Реферат «Құқықтың құқықтық әдеттен құқықтық заңға эволюциясы және дамуы»



бет6/10
Дата19.03.2023
өлшемі55,25 Kb.
#75440
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
4. Діни – дәстүрлі құқықтық жүйе

Діни-дәстүрлі құқықтық жүйеге Азия және Африканың көптеген елдері жатады. Олардың құқықтық жүйесі басқа құқықтық жүйелер сияқты біртұтас емес. Оның себебі, бұл елдерде құқықты басқаша түсінеді. Мұнда құқық пен дін бірге жүреді. Бұл құқық жүйесіне мұсылман, индус және иуда құқықтары жатады. Бұл елде қоғамдық қатынастар құқық арқылы емес, діни-дәстүр әдістерін пайдалану арқылы реттеледі.


Бүгінгі күнде ең көп тараған мұсылман құқығы. Ол осы күнге дейін әлемдегі ықпалды жүйелердің бірі болып отыр, және ол миллиардқа жақын мұсылмандардың өзара қатынасын реттейді. Бұл елдер мұсылман құқығының әділетті екендігін жариялайды.
Бұл жариялық Марокко, Египет, Индонезия мемлекеттерінің конституцияларында бекітілген.
Мұсылмандық құқықтың негізгі төрт қайнар көзін атап өтуге болады:

  1. Құран - ислам діни қағидалары жазылған қасиетті кітап.

  2. Сунна – Алланың елшісі Мұхаммедтің хадистері (өсиеттері).

  3. Иджма, немесе мұсылман қоғамының қабылдаған, бекіткен шешімдері, келісімдері.

  4. Қийас - өмірде кездесетін мәселелерді Құран аяттарымен шешу.

Мұсылман құқығының негізгі белгілері мыналар:
а) құқықтың көптеген институттарының көнелілігі;
б) жалған, теріс пікірді дәлелдеушілік нормалардың болуы;
в) нормаларды жүйелеудің жоқтығы;
г) дәстүрлердің құқық нормаларына енбеуі.
Дербес құқықтық жүйе ретінде мұсылман құқығын зерттеу тек тарихи, жалпы теоретикалық қана емес, сонымен қатар тәжірибелік кызығушылықты да туғызып отыр. Қазіргі кезеңдегі мұсылман құқығының шығыс елдерінің құқықтық дамуында, саясаты мен идеологиясында елеулі рөл атқаруы оның жаңа тарихи жағдайларда белсенді түрде тіршілік ете алатынын дәлелдеуде.
Бұл құқықтық жүйені қарастырудың көкейкестілігі талас тудырмайды. Әсіресе Шығыс елдерінің құқықтық дамуындағы мұсылман құқығының ынталы орын алатын аралықта талдап, талқылау жүргізу өзекті мәселе. Бул өз кезеңінде, мұсылман құқығының құрлысының және оның қазіргі зандылықка әсер ету ерекшеліктерін анықтауды білдіреді. Осы мәселенің өзектілігінің тағы бір қыры мемлекетаралық және ұлтаралық сұрақтармен байланысты.
Қазіргі кезде ислам дініне қатысты дүние жүзінде орын алып жатқан окиғалар құбылыстарды дұрыс салмақтап, талдауға мәжбүр етіп отыр, Өйткені діни және ұлттық алауыздық негізінде халықтардың жауласуы орын алуда. Сондықтан да мүсылман құқығының саяси ролі, құрлысы аса қызығушылықты тудырып отыр.
Мұсылман құқығы діни құқықтың жүйе, құқықтық дәстүрі болып табылады жане ол ислам дініне негізделген. Осы жағдайды толық түсінбей тұрып, мусылман құқығының көптеген феномендері мен құбылыстарын тану мүмкіндігі жоқ.
Өзінің таза күйінде аталмыш құқық теократиялық ислам мемлекеттерінде-халифаттарда, әмираттарда және т.с.с. өмір сүреді. Оның ең көркейіп, дамыған кезі орта ғасырлық ислам әлеміне тұспа-тұс келеді. Қазіргі уақытта таза, классикалық мұсылман құқығы әлемнің бірде-бір елінде, тіптен ислам ережелерін қатаң ұстайтындардың өзін де, толық көрініс алмаған. Бұл жағдай мұсылман елдерінде еуропалық мемлекеттердің елеулі ықпал етуінің тарауына байланысты орын алған еді. Еуропалықтардың ықпальг құқықтық аумаққа да әсер етпей қойған жоқ. Мұсылман империяларының өркендеуі тоқтады, көптеген елдер еуропалық империялардың отарына айналды. Мұсылман құқығының орнына бұл елдерде еуропалық жүйе қолданыла бастады. Ал мұсылмандық құқық елеусіз деңгейде сақталды. Мысалы: жеке қатынастарды реттеу аумағында (неке қию, ораза ұстау және т.с.с.).
XX ғасырдаға отаршылдықтың жайылуы және тәуелсіз мұсылман мемлекеттерінің пайда болуымен мұсылман халықтарының мәдениетіне тән құқық шариғатты қайта қалпына келтіру және қайта оралту тенденциясы байқала бастады. Бірақ нысаны мен мазмұны бойынша қоғамның дамуының феодалдық деңгейіне сәйкес болған мұсылман құқығы өзінің таза классикалық түрінде қайта орала алмады.
Аталмыш мәселе ең әуелі құқықтың «нысанына», яғни қайнар көздеріне қатысты. Классикалық мұсылман құқығында қайнар көздер ішінде нормативтік актілер қандай да бір орын алса да, негізгі ретінде қалыптаспаған. Ол әртүрлі масхабтардың (доктриналық мектептердің) бір-біріне сәйкесе бермейтін қортындылары, тұжырымдары мен дәстүрлері сипатында өмір сүрді. Осылайша, аталған сипатта мұсылман құқығы таза күйінде қалыптасқан жоқ, ол еуропалық-құқықтық нысанға, яғни нормативтік-құқықтық актілер, заңдар мен кодекстер жүйесіне (барлық жерде, толық түрде болмаса да) сәйкестендірілді. Бұл мәселеге қатысты Р. Давид өзінің «Қазіргі кезеңдегі негізгі құқықтық жүйелер» атты кітабында мұсылман құқығы мен мұсылман елдері құқығы арасындагы нақты айырмашылықтарды көрсетіп, бұлардың бір нәрсе емес екеніне баса назар аударған (Р.Давид «Основные правовые системы современности» М.,1968 г. 57-бет.). Қазіргі уақытта мұсылман елдерінде Таза исламға сәйкес келетін таза мұсылман құқығының орын алуына деген ұмтылыс байқалады. Бұл ислам дініне тән жағдай-мұнда рухани мен дүниелік арасында нақты айырмалау жоқ, барлығы діни сипатта болуы керек.
Исламды діни жүйе ретінде қарастырған кезде шариғат негіздерін -мұсылмандық заңдар жүйесін білу қажет. "Шариғат" термині арабтың "шараа" - "заң шығару", "қарату" сөзінен шықкан. "Ташриун" - "заңнама", "шариун" -"заң шығарушы", "муташариун" - "заңгер" және тағы басқа ондаған терминдер осы түбірден шыққан. Уильям Монтгомерп Уотт пен Пьер Какиа атга ағылшын шығыстанушылары шариғатты "басқалардан көп айырмашылығы бар мұсылмандық құқық концепциясы" ретінде анықтайды.
Социалистікке дейінгі қоғамдық формацияларға құқықтық нормаларды белгілі бір діни жақтан негіздеу тән. Бұл ретте мұсылмандық юриспруденция ерекшелік емес. Бірақ сонда да шариғаттың басқа діни заңшығарушы жүйелерде баламасы жоқ.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің дамуы мен тұрақтануы жағдайында, құқықтық, демократиялық мемлекет құру ұмтылысында әртұрлі өркениеттердің рухани тәжірибелерін зерттеу көкейтесті мәселе болып табылады.
Мұсылман әлемі көптүрлі. Мұсылмандар әр түрлі географиялық және мәдени жағдайлары бар елдерде өмір сүреді. Ислам елдерінде дәстүрлі монархиядан бастап, парламенттік республикаларга дейінгі әртүрлі басқару жуйелері бар. Сонымен қатар, бұл елдердің экономикалық жүйелері де әртүрлі. Олардың кейбіреуі нарықтық жүйеде болса, басқалары орталықғандырылған жоспарға ие, яғни есімсіз қаржы қызметі туралы исламдық қағиданы ұстанатындары да бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет