Мотивация әдістері жіктеледі: экономикалық ( тура ) – уақытша және келісімді еңбекақы; еңбектің сапалы және сандық көрсеткіштері үшін сыйақы; кәсіпорын кірістеріне қатысы; оқу үшін төлемақы:
экономикалық (тура емес ) – кәсіпорында тамақтануға, траспорттық қызметке, тұрғын үй төлемдеріне жеңілдіктер беру;
материалдық емес – еңбек тартымдылығынкөтеру, қызмет бабымен ілгерілеу, ең жоғары деңгейде шешім қабылдауға қатысу, біліктілікті арттыру, жұмысқа шығудың еркінграфигі .
Кәсіпорын жұмысшыларының мотивацияларының негізгі формалары: еңбекақы – кәсіпорын әрекетінің нәтижесіндегі жұмысшының салымының объективті бағасы;
жұмысшыларға арналған ішкі фирмалық жеңілдіктерінің жүйесі – тиімді сыйақы беру; стажға төлем, кәсіорын есебінен жұмысшылардың денсаулығын сақтау, пайызсыз несие беру, жұмыс орнына барып келу жалақысын төлеу , жұмыс орнындағы тамақтануға жеңілдік және т.б.
ісшара, жұмысшының жауапкершілігі, тәелсіздігі, еңбегінің тартымдылығы мен маңыздылығы;
жұмысшылар арасындағы әкімшілік және психологиялық „кедергілерді” жою, ұжымда сенім мен өзара түсінушіліктің дамуы;
жұмысшыларды моральдік мадақтау;
жұмысшылардың біліктілігін арттыру мен жұмыс барысында ілгерілеуі.
Еңбек мотивтерінің құрылуы. Егер:
· адамның әлеуметтік қажеттіліктеріне сәйкес қоғамда қажетті игіліктер жиынтығы бар болса;
· осы игіліктерді алуға қызметкерлердің жеке еңбектік талпынысы болса;
· еңбектік іс әрекет қызметкерге бұл игіліктерді алу үшін аз материалдық және моральдық шығындарды жұмсауға мүмкіндік берген жағдайда ғана еңбек мотивтері қалыптасады.
Еңбектік іс әрекет игіліктерді алудың жеке түрі болмай, оның негізі болған жағдайда ғана еңбек мотиві пайда болады. Егер, бөлу қатынастарының критерийлері болып мәртебелік айырмашылықеары (қызмет, біліктілік разряд, дәрежелер, атақты және тағы басқалары), еңбек стажы, белгілі бір әлеуметтік топқа қатысы (ардагер, мүгедек, соғысқа қатысушы, жалғыз басты ана және т.б.) саналса, онда жұмыста қызметтік жылжу, разряд, дәреже немесе атақ алу, жұмыс орнына орнығу және тағы басқалары сияқты жылжу мотивтері құрылады.
Басқа іс әрекет түрлері арқылы игіліктерді алуға мүмкіндік болғандықтан, бұл жағдайда қызметкерлердің еңбектік белсенділік көрсетуі міндетті емес.
Кез келген іс әрекет белгілі бір шығындармен байланысты болғандықтан өзінің бағасы болады. Осылай еңбектік іс әрекет дене және моральдық күштердің шығындарымен анықталады. Егер жұмысқа деген қабілеті дер уақытында орнына келмесе қызметкерлер жоғары қарқынды еңбектің шошынуы мүмкін. Еңбектің нашар ұйымдастырылуы, өндірістегі санитарлы гигиеналық жағымсыз жағдайлары, әлеуметтік тұрмыстық саласының дамымағандығы қызметкерлерді селқостық стратегиясына итермелейді, себебі еңбек қарқыны бағасы төмен болғандықтан олар аз жұмыс істеуді қалап, соған сәйкес аз Еңбек ақыны алғанды ұнатады. Алайда, басқа жағдайда болу мүмкін, қызметкер белгілі бір деңгейде тұрмыс халін ұстап тұру үшін қосымша игіліктерді өз денсаулығын жоғалту арқылы табуы да мүмкін.
Мотив күші қызметкер үшін кейбір қажеттіліктердің өзектілігін анықтайтын деңгейімен белгіленеді. Белгілі бір игілік өте қажетті және оған деген ұмтылыс күштірек болған сайын, соғұрлым қызметкерлер белсенді әрекет жасайды.
Тауарлы өндірістің себебіне байланысты еңбек мотивтерінің ерекшелігі олар өзіне және басқаларға бағытталғандығы. Еңбек өнімі тауарға айналып, тұтыну құны ретінде қызметкердің өзінің емес, басқа адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Бәсекелестік механизмі арқылы нарықтық экономика, «өзім үшін» және «басқалар үшін» сияқты мотивтері үйлестіреді. Әміршіл әкімшілік жүйе барысында жоспарлы экономика бұл мотивтердің қарым қатынастарын өзгертті. Себебі, жұмысшы өзінің еңбегі үшін алатын еңбекақыға қарағанда, шын мәнінде қоғамға көп беруге тура келді. Осыған қарсы жауап ретінде тауар сапасы төмендеп, өнімнің тұтынушылық қасиеттері нашарлады.
Еңбек мотивтері мен ынталандырулар жүйесі жалпы біртұтас жүйе құрайтын еңбек мотивтерін бірнеше топтарға бөлуге болады:
· еңбек мазмұндылығы;
· оның қоғамдық пайдалылығы;
· еңбектік іс әрекетінің жемістілігін қоғамның мойындауына байланысты болатын мәртебелі мотивтер;
· материалдық игіліктерді алу мотивтері;
· жұмыстың белгілі бір қарқындылығына бағытталған мотивтер.
Егер, игілік еңбек мотивін құраса, онда ол еңбек ынтасы болады. «Еңбек мотиві» және «еңбек ынтасы» ұғымдары өзара ұқсас. Бірінші жағдайда, еңбектік іс әрекет арқылы игілік алуға ұмтылған қызметкер жайлы әңгіме болса (мотив), екінші жағдайда еңбектік іс әрекет тиімділігі жағдайында ғана қызметкерге қажетті игілікті бере алатын басқару мекемесі жайлы (ынта) сөз болып отыр.