Реферат «Липидтер алмасу механизмінің биохимиялық бұзылыстары. Атеросклероз, өт тас ауруы, семіздіктің биохимиялық механизмдері.»



бет4/7
Дата30.03.2023
өлшемі60,59 Kb.
#77437
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
биохим

Медикаменттік емі
1. Статиндер- симвастатин, правастатин, флувастатин, аторвастатин қолданылады.
2. Фибраттар - фенофибрат, безафибрат, клофибрат.
3. Атеросклерозға шалдыққан науқастарға поливитаминдік терапияда жүргізген тиімді.
4. Энтеросорбенттер.
5. Санаторлық-курорттық ем.
Дәрі-дәрмектік терапия Гиполипидемиялық препараттар артериялық гипертензияны (әсіресе систолалық ақ), қант диабетін, метаболикалық синдромды түзетуді қамтиды. Алайда, липидті спектрді нормалау ең маңызды болып табылады. Осы мақсатта қолданылатын препараттар төрт негізгі топқа бөлінеді:

I-холестериннің сіңірілуіне кедергі келтіретін


ІІ-бауырдағы холестерин мен триглицеридтердің синтезін төмендететін және олардың қан плазмасындағы концентрациясын азайтатын
III-катаболизмді жоғарылататын және атерогенді липидтер мен липопротеидтердің шығарылуы
IV-қосымша


Өт-тас ауруы
Өт қабындағы тастар - өт қабындағы өттің құрамында холестерин, билирубин немесе өт тұзы қалыптыдан көп болу салдарынан, түзілетін қатты конкременттер. Өт қабындағы тастардың өлшемі құм тәрізді ұсақ немесе гольфтың кішкентай добына дейінгі көлемде болады. Өт тастарының екі түрі болады: холестериндік және пигменттік:

  • Холестеринді тастар, сарғыш-жасыл түсті, ал салмағы жеңіл болады, сондықтан суға батпайды. Бұндай тастардың рентген сәулесіне деген контрастығы өте төмен. Осы себептен оларды анықтау үшін контрасты рентгенологиялық зерттеу қажет. Рентген суретінде бұндай тастар, көбінесе, өт қуығында қалқып жүреді. (“қалқымалы тастар”).

  • Пигменттік тастар тастардың құрамында билирубиннің көлемі басымырақ болады, ал олардың түстері қоңырқара, құрылысы аморфты болып келеді.

Этиологиясы:
Көптеген жылдар бойы өт-тас ауры негізгі себептері ретінде инфекция (инфекциялық теория), организмде холестерин деңгейінің жоғарылауы (гиперхолестеринемиялық теория), өт сұйығының өт қуығында толуы (тоқырау теориясы) аталып келді. Кейбір адамдарда өт тастарының түзілуінің жоғары қаупі болады: Әйелдер ерлерге қарағанда өт тасындағы тастардың түзілуіне бейімірек болады. Эстрогеннің көптігі өттегі холестерин деңгейінің артуына және өт қабының жиырылуының азаюына ықпал етуі мүмкін, нәтижесінде, өт тастарының түзілуіне алғы шарттар пайда болады. Әйелдерде эстрогеннің көптігі жүктілік кезінде, гормондық алмастыру емдеуінде немесе ұрықтануға қарсы таблеткаларды қабылдауда пайда болуы мүмкін. Өт қабындағы тастардың түзілуіне 40 жастан асқан адамдар бейім келеді. Пигменттік тастар науқастардың келесі санатында пайда болуы мүмкін:

  • Цирроз – бұл ұзақ және созылмалы зақымдануы салдарынан бауырдың баяу түрде бұзылуы, қызметінің бұзылысы орын алатын жағдай.

  • Өт түтіктеріндегі инфекция.

  • Ауыр гемолитикалық анемия – эритроциттер жиі төмендеуі ауру, мысалы, орақ тәрізді жасушалы анемия



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет