Реферат Пән: Политология Тақырыбы: Жалпы құқықтық мемлекет және оның принциптері



бет2/3
Дата10.12.2023
өлшемі25,24 Kb.
#136371
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Жомарт Тілек реферат

Негізгі бөлім. 1) Құқықтық мемлекеттің анықтамасы.

Құқықтық мемлекет – тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне қоғамның алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқыктық мемлекет екі жақты жауапты объективтік процесс.


Қазіргі заманда құқықтық мемлекет құру қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуға мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.
Сондықтан болашақта құқықтық мемлекет бірнеше дамыған елдерде қалыптасуы мүмкін. Бірақ ол мемлекеттердің мазмұнында, әсіресе нысанында объективтік ерекшеліктері болады.

Құқықтық мемлекеттің мазмұнының негізгі талаптары:




  1. Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның объективтік даму процесіне сәйкес ескіріп, жаңарып жататын көп қырлы кұбылыс. Бұл мемлекетте адамның толық егеменді болуы қажет, олардың мемлекеттің билік жүргізетін органдарын кұруға қатысуы заңды түрде бекітілуі керек.

  2. Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізі – өндіргіш күш пен өндірістік қатынас және көп меншіктік шаруашылық арқылы дамуы. Құқықтық мемлекетте меншіктің басым көпшілігі – өндіруші мен тұтынушылық билігінде болуы қажет. Бұл билік шаруашылықтың жақсы, сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін оларға толық бостандық беруі керек. Сонда ғана қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеруге, нытайтуға болады.

  3. Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізі — өзін-өзі басқаратын азаматтық қоғамда адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етіп, олардың жақсы еңбектенуіне, дұрыс жұмыс жасауына мүмкіншілік беру. Қоғамның әлеуметтік жағдайының жақсаруы құқықтық мемлекеттің нығаюы. Бұл екі процесс бір-бірімен тығыз байланысты. Құқықтық мемлекет сонымен бірге әлеуметтік мемлекет.

  4. Құқықтық мемлекеттің моральдық негізі – гуманизм, әділеттік, бостандық, теңдік, адамдардың қадір-қасиетінің, ар-намысының деңгейі. Осы жоғары дәрежедегі принциптер болса құқықтық мемлекет болады. Өйткені мұндай қоғамда адамдардың рухани сана-сезімі де жоғары дәрежеде болады.

  5. Құқықтық мемлекеттің саяси негізі — халықтың, ұлттық тәуелсіздігін қалыптастырып қоғамдық билікті жан-жақты дамытып, адамдардың бостандығын, теңдігін қорғап, әділеттікті, демократияны орнату, қарым-қатынастарды реттеп басқару. Міне қоғамның осы негіздеріне сүйене отырып құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік қалыптасады.

2) Құқықтық мемлекеттің мақсаты, қасиеті, принципі.

Құқықтық мемлекет – саяси ұйымның билігі, адамның, азаматтың құқығын, бостандығын толық қамтамасыз етуге жағдайлар жасайды және мемлекеттік билікті құқықтың негізінде өз пайдасына пайдалануға мүмкіндік берілмейді. Құқықтық мемлекетті басқаша түсіндерсек, ол жеке тұлға мен қоғамның құқықтары мен бостандықтарының құқықтық қорғалуын өзінің негізгі мақсаты етіп қойған мемлекетті айтады. Бұл мемлекет өз мақсатын орындауда төмендегідей қағидаттарға сүйенеді:

А) құқықтың басымдылығы;
Б) адам мен азаматтың құқықтық қорғалуы;
В) мемлекеттік биліктің бөлінуі;
Г) заң үстемдігі;
Д) құқық пен заңның тұтастығы;
Е) мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы;
Ж) азаматтық қоғамның орнауы;
З) қоғамның құқықтық мәдениетінің жоғары болып, оның құқықтық санасы деңгейінің өсуі;
И) соттардың тәуелсіздігі;
К) антимонополиялық құрылымдардың тұрақты түрде қызмет істеуі.
Құқықтық мемлекетте барлық субъектілер өз әрекеттері бойынша жауапты және құқықтық теңдікті сақтай отырып құрылуы тиіс. Сондықтан құқықтық мемлекетте субъектілердің әрекет ету қағидаттары төмендегідей болады:

А) «Заңда тікелей көрсетілген әрекеттерге ғана рұқсат берілген» қағидат мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға ғана қатысты болып келеді.


Б) Құқық субъектілерінің қайсысына болсын атап-атап көрсеткенде азаматтар, заңды тұлғалар мен басқалай да шаруашылық субъектілеріне қатысты «заңмен тікелей тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етілген» қағидаты басшылыққа алынады.
Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын ең толық түрде қамтамасыз етудің тиісті жағдайларын жасау, сондай-ақ билікті асыра пайдалануға, оның диктатураға, деспотияға айналып кетуіне жол бермеу үшін мемлекеттік билікті құқық арқылы шектеп отыру – құқықтық мемлекеттің мақсаты болып табылады.
Елдегі атқарылатын барлық істер мен әрекеттерді орындауда заң мен құқыққа жүгінетін қиялдағы мемлекет, құқықтық мемлекет идеясы ежелден бері бар екендігін Платон «заңдар» деген диологындағы: «Заңы пәрменсіз және оның өзі әлдебіреудің билігінде кеткен мемлекетің жуық арада күйрейтініне сенімім кәміл. Ал, заңы – әміршілердің билеушісіне айналған және олар заңның құлы болған мемлекет есен-сау болады және ондай мемлекетке игіліктердің қандайын болса да құдайдың үйіп-төгері айдан анық деп есептеймін», - деп түйіндегенінен пайымдаймыз.

Құқықтық мемлекетің негізгі қасиеттеріне мыналар жатады:

А) адамның және азаматтың құқығы мен бостандығын мойындау және қорғау;
Ә) құқықтық заңның жоғарылығы (үстемдігі);
Б) егеменді мемлекеттік биліктің бөліну принципі негізінде ұйымдасуы және қызметі.

Құқықтық мемлекеттің негізгі екі принципі бар:




  1. Адамның және азаматтың құқығын, бостандығын толық түрде қамтамасыз ету, жеке адамдарға құқықтық ынталандыру режимін жасау (әлеуметтік, мазмұнды жақтары);

  2. Құқықтың көмегімен, мемлекеттік билікті біртіндеп байланыстыру, мемлекеттік бөлімдер үшін құқықтық тежеу режимін құру (формальды – заң жағы);

Бірінші принцип - Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында мынандай сөздермен бекіген: «Құқықтық мемлекет өзінің тағайындалған қызметін» біртіндеп орындауға міндетті – әрбір азаматтың жеке – басының жан-жақты даму мүмкіншілігіне кепіл беруі қажет.
Екінші негізгі принциптің жүзеге асырылуы мынадай жолдарды пайдалану арқылы жүргізіледі:


  • Билікті заң шығару, атқару және сот органдарына бөлу, мақсаты теріс пайдалануға жол бермеу;

  • Федерализм, көлденең бөлінген билікті, тағы да жоғарыдан төмен бөлу арқылы толықтыру жүргізеді;

  • Заңның үстемдігі (барлық конституциялық талаптарды қатаң сақтау арқылы жоғарғы билік органымен қабылданған заң, атқарушы билікпен өзгертілуге не жойылуға жатпайды);

  • Мемлекет пен жеке адамның екі жаққа бірдей жауапкершілігі; жоғарыдағы көрсетілген басқа, әртүрлі деңгейде оларға жағдайлар жасайтын принциптерді бөліп айтуға болады. Оған: қоғамдағы жоғарғы деңгейдегі құқықтық сана және құқықтық мәдениет азаматтық қоғамның болуы және барлық құқық субъектілерінің жағынан заңдардың орындалуына бақылау жүргізуді ұйымдстыру кіред




  1. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері, бағыттары.

Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері:




  • Мемлекеттік билікті үш түрге бөлу, олардың ара қатынасын қатаң сақтау; азаматтық қоғамның калыптасуы;

  • Қоғамда жоғары дәрежеде құқықтық мәдениеттің қалыптасуы, адамдардың рухани сана-сезімінің жақсы дамуы;

  • Мемлекеттік аппараттың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың өмірдегі қарым-қатынастарда өзара жауаптылығы;

  • Қоғамның экономикалық, әлеуметтік бағытында әділеттікті, теңдікті қамтамасыз ету үшін антимонополиялық органның қызметін қатаң бақылау;

  • Қоғамның ішкі құқық нормалары мен халықаралық құқықтың өзара қатынасын бақылап, жақсартып отыру;

  • Қоғамда заңның үстемділігін орнату, азаматтық қоғамды қалыптастыру. Адамдар “заңның құлы” болмайынша құқықтық тәртіпте, демократия да жақсы дамуға тиіс емес. Бұл туралы өмір тәжірибесінен қалыптасқан мынадай өсиет сөз бар:

Заң — мемлекеттің ақылы.
Сот — мемлекеттің жүрегі.
Мәдениет — мемлекеттің тәртібі.

Міне осы үш қағидалы өсиет өзара бірігіп қалылтасып және мемлекеттің ішкі заңдары көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келсе, елімізде мемлекет орнайды.

Құқықтық мемлекет орнатудың негізгі бағыттары:


  • Мемлекеттік биліктің үш саласының жұмысын жақсарту, әсіресе заңның, нормативтік актілердің сапасын көтеру;

  • Нормативтік актілердің дұрыс пайдалануын, орындалуын қамтамасыз ету, халықтың рухани сана-сезімін, мәдениетін жақсартып, көтеру;




  • Қоғамдағы қатынастарды дұрыс, жақсы реттеу-басқару бағытындағы мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың жұмысын жақсарту;

  • Бостандықты, теңдікті, әділеттікті, демократияны дамыту;

  • Заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша құқықтық мемлекет қалыптастырудың негізгі бағыттары демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру (1-бөлім).

Демократиялық мемлекет — Қазақстанды алдымен Конституция қабылдап, тікелей басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар республикалық құрылыстағы мемлекет ретінде танытатын ұғым. Республиканың жоғарғы органдары арқылы көпшілік қазақстандықтардың еркін шынайы анықтауға және мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті мүмкіндіктер береді. Демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді, мемлекеттік қызметке араласып, қатысуға тең құқықтар беріледі. Демократиялық мемлекет қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі — «Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық» (1-6. 2-т.).


Зайырлы мемлекет – Қазақстан Республикасында діни мекемелер мен дін ұстау мемлекеттен бөлістігін білдіреді және бұл Қазақстандағы ислам мен православиелік тағы басқа нанымдық ағымдарға бірдей қатысты. Діни негізде партия құруға жол берілмейді. Наным немесе атеизм мәселесі-әркімнің жеке басының шаруасы. Елдегі дін ұстау бостандығы мен діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлекет белгілеп, бақылайды.
Құқықтық мемлекет – Қазақстанның барлық органдары мен лауазымды адамдарының қызметі құқық нормаларына байланысты, соған бағынышты және соған сәйкес іс-әрекет жасайды. Құқықтың негізгі принцитері: азаматгар үшін - «заңға тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі», мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін — «Заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұксат». Барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттікті жоғары дәрежеге көтеру және азамат құқығы мен бостандығын халықаралық өлшем деңгейіне жеткізу Қазақстан мемлекетінің негізгі міндеті. Құқықтық мемлекетте Заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет