Мұхаммедтің істеген істері, айтқандары және қоштағандарына, яғни
Суннаға сүйенеді. .
Әрине, жоғарыда аталған мұсылман кұқығының қайнар көздері нақты құқықтық қатынастарды реттеуге жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан да, аталмыш жағдайларда мұсылман құқығын аяқталып, жетілген құқықтық жүйе ретінде сипаттайтын (мұсылман қауымының бір нәрсе бойынша ортақ шешімге келуі) және қияс (ережелерді ұқсастығы бойынша қолдану) қолданылады, Мұсынман құқығы дәстүрлі Еуропалыққа қарағанда қайнар көздері жағынан өзгеше. Олар екі топқа бөлінеді: 1) Негізгі (Құран мен Сунна); 2) Қосымша (адилля иттихад). Соңғылары негізінен қолданбалы сипатқа ие. Құран (араб.- жатқа оқу)-Негізгі Қасиетті Кітап. Онда 30 пара (джуз), 114 сура, 6204 тен 6236 дейін (әртүрлі санақ бойынша) аят, 77934 сөзден тұрады. Суралар түскен жеріне байланысты меккелік және мәдинелік болып бөлінеді.
Құранның 500 аяты діни, азаматтық және қылмыстық істер бойынша нұсқаулардан тұрады. Әсіресе 2,4,5 суралар. Құранды бірыңғай түсіну үшін тәпсір (тәржіме) дәстүрі қолданылады.
Сунна - Мұхаммедтің әрекеттерінен (фиғл), айтқандарынан (коул) және қоштағандарынан (тахрир) тұратын хадистер жинағы. Шииттерде хабар (ахбар) ретінде бекітілген.
Қосымша қайнар көздері иджтихад деп атайды. Ол үшке белінеді: 1) иджтихад фил шариғат - жана Сот қаулысы үшін шешім шығару; 2) иджтихад фил мадхаб - заңдық сипаттағы шещім қабылдау; 3) идждихад фил массил — ерекше жағдайларда шешім шығару.
Иджма (консенсус, келісім) негізгі және қосымша қайнар көздер арасындағы орынды алады.
Қияс (ұқсастыгына байланысты талқылау) ерте ислам кезінде пайда болған.
Ол дәстүршілдер (ахль аль-хадис) мен тиімді, логикалық түсінікгі жақтаушылар
(ахль аць-рай) арасында таластар туғанда шыққан. Кейбір мұсылман мектептері
(мысалы, захири) қиясты танымайды.
Мұсылман құқығының қайнар көздеріне шариғат пен фикһ жатады. Екеуі
ұқсас болғанымен, бөлек ұғымдар. Шариғат адамның Аллаһқа, адамдарға,
жазаларға қатысты сыртқы қатынастарын реттейді. Осыған сәйкес, ғибадат,
муамалят, укубат болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет