Демонстративтi тип- байланысты жеңiл орнатады, мақтанғанды ұнатады, билеушi мен лидерлiкке талпынады, өзiне-өзi сенiмдiлiгiмен адамдарға ұнамайды. Конфликтiнi өзi тудырып, өзiн-өзi қорғай алады. Басқаларға ұқсамайтын әрекеттер жасайды. Басқаша ойлайды, басқаларды қызықтырады, бiрақ эгоист, мақтаншақ, жұмыстан қашады, екiжүздi.
Экзалтацияланған тип- контактiге түсуi өте жоғары, сөзге құмар, тез ғашық болады. Дауласады, бiрақ конфликтiге жеткiзбейдi, конфликт кезiнде белсендi, әрi енжар болады. Достары, жақындарына байланып қалады. Оларға көп көңiл бөледi. Талғамы жақсы, шын сезiмге бейiм. Көңiл-күйi тез өзгергiш.
Экстравертивтi тип- достары, таныстары өте көп. Сөзшең, әр түрлi нәрселер жайлы сөйлесе бередi, достары мен жақындарына лидерлiктi бередi. Олардан бiр нәрсе сұраса соны орындайды, зейiн қойып тыңдайды, бiрақ жеңiлтек. Басқалардың әсерiне бейiм, ойланбай бiр нәрсе iстей салады, әңгiме айтып отыруға бейiм, ойланбай көп нәрсе жасайды. Көңiлдi уақыт өткiзуге құмар.
Интравертивтi тип- тұйық, шындықтан алшақ, данышпандыққа бейiм, жалғыздықты сүйедi, тек өз өмiрiне басқа бiреу кiрiскенде ғана конфликтiге түседi. Принциптерi көп, қатал сенiмдерi мен көзқарастары болады. Бiрақ бiрбеткей, өз идеяларын дәлелдегiш, өз ойы қате болса да өз ойын дәлелдей бередi. [1]
Бұл классификация негізінен ересек адамдарға тән және адамдарға деген қарым-қатынас тұрғысынан мінездің типологиясын білдіреді.
Ефимова О.И., Скакун И.В. өз зерттеулерінде жасөспірімдер ортасындағы қауіп-қатерлердің психологиялық және әлеуметтік психологиялық факторларын оқып-тануды нақты міндет етіп қойды. Оның ішінде жасөспірімдер акцентуациялық мінезі, өзара қатынас стилдері және суицидтік қауіп-қатердің айқындалу деңгейі. Эмпирикалық зерттеулердің нәтижесінде суицидтік қатер көрінісі байқалмаған топтарда акцентуациялық мінез басымдылығы көрінбегенін дәлелдеді. Жоғарғы суицидтік қауіп-қатер жасөспірімдердің акцентуациялық мінезінің аффективті-экзальтивті және қозғыштиптеріне тән, бұл типтер зерттеу барысында басқа типтер арасында айқын басымдылық көрсетті (зерттеу тобының 70 пайызын құрады). Аффективті-экзальтивті тип көңіл-күйінің ауыспалылығымен, жарқын, айқын эмоцияларымен, эмоционалды күйінің үлкен диапазонымен сипатталады: бұл типтің өкілі қуанышты хабарға тез шаттанады және жағымсыз хабарға тез қайғырады. Бұл типтегі адамдардың мінез-құлқын жоғары эмоциялар, сезімдер, әуесқойлық сияқты негізгі бейнелер басқарады, сондықтан олар өз жүріс-тұрыстарын және рефлексияларын реттей алмай жатады. Осының нәтижесінде не істерлерін білмей қалу күйлерінен олардың ойлары тез арада суицидтік ниеттерге және суицидтік әрекеттерге ауысып кетеді.
Жасөспірімдік жастағы балалардың мінез акцентуациясын тегістеу үшін түзету-дамыту іс-шараларының циклы әзірленді және мінез-құлықтың акцентуациялау деңгейін төмендету бойынша әдістердің жүйесі пайдаланылды.:
релаксациялық жаттығулар;
релаксациялық көңіл-күй, визуализация;
тыныс алу жаттығулары;
арт-терапия әдістерімен баланың эмоционалдық-тұлғалық саласын үйлестіру;
үлкендермен бірлескен жұмыс (ата-аналар, педагогтар);
табысқа жету жағдайын жасау және стрессогенді болдырмау;
оң тұлғалық қасиеттерге сүйену;
психопрофилактикалық жаттығулар (психогимнастика) және т. б.
Босаңсытып алу қабілеті бір жасөспірімге шиеленісті шешуге, басқаларға көңіл бөлуге, тітіркенуді жоюға көмектеседі. Бұл туралы баланың сыртқы келбеті анықтауға мүмкіндік береді: бет әлпеті, тегіс ырғақты тыныс алу, мойынсұнғыш қолдар, кейбіреулерінде ұйқышылдық жағдай пайда болады. Жасөспірімді босаңсытуға үйрету-ол бір қарағанда қарапайым міндет емес. Олар отыру, тұру, жүгіру деген не екенін жақсы біледі, бірақ демалуды білмейді, түсінбейді.
Ойын-релаксация кезінде жасөспірімдердің қиялдау қабілеті де қолданылады. Бұл жерде бізге жан мен дене үйлесімі көмектеседі: жасөспірім өзіне өте жағымды нәрсені елестетсе, оның денесі босаңсиды.
Жасөспірімдік мінез акцентуациясының алдын алу және түзету мәселесі аз ғана жұмыстарда көрсетіледі. Шетелдік тәжірибеде осы феноменнің табиғатына теориялық көзқарасқа байланысты белгілі бір тәжірибе жинақталған.
Мінездің акцентуациялануын жеңуде жасөспірімнің үлкендермен – ата-аналармен және педагогтармен қарым-қатынасын жолға қою ерекше маңызға ие. Ата-аналармен жұмыс істеу, сондай-ақ қабылдау стереотиптерін, жасөспірімдік мінез-құлыққа баға беру мен қарым-қатынасты, сондай-ақ ден қою стереотиптерін және мінездің акцентуациялануын жеңуді қамтуы тиіс. Мұндай жұмыс өте қажет, себебі ересектер көбінесе жасөспірімдер тұлғасында кез келген акцентуация көріністеріне теріс көзқараста қарайды.
Мінездің акцентуациялануының алдын алу мен түзетуде отбасында эмоциялық қорғалу атмосферасын құру, баланы тану және қабылдау маңызды. Сондықтан мұндай жұмыс баланың туыстарының қатысуымен жүргізілуі тиіс. Алайда, балалардың ата-аналарымен жұмыс істеу кезінде белгілі бір қиындықтар туындайды. Көптеген ата-аналарды жұмысқа тарту қиын, тіпті мүмкін емес. Әрине, бұл жағдайда жұмыстың тиімділігі төмендейді, бірақ күш-жігер баланың өзімен және мұғалімдермен жұмысына шоғырланады.
Сондай-ақ, мінездің акцентуациялануын тегістеу бойынша түзету-дамыту жұмыстарының бір сәті құрдастарымен қарым-қатынас болып табылады, өйткені кейде өзара қарым-қатынас жағымсыз уайымдар, жайсыздық көздері болуы мүмкін.
Қолданылған әдебиеттер тізімі: Немов Р.С. Психология: Учеб.для студ.высш.пед.учеб.заведений: В 3 кн. – 3-е изд. – М.: Гуманит.изд.центр ВЛАДОС, 2000. – Кн. 3: Психодиагностика. Введение в научное психологическое исследование с элементами математической статистики. – 640 с.
Божович Л.Н. Проблемы формирования личности. – М., 2004.
Антонюк Ю.М. Насилие. Человек. Общество. – М., 2001.