Реферат «Құқықтың құқықтық әдеттен құқықтық заңға эволюциясы және дамуы»


Позитивтік құқық ролінің жоғарылауы заңшығарушылық актілердің



бет5/10
Дата19.03.2023
өлшемі55,25 Kb.
#75440
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
СӨЖ №1 реферат

Позитивтік құқық ролінің жоғарылауы заңшығарушылық актілердің жиналуына, яғни оларды жүйелендіруді, кодификациялауды қажет етеді. Кодификация заң шығарушылықты ретке келтіріп, норативтік құқықтық орханизмдерден құтылады.Ол дәстүрлердің көптігін құқықтың бөлшектенуін, теория мен практиканың арасындағы аралықты жеңеді. Кодификация романо-германдық құқықтық жүйенің тұтас құбылыс ретінде қалыптастыру процесінің аяқталуын бейнелейді. Европалық континеттердің көптеген мемлекеттерінде әрекет етуші заңшығарушылық актілерді жүйелендірудің нәтижесінде, кодекстер қабылданды. Францияда (1804 ж), Германияда (1896ж), Швейцарияда (1881-1907 ж.ж.) және басқа мемелекеттерде алғаш рет азаматтық кодестері қабылданды. Одан кейін қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және басқа да ұқсас актілер қабылданды. Қазіргі уақытта кодекстер басқа да нормативтік құқықтық актілермен қоса жай заңдар қоғамдық өмірдің барлық манызды өрістерін реттей отырып, романо-германдық құқықтық отбасының жетекші қайнар көздері ретінде белгілі. Әрине мұнда нормативтік құқықтық актілердің пирамидасының шыңында тұрған шексіз басшылық ететін конститутция және конститутциялық заңдар жөнінде айтылмайды.Басқа да кайнар көздердің ішінен маңызды бірақ анықталмаған ролге көптеген заңға бағынышты актілер, дәстүрлер және құқықтық доктриналарды айтуға болады.
Романо-германдық құқық жүйесінің қалыптасуына Рим құқығының ықпалы зор болды. Бұл Европа континентіндегі нормативті-заң жүйесін құрайды.
Бұл құқықтық жүйеге Италия, Франция, Германия, Португалия, Испания, Швеция, Дания, Латын Америкасының көптеген мемлекеттері, Таяу Шығыс елдерінің заңдары жатады. Романо-германдық құқықтық жүйенің кейбір ерекшеліктері Жапония, Индонезия т.б. елдердің заңдарында көрініс табады.
Бұл құқықтық жүйенің мынадай ерекшеліктерін атап өтуімізге болады:

  1. Барлық романо-германдық жүйеге жататын елдердің, өздеріне тән жазба конституциялары бар.

  2. Бұл мемлекеттерде кәдімгі заңдарының үш түрі өмір сүруде: кодекстер, арнаулы заңдар (ағымдағы заңдар) және норма жазбаларының жинағы.

  3. Құқықтық деректемелердің арасында маңызды ролді заң негізіндегі актілер алады: регламенттер, әкімшілік, бұйрықтар, министрлік декреттер т.б.

  4. Сот прецеденті құқықтың қайнар көзі ретінде қарастырылмайды. Бұл жүйе бойынша сот құқықтық шығармашылық орган болып саналмайды, ал судьялар заң шығарушы болып есептелмейді. Судьялар іс жүргізу процесінің сапасын жақсартушы ретінде жұмыс істейді. Құрылықтық құқықтық жүйеде материалдық нормалардың маңызы іс жүргізу нормаларынан жоғары болды. Бұл жүйеде заң -сот прецеденттері мен мемлекет қорғайтын әдеттерден де жоғары тұрды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет