Реферат Пән: Фармакология негіздері Тақырыбы: «Вирусқа қарсы қолданылатын препараттар.» Топ: тфп21-021к


Антиретровирустық химиопрепараттар



бет4/4
Дата02.10.2023
өлшемі72,68 Kb.
#112624
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
реферат фармакология

Антиретровирустық химиопрепараттар
АИВ инфекциясы кезінде қолданылады. Оның 3 тобы бар
1. АИВ кері транскриптазаның нуклеозидті ингибиторы
2. АИВ бейнуклоезидті ингиботры
3. АИВ протеазаның ингибиторы
Адамның иммунитет тапшылық вирусы (АИТВ) инфекциясы
Адамның иммунитет тапшылық вирусы (АИТВ) немесе
ВИЧ (вирус иммунодефицита человека) соңғы кезеңі
иммунитет тапшылық синдромымен (ЖИТС-СПИД)
сипатталатын өте ауыр ағымды жұқпалы аурудың қоздырғышы
болып табылады.
Бұл ауру және оның қоздырғышы өткен ғасырдың 80-ші
жылдарының басында белгілі бола бастағанымен, аз уақыт
аралығында жержүзінің көп елдеріне тарап, пандемиялық
сырқаттар қатарынан орын алады.
ЖИТС - өте қауіпті жұқпалы ауру, көбінесе еңбекке қабілетті
және адам өсімін беретін жас адамдарды жарақаттайды. Ауру
ұзақ уақыт дамиды және өлімен аяқталу көрсеткіші өте жоғары.
Адамның иммунитет тапшылығы вирусы ретровирустар тобына
жатады және оның осылай атауы себебі, онда рибонуклеин
қышқылынан (РНҚ) информацияны (ақпаратты)
дезоксирибонуклеин қышқылына (ДНҚ) беретін фермент – кері
транскриптаза (обратная транскриптаза) бар. АИТВ Т4 –
лимфоциттерді жарақаттауы салдарынан олар жойылып кетеді.
Қазіргі кезде вирустың екі типі анықталған: ВИЧ-1 және ВИЧ-2.
сыртқы ортада вирус тұрақты емес, 56°С жылулықта 30 минөтке
өледі, 70-80° - 10 минөтте өледі, 70% этил спирті, сутегінің 3 %
асқын тотығы, лизлдың 5% ертіндісі натрий гипохлоритінің 0,2%
ертіндісі 10 минөт ішінде вирустің белсенділігін жояды.
Адамның иммунитет тапшылығы вирусы инфекциясының
(АИТВИ) көзі ЖИТС-мен ауру адам немесе ауру белгісінсіз
вирус тасушы болып саналады.
Вирус жұққан адамның барлық биологиялық сұйықтарында (қан,
шауһет, омыртқа жұлыны сұйығы, сілекей, емшек сүті, қынап
сұйығы) әртүрлі мөлшерде вирус бөлшектері кездеседі. Ең
эпидемиялық жағынан қауіпті саналатын сұйық – қан және
сперма. Ауру қоздырғыш вирус жыныс жолдары арқылы, қан
және оның препараттарын құю кезінде, жақсы
зарарсыздандырылмаған дәрігерлік аспаптар арқылы, ару
анадан жас нәрістеге берілуі арқылы жұғады.
Вирус жұқтырған кезде келесі процестер жүреді:
Вирустың ДНҚ немесе РНҚ арнайы ферменттердің көмегімен жасушаларға еніп, олардың геномына бірігеді және оларды физиологиялық функцияларды орындаудың орнына «өзі үшін жұмыс істеуге» мәжбүр етеді;
Репликация басталады – жаңа вирустық бөлшектердің синтезі;
Бөлшектер ауру жасушалардың цитоплазмасында өмірлік ресурстарын таусылғанша түзіліп, жинақталады;
Жасушаның өлуі, жасуша мембранасының жарылуы және вирустың сыртқа шығуы бар;
Жаңа вирустық бөлшектер көрші сау жасушаларға еніп, инфекция дамиды.

Адамның иммундық жүйесі бұған келесі «қарулардың» түрлерімен қарсы тұра алады:
Интерферон – қабыну процесі және дене температурасының жоғарылауы кезінде біздің денеміздің жасушалары өндіретін қорғаныс ақуызы. Ол патогеннің жасушаларға енуіне жол бермейді;
Бейспецификалық иммундық жауап – вирустың ағзаға енуіне реакцияның бірінші кезеңі. Иммунокомпетентті жасушалар (макрофагтар мен лимфоциттер) вирустық бөлшектерге шабуыл жасайды және оларды жейді;арнайы иммундық жауап – инфекциямен күрестің екінші кезеңі. Бұл жасушалық және гуморальды. Вирус жұқтырған жасушаларды бұзатын цитотоксикалық лимфоциттер жасушаға жауап береді. Гуморальды – В-лимфоциттер вирусты таниды және онымен күресу үшін арнайы құрылған антиденелер – иммуноглобулин белоктары көмегімен оны өлтіреді.
Қолданылған әдебиеттер: Асмагамбетова М.Т Дилдабкеова.Н.Т
вирустарға қарсы заттар Алматы 201Харкевич Жалпы фармакология

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет