Реферат педагогика ғылымындағы коммуникативті біліктілік туралы Қазақстан және Ресей ғалымдарының көзқарастарын жан-жақты талдап, жүйелі ғылыми тұжырымдар дайындау



бет5/7
Дата01.12.2022
өлшемі41,5 Kb.
#54214
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
I. Объективті критерийлер.
Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі. Жоғары еңбек көрсеткіші, әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері т.б. жататындығын атап өтеді.
II. Субъективті критерийлер.
Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес, қаншалықты ол өз ісінен қанағат табатындығымен байланысты. Мұғалім еңбегіндегі субъективті критерийлерге кәсіби-педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын, оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.
III. Нәтижелі критерийлер.
Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады. Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер олардың қарым-қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда ұстайды.
Осы тұста өз көзқарасымызды білдіре кетсек, оқыту нәтижесі біз үшін баланың психологиялық функцияларының жетіліп, өзінің педагогикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы. Мүны қазір құзыреттіліктер деп атап жүрміз. Тек сонда ғана мектеп бітіруші мына өзгермелі қоғамда өзін-өзі дамытуға, өз бетінше өмір сүруге дайын болады.
IV. Шығармашылық критерийлер.
Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады.
Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алудың шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Тек сонда ғана ол өз оқушыларының дамуына қол жеткізіп, өзінің кәсіп иесі ретінде ішкі сұраныстарына жауап бере алады.
Кәсіби құзіреттіліктің деңгейлерінің сипаттамалары

Шебер-мұғалім



Ғылым мен практикаға белгілі тәсілдердің үлгілерін
жоғары деңгейде меңгерген. Қалыптасқан тыс
педагогикалық міндеттерді шеше алады.
Оқушылардың дамуын ескеруге талпынады.
Тұрақты жоғары тиімділікті көрсетеді. Басқа
мұғалімдерге өз тәжірибесін таныта алады.

Жаңашыл мұғалім

Тұтас ұжымды педагогикалық жүйелер немесе жеке
тапқыр тәсілдер таба, қолдана біледі.
ІПығармашылық көрсете алады. Еңбектің негізгі
нәтижесі ретінде оқушылардың психологиялық
дамуына бағыт ұстайды. Жаңалықты іздеуде
тиімділік көрсетеді. Жеке тұлға.




Өзінің тапқыр мәнділігін зерттеп, оған баға беруге
ұмтылады, басқа мұғалімдердің жаңа идеяларының
тиімділігіне баға береді



Кәсібилік деңгейіндегі
мұғалім



Психикалық жағынан өзін-өзі дамытуға ұмтылады. Жаңаны іздеуде «оқушыдан» әрі қарай жүріп, оқушы үшін оны жүзеге асырады. Зерттеушіге тән қасиеттер иесі, жаңаның жаңашылдығын анықтай алады.



Мұғалімнің акме жағдайына жетудегі тағы бір басқыш - оның кәсіби қызығушылық деңгейі. «Қызығушылық» ұғымының қазақ тіліндегі түсіндірмесі «жасай алу» деген мағынаны білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет