психологияәлеуметтанупедагогика ғылымдарының түйісу нүктесінде пайда болады.
Белгілі ғалым М.М. Чошанов құзырлылықты білім, білік дағдысының өзара байланысы деп қарап, оның төмендегідей формуласын ұсынады:
білімді қолданудың жылдамдығы + әдістердің орамдылығы + ойлаудың сынаулығы.
Н.В. Кузминаның көзқарасы бойынша бұл ұғым педагогтың басқа бір адамды дамытуында негіз болатын білімділігі мен абыройлылығы.
Қазіргі уақытта екі типтегі мұғалімдерді бөліп қарауға болады. Біріншілері: жаңалыққа жаны құмар, тиімді тәсілдерді таңдай алатын, еңбекке деген жоғары мотивтері бар мұғалімдер. Олар акме жағдайға жақын тұрғандар.
Екіншілері: оқыту мен тәрбиелеуге бір ғана өзінше дұрыс көзқарасы қалыптасқан, оқушылармен олардың ата-аналарына әсер ете алмайтын, психологиялық білімі төмен, өзін-өзі дамытуға қызығушылығы төмендер.
Білім беру жүйесіндегі қазіргі «субъект-субъектілік» жағдай басқа адамға кәсіби құзырлылық деңгейі жоғары адам ғана әсер ете алатындығын көрсетіп отыр. Ал мұғалімнің сапасы, тұлғаның сапасын дайындайтын кәсіби құзіретті әрекеттің сапасы. Мұндай сапа білімнің сапасын қамтамасыз етеді деп айтуға болады.
Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп, мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық-гумандық бағыттылығы жоғары, педагогикалық ақиқат пен ондағы өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті оқытудың жаңа технологияларын меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды таба, таңдай, сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін маман болуы тиіс деген тұжырым жасалды.
Ондай мұғалім өз мамандығына жаңалық енгізеді, сол арқылы өзін жаңа сападағы адамға айналдырады, инновациялық үрдістің алдыңғы қатарында бола отырып, эксперимент жағдайда зерттеу жүргізеді, авторлық бағдарламалар, технологиялар ойлап табады, оқулық жазуға қатысады.
Дегенмен, ізденімпаз өзіне талап қоя білетін, кәсіби деңгейі жоғары, рухы биік, даралық сапалары жетілген мұғалімнің кәсіби құзырлана алуына толығымен мүмкіндігі бар.