Реферат «Құқықтың құқықтық әдеттен құқықтық заңға эволюциясы және дамуы»


Мұсылман құқықтанушылары заңдар жинағын келесі аумақтарға бөлген



бет8/10
Дата19.03.2023
өлшемі55,25 Kb.
#75440
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
СӨЖ №1 реферат

Мұсылман құқықтанушылары заңдар жинағын келесі аумақтарға бөлген:
1) Аллаһқа құлшылық ережелері;
2) отбасы құқығы;
3) азаматтық құқық;
4) әкімшілік және конституциялық құқық;
5) қылмыстық құқық;
6) іс жүргізу құқығы;
7) халықаралық құқық;
8) мұсылманның әлеуметтік жүріс-тұрысын реттейтін ережелер.
Фикһ-бұл мүсылман құқығының теориясы. Фикһ теориялық (усуль аль-фикһ — фикһ «тамыры») және қолданбалы (фуру аль-фикһ - фикһ «бұтақтары») бөлімдерден тұрады. Фикһ негізгі қайнар көздерге Құраңды, Суннаны, ал қосымшаға -иджма, кияс және райды (индивидтің жеке ойы) жаткызады. Фетва - атақты діни құқықтанушылардың ресми талқылауы және шешімі.
Шариғат мынадай құрылымға ие:
а) діни ережелер;
б) мұсылмандық мораль және этика;
в) Аллаһ мен мұсылманның қатынасын реттейтін ережелер;
г) мұсылмандардын өзара және мұсылман еместермен қатынастарын реттейтін ережелер.
Анықтылығы деңгейі бойынша Құран мен Суннаның барлық ережелерін екі топқа бөлуге болады:
1) екі ойлы талқылауға жол берілмейтін ережелер;
2) мағынасын әртүрлі талқылауға болатын, анық емес ережелер.
Бұл ережелер көп мағыналылығына байланысты адамдардың жүріс-тұрысын бағалауға
қолданылмайды.
Шариғат 8 категориядан тұрады:
1) Фарз;
2) уәжіб;
3) сүннет;
4) мустахаб;
5) мубах;
6) харам;
7) макрух;
8) мустакрух.
Мухаммед тірі кезінде өзі қайтыс болғаннан кейін мұсылмандар 73 тармаққа бөлінетігін айтып кеткен. Шынымен де, Мұхаммед қайтыс болған соң 30 жылдан кейін мұсылман қауымы үшке (суннит, шиит, хариджит), ҮІІІғ. кем дегенде 5 негізгі діни-саяси бағыттарға ( шиит, хариджит, мутализит, мурджиит, суннит) бөлінді.
X ғ. Сунниттерде төрт мазхаб (мектеп) қалыптасты: малики, ханбали, шафиги, ханифи.
Рухани тазару жолымен Аллаһқа жақындатуды жақтайтын мистикалық немесе аскеттік не мистикалық-аскеттік ағымды-суфизм деп атайды. Олар - сунниттік те, шииттік те болуы мумкін.
Исламда әртүрлі адамдар болғанымен, әрбір мұсылманда бірыңғай үмметке (қауымға) тиістілік көзқарасы қалыптасқан және негізгі догматтары сақталған.
Құқықтар исламда екі категорияға бөлінеді: 1) Аллаһтың құқықтары; 2) адамның құқықтары. Екі құқық категориялары бір-біріне қайшы келсе, адам құқықтары артықшылықтарға ие болады. Адам құқығына зиян келсе іс қозғау, қозғамау, кешіру сұрақтарын адамнын өзі шешеді.
Ислам заңдары адамдарға тиесілі мүлікке иелену, пайдалану құқықтарының ештеңемен шектелмеген құқығын танымайды. Шариғат барлық мүлік негізінен Аллаһтікі деп жариялайды. Шариғат жеке меншікгі эксплуатация құралына айналдыруға тыйым салған. Екінші жағынан, қоғам мүдделерін сақтау сылтауымен жеке тұлғаның бостандықтарының бұзылуын, мемлекет тарапынан болатын әділетсіздіктердің орын алуын болдырмайды.
Шариғаттың негізгі мақсаттарының біріне адам өмірі, денсаулығы, ар-намысы, отбасын және меншігін қорғау жатады. Мұсылман мемлекеті барлық мүмкін құралдармен осы мақсаттарды жүзеге асыруға міндетті. Ислам заңына сәйкес, кез келген адамға келтірілген кез келген зиян келтірушімен, ал ол мүмкін болмаса мемлекетпен өтелуі тиіс. Тіптен, соттың қате шешімі жағдайында мемлекет жәбірленушіге компенсация төлеуі керек.
Шариғат заңдық әділдік пен шынайы әділдікті ажыратады. Шариғат бойынша сот әділдігінің шынайы әділдіктен де биік деңгейі - ихсан (қайырымдылық) бар. Мұсылмандар, ол бойынша, қажетсінген басқа біреу үшін өз құқықтарымен құрбан етуді уағыздайды.
Ислам құқық көзі түрінде өмірдің әмбебап кодексі ретінде қаралады. Ислам жеке және қоғамдық өмірдің барлығын қамтитын және қоғамдағы тәртіп пен заңды қамтамасыз ететін, талшыктап өндірілетін жазуды ұстанады. Исламда істеген істері қылмыстық жаза деп анықтайтын және сол бойынша жаза беру мен қылмыскерлермен қарым-қатынас ережелерінің жалпы жиынтық заңы бар. Бұл жағдайдағы басты мақсат адам өмірінің қорғауын, оның намысын, меншігін сонынен қатар қоғамдағы тыныштық пен тәртіпті қамтамасыз ету.
Мұсылмандық мемлекеттер жалпы әлемдік халықаралық құқық қағидалары мен институттарын қабындайды, халықаралық ұйымдарға (мәселен БҰҰ) мүше болады, бірақ шариғат пен ислам дінінің өзгермес,. бұлжымас ережелеріне келгенде, оған қайшы келмеуді мақсат тұтады.
Сөйтіп, мұсылмандық құқық – бұл дін мен адамдардың сеніміне негізделген құқықтың түрі. Ислам дініне сыйынушыларға арналған, мұсылман құқығын құрайтын жүйені – шариат немесе шар деп атайды.
Ислам – діни қағидаларын құқықтың негізі деп санайды. Бұл елдердің конституциясы, заңдары және басқа актілері исламға негізделіп жазылуға тиіс.
Ежелгі дүниеден келе жатқан екінші діни – дәстүрлі жүйеге жататын индустық құқық. Бұл құқық жүйесіне Үндістан, Пакистан, Бирма, Сингапур, Малайзия, Африканың біраз елдері жатады. Индус діні қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқарудың ең басты, күрделі жүйесі. Бұл құқық жүйесінің өз ерекшеліктері бар:
1. Адамдар туылғаннан бастап әлеуметтік топтарға, яғни касталарға бөлінген. Әрбір кастаның өзіне тән құқығы және міндеттері бөлініп көрсетілген. Әрбір кастаның өзіне тән моралі анықталған.
2. Мінез-құлықты реттеуші салт-дәстүрлер болып саналады. Салт-дәстүрлердің бірнеше түрлері аталған.
3. Әрбір қауым құқығымен бірге заң, сот прецеденті қолданылады.
Бұл елдердің біразы бірте-бірте романо-германдық құқықтық жүйеге көшу бағытында. Үндістанда индустарды әлеуметтік топқа бөлуге тиым салып, ағылшын нормативтік актілерін қолдана отырып, «англо-индус-құқық» жүйесін қалыптастыруда.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет