Тұлғаны тәрбиелеудегі мұғалімнің біліктілігінің мәні
Тұлғаны жан-жақты дамыған «жеке тұлға» ретінде қалыптастыруда мұғалімнің біліктілігі, яғни оның оқу-тәрбие жұмыстарын дұрыс жүргізуде болып отыр.
Біліктілік - меңгерілген білім, дағды және тәжірибе негізінде практикалық және теориялық іс-әрекеттерді нақты және саналы түрде орындауға дайындық арқылы анықталады.
Тұлғаның, шынын айтқанда, адамзаттық позициясын, жетістіктері мен кемшіліктерін байқау, бағалау өте қиын. Тұлға көбінесе ұжымда, еңбекте іс-әрекет барысында өмірдің қиын-қыстау сәттерінде ашылады. Десекте, адамның шын бет-бейнесін көру барлық уақытта мүмкін де емес. Тұлғаны зерделей отырып, біріншіден оның психологиялық ерекшеліктерін: бағыттылығы, мінезіндегі басты ерекшелігі – табандылығын, қабілетін, идеялық және практикалық ұстанымын анықтап алу керек.
Тұлғаны тану-білу біліктілігі, оны «өз орнына» қоюдағы іс-әрекеті - педагог, ұстаз, ұйымдастырушы маманның басты таланты.
Білік - әйтеуір бір ережеге және нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі. Білікті әрекет іс-әрекеттің орынды тәсілдерін таңдай білуден, тек қана таңдай білуден емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді. Біліктілік тәсілдерін таңдай білуден басқа мақсатқа жету үшін қажетті шарттарды білуді қажет етеді. Біліктің қалыптасуының және дамуының ең тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы шарттар:
тұжырымдалған ережені түсіну;
орындайтын, қажет әрекет бейнесін қалыптастыру;
жаңа міндеттерді шешу барысында әрекетті орындаудың нәтижелілігі жөнінде хабар алып отыру болады. Бұлар педагог, студенттердің т.б., оқу-тәрбие процесіндегі біліктілігі негіздерін құрайды.
«Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашпас» үшін, сөз сөйлей білушілікті алдымен саналыққа бастайтынын, тіршілікке өмірлік мән әкелетінін, өзара қарым-қатынасымыздың жанды көпірі, - деп түсінген жөн. Дәмді сөйлеп дәйекті бол! – дейтін қағиданың да астарында қарапайым өмірлік сыр-сабақ жатыр. Сөздің қадір-қасиетінің мәнін жоймау себебін адам жаратылысының ұдайы саналылыққа ұмтылуымен ғана түсіндіруге болады. Ал сөзбен іс сана мен ақылдан нәр алады.
Мұндай тіл тазалығына мән берген дұрыс, өйткені, тіл – халықтың сонау ғасырлық сана мен зердесінен сүзіліп өтіп, шыңдалудан танбаған, тарихтың мұратты болуы мүмкін, бірақ та табандылық көрсете алмаса оның аталмыш қасиетінің практикалық құны бола алмайды. Сонымен қатар табандылық, атаққұмарлық менмендікпен ұштасып, қалыптасқан бір қатар қайраткерлерде белгілі, оның ішінде, саяси аренада көрініп жүргендері де аз емес және олардың көбі зияннан басқа келтірері шамалы. Сондықтан, жігерлік пен табандылықты зерделеуде, тұлғаның моралдық бағыттылығы қасиеттерін есепке алу керек. Оның ішінде ең құндысы тұлғаның табандылығының қоғамдық бағыттылығымен ұштасуы құнды.
Психологтар адамның интеллектуалдық ерекшеліктеріне - ой, сана сапасы көрсеткіштерін: талғампаздығы, икемділік, өзін-өзі мінеушілігі т.б. жатқызады. Сезімталдық ерекшеліктері жанжақты болуы мүмкін. Ең жоғары сезім - өмірлік белсенділік ұстанымы арқылы Отанға сүйіспеншілігі, оның алдындағы парызы. Көптеген басшыларға, педагогтарға адамдармен тәрбие жұмысы барысында, сол сияқты өзінің әрекетіне баға беруде, жаңалықты сезіну, әзіл-оспақты мысқылды түсіне білу жетісе бермейді.
Абайдың: «адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалайша бітіргендігенен емес...», «адам баласын замана өсіреді, кімде-кім жаман болса, замандастарының бәрі виноват», А.Байтұрсыновтың : «...адамның мінезі ойының түрінен, көңілінің күйінен, істеген ісінен білінеді» - деген сөздерін тіршілік қағидасына айналдырған жөн.
Әрине, әр адамның өз өмірін құруда тәрбиенің рөлі ерекше, тәрбиесіз адам қанша білімді болғанымен, оған тәрбие керек, тәрбиені дұрыс жеткізу үшін педагогтың біліктілігі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |