Реферат пән: «Жалпы гегиена»


Салауаттанудың зерттеу пәні – адам



бет4/4
Дата29.11.2022
өлшемі25,44 Kb.
#53496
түріРеферат
1   2   3   4
Салауаттанудың зерттеу пәні – адам. Зерттеуге организмнің анатомиялық, физиологиялық негіздері, бейімделу тетіктері, қорғану тосқауылдары, организмнің сыртқы ортаға бейімделуі туралы білімдер енеді. Салауаттану адамның термодинамикалық, денелік, химиялық, антропологиялық, экологиялық құбылыстарын қамтиды. Адам қоғамның қарапайым мүшесі, этикалық және эстетикалық ұстанымдарын жеткізуші жеке тұлға ретінде қарастырылады. Тек осындай кешенді тәсіл оның негізгі қасиеті – денсаулығын сипаттауға мүмкіндік береді.Тіршілік дегеніміз тек адамның ғана емес, кез келген тірі организмнің қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі болғандықтан, салауаттану тіршілік етуге қажетті ортаның әсерін барлық құрауыштармен оқып – үйрету міндетін қояды.Дүниежүзілік денсаулық ұйымы (ДДСҰ) сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49 – 53% - ы өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді 17 – 20% - ы қоршаған ортаға, 18 – 22% - ы тұқым қуалау себептеріне, біздің ден – саулығымыздың тек 8 – 10% - ы ғана денсаулық сақтау ұйымына тәуелді.
Салауаттанудың негізгі мақсаты – әрбір жеке адамның және тұтастай қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мақсаты – балалар мен жастарда жас ерекшеліктеріне, құндылық бағдарларына және имандылық – еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру.
Бұдан мынандай міндеттер туындайды:

  • Салауатты өмір салтының әдістерін үйрету;

  • Өз денсаулығына қоғамдық игілік, қоғамның рухани құндылығы ретінде жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;

  • Негізгі гигиеналық дағдыларға төселдіру;

  • Осы заманғы ауру түрлерімен және оларды алдын алу шараларымен таныстыру.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі бағытгары мыналар:

  • жеке және қоғамдық гигиена;

  • дене шынықтыру, гиподинамиямен күрес;

  • организмді жаратылыс-табиғи факторлармен — су, ауа, күн жарығымен және т.б. шыңдау;

  • күн тәртібін тиімді пайдалану;

  • дұрыс және уақтылы тамақтану;

  • тән ауруларынан сақтандыру;

  • жарақаттанудан, уланудан, т.б. сақтандыру;

  • зиянды әдеттерден (темекі тарту, алкоголь, есірткілік улы заттарды) сақтандыру

  • жыныс гигиенасы;

  • психопрофилактика және психогигиена;

  • кикілжің және денсаулық;

  • экология және денсаулық.



ҚОРЫТЫНДЫ
Халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ. Жастары әлсіз, денсаулығы нашар, білімсіз, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз болса ол мемлекет қашанда әлсіз, қорғансыз. Жастар - біздің болашағымыз.Ал бізге болашағымыздың айбындылығы мен жарқындылығы қажет. Келешегінен үміт күткізіп отырған бүгінгі жастар - ертеңгі қоғам иелері!


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Соколов А.Д., Абишева З.С. Валеология – наука о здоровье. Учебно-методического пособие. – Алматы: Ғылым, 1999. -140 с.
Сатбаева Х.К. Валеология – оқі-әдістемелік құрал. - Алматы: Ғылым, 2003. -148 б.
Терехин С.П., Хан А.В., Тағам гигиенасы бойынша таңдаулы лекциялар жинағы. – Қарағанды: 1998. – 280 б.
Алмаз Шарман Формула здоровье. - 2010. - 120c.
Дубровский В.и. Придиси В.Н., Машков Валеология –здоровый образ жизни.– М.: Retorica – А, 1999. – 560 с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет