Реферат педагогика ғылымындағы коммуникативті біліктілік туралы Қазақстан және Ресей ғалымдарының көзқарастарын жан-жақты талдап, жүйелі ғылыми тұжырымдар дайындау



бет7/7
Дата01.12.2022
өлшемі41,5 Kb.
#54214
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
III-Қорытынды бөлім.
Біздің ойымызша, мұғалімнің «кәсіби біліктілігі» оның оқушыларға білім беру мен тәрбиелеу ісінде биік нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндік беретін, әрі мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттерін жарыққа шығарып, педагогикалық қарым-қатынасы мен педагогикалық іс-тәжірибесін жоғары деңгейде жүзеге асыратын еңбегі болып табылады. Онымен қатар мұғалімнің біліктілігі, бір жағынан, оның кәсіби білімі мен біліктілігін, екінші жағынан, кәсіби ұстанымдары мен психологиялық қасиеттерінің, яғни оның шынайы еңбегіндегі арақатынасымен өлшенеді.
ХХІ ғасыр маманның кәсіби шеберлігіне өте жоғары талаптар қойып отыр. Қазіргі қазақстандық қоғам жаңа мыңжылдықта білім беру нарығы жағдайында жеке тұлғаның кәсіби қызметі мен детерминацияланған талаптарымен өлшенетін оның өн бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың танудың қажеттілігін айқындап берді. Бұл шешімдердің қатарына жаңа технологиялар арқылы білім беру идеяларын жүзеге асыруға, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін интенсификациялауға, оның сапасы мен тиімділігін көтеруге арналған жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мүмкіндігін қолдану жолдарын ұсынуда.
Қорытындылай келе, Абайдың: «адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалайша бітіргендігенен емес...», «адам баласын замана өсіреді, кімде-кім жаман болса, замандастарының бәрі виноват», А.Байтұрсыновтың : «...адамның мінезі ойының түрінен, көңілінің күйінен, істеген ісінен білінеді» - деген сөздерін тіршілік қағидасына айналдырған жөн.
Әрине, әр адамның өз өмірін құруда тәрбиенің рөлі ерекше, тәрбиесіз адам қанша білімді болғанымен, оған тәрбие керек, тәрбиені дұрыс жеткізу үшін педагогтың біліктілігі керек деп есептеймін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет