Құқықтық жүйеге топтастыруда мынадай өлшемдер пайдалынылады: идеологиялық, оған дін, философия, экономика және әлеуметтік құрылымдар кіреді.
заңды техника, оның негізіне құқықтың қайнар көздері жатады.
Осы өлшемдер арқылы құқық жүйесінің түрлерін анықтаймыз: романо-германдық, англо-саксондық, социалистік, діни және дәстүрлік.
Буржуазиялық революциялардын жеңіске жетуі жаңа құқықтық (буржуазиялық) жүйелердің қалыптасуына алып келді, бұл жүйе жаңа экономикалық қатынастарды реттеуге бағытталған болатын. Буржуазиялық қоғамда ерекше орынды шарт иеленеді. Кәсіпкерлер арасындағы, кәсіпкерлер мен жүмысшылар және т.б. арасындагы қатынастар шарттың мегізде қалыптасады. Кез-келген шартты бекітудің алғышарттары болып жеке бас бостандығы бар тұлғалардың заңды түрдегі теңдігі мен жалпы құқық-қабілеттілік табылады. Заңды тендік қағидасымен заңдылық қағидасы тығыз-байланысты, бұл қағида бірдей құқықтар мен міндеттерді, және заң алдындагы бірдей жауапкершілікті білдіреді. Осы ережелердің барлығы буржуазиялық құқыққа жалпы мағына берген.
Сонымен қатар, буржуазиялық құқықтың шегінде екі негізгі құқық жүйелері байқалады: континенталдық және ағылшын-саксондық. Құқықтың континенталдык жүйесі француздық және германдық құқықгың әсерімен қалыптасты, ал бұл құқықтарға, өз кезегінде, рим құқығы ерекше әсер етті. Құқықтың континенталдық жүйесі құқықты жеке және жариялық деп бөледі.
Жеке құқық, жеке тұлғалардың мүдделерін мемлекеттің де, жекелеген азаматтардың да қол сұғуынан қорғайды. Жеке құқыққа азаматтық, басылық және сауда құқықтары жатады. Жариялық құқық билік пен басқару органдарының ұйымдастырылу және қызмет ету тәртібін анықтайды және жалпы қоғаммен мемлекеттің мүдделерін кез келген қол сұқушынықтардан. Жариялық құқыққа мыналар жатады: конституциялық, халықаралық, әкімшілік, кылмыстық, іс жүргізушілік құқықтар. Құқықгың континенталдык жүйесі құқықты материалдық және процессуалдық деп бөледі. Құқықтың негізгі қайнар көзі болып заң табылады, ол жүріс-тұрыстың жалпы ережелері мен құқтық қағидаларды орнықтырады. Сот норма шығару қызметімен айналыспайды.
Құқықтық жүйе - бұл құқықтың құқықтық идеологиямен және сот тәжірибесімен бір тұғастықта қарастырылуы. Осы үш элемент, заңдар мен басқа да мемлекетпен танылған қайнар көздерден көрініс тапқан жалпыға міндетті нормалар жүйесі ретіндегі құқық, құқықтық сананың белсенді жағы -құқықтық идеология және сот тәжірибесі құқықтық жүйені құрайды.
«Құқықтық жүйе» түсінігінің белгілі бір мемлекеттегі құқыққа сипаттама берудегі маңызы зор. Бұл жағдайда ұлттық Құқықтық жүйе жөнінде сөз болып отыр. Құқықтық жүйенін құқықпен қатар қай элементінің - не сот тәжірибесіңің, не құқықтық идеологияның - ерекше рөлге ие болуына, сол мемлекеттегі барлық құқықтық құбылыстар тәуелді болып келеді.