Байланысты: Педагогикалық біліктілік.Нұргүл.Магистратура
3. Педагогикалық шеберлік және оның әлеуметтік маңызы. Бүгінгі қоғам адамдық ресурстарды, яғни экологиялық, демографиялық және әлеуметтік сияқты жаһандық дағдарыстарды негізгі фактор ретінде қарастырады. Психологтар да, педагогтарда адамның рухани интеллектуальдық, кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп көрсетеді. Мысалы: әрбір маман иесі өз мамандығына сәйкес шығармашылық жолдарда өзін-өзі анықтаудан кәсіби әрекет негіздерін меңгеріп, кәсіби шеберліктің баспалдақтарымен өту арқылы кәсіби шығармашылықты жетілдірудің шыңына көтеріледі. Мұнда адамдағы шығармашылық кәсіби шыңына жетеді. Бұл ретте адам шығармашылығының даму заңдылықтарын зерттейтін жаңа интерактивті-кешенді ғылым акмеологияның алар орны ерекше. Адамтану саласының педагогика ғылымы мен практикасы үшін аса маңызды басылымдылықтары мен стратегиялық бағыттары да осы акмеология болып табылады.
Халықаралық акмеология академиясының президенті Н.В. Кузмина акмеологияны «адам дамуының заңдылықтары, шығармашылық әлеуетті жасампаздықпен жүзеге асыруда жетістіктерге жету туралы ғылым» - ретінде тануды ұсынады. Ал, белгілі ғалым В.Н. Андреев «педагогикалық акмеология» деп аталатын ғылымда адамның өмірінде жеткен табыстары мен оған бастап апаратын ішкі мүмкіндіктер мәселесі қарастырылатындығы атап өтіледі. Сонымен қатар, мұғалімнің шығармашылық шыңға көтерілуі шеберлік пен кәсібилік сияқты сатылардан тұратындығына тоқталады.
Кәсіби шеберліктің шыңына шығу туралы ғылым «Акмеология» грек тілінен аударғанда «шың», «биіктік» деген мағынаны береді. Демек акмеология - шың туралы ғылым, кемел адамның дамуы мен өмірлік әрекеті барысындағы биіктерге шығуы туралы ілім. Акмеологияда адам өзін-өзі дамыту мен шығармашылыққа қабілетті өзінің өмірі мен кәсіби әрекетін ұйымдастыра алатын өз әрекетінің субъектісі ретінде қарастырылады.
Мұғалім өзінің педагогикалық әрекетінде акме жағдайға:
Шеберлік кәсібилік құзырлылық сияқты сатылардан өтуі қажет.Мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы, адамның жан дүниесі, рухани әлеміне байлай алу өнері деп түсінген ұлы педагогтар А.Дистервег, К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко, В.С. Сухомлинский т.б. педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Мысалы: А.С. Макаренко мұғалім өзінің кәсіби-шығармашылығын жүзеге асыру жолында алдымен шеберлікке жетуі тиіс деп, «шеберлік» ұғымын педагогикаға қатыстыра ең алғаш қолданған және бұл сапа жайлы «Тәрбиешінің шеберлігі» - айрықша талантты қажет ететін ерекше өнер, ол дәрігер немесе музыкантты шеберлікке үйреткендей үйрететін мамандық деген.
Педагогикалық әрекеттің шыңына апаратын келесі баспалдақ – кәсібилік. Қоғамның жаңаруы мен қарыштап дамуы оның азаматтарының барлық саладағы кәсібилігіне байланысты. Осы мәселені терең зерттеген А.К. Маркова мүғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.