Жасалған операцияларды терреу тәртібі
Тексерілген және есепке алынған құжаттар операциялар жасалған уақыттар бойынша (хронологиялық тәртіппен) жүйеленеді және мемориалдық ордерлермен - жинақтаушы ведомостармен рәсімделеді, оларға тұрақты нөмірлер беріледі.
Операциялардың көлемі бойынша жинақтаушы ведомостар құруды талап етпейтін бюджеттік ұйымдарда шоттардың деректері жеке мемориалдық ордерлерде немесе жоғарыда көрсетілген тиісті нөмірлер беріліп, дәл бастапқы құжаттарға қойылатын бұрыштаманың таңбаларында көрсетіледі.
Жекелеген мемориалдық ордерлер операциялардың жасалуына қарай, бірақ жеке құжаттардың негізінде де, бір текті құжаттардың негізінде де, келесі күннен кешіктірмей жасалады. Мемориалдық ордерде қосалқы шоттардың деректері бір қосалқы шоттың дебеті және екінші қосалқы шотты несиесі жөніндегі немесе бір қосалқы шоттың дебеті және бірнеше қосалқы шоттың несиесі немесе керісінше, бір қосалқы шоттың несиесі және бірнеше қосалқы шоттардың дебеті жөніндегі операциялардың сипатына байланысты жазылады.
Мемориалдық ордерлерге бас бухгалтер немесе оның орынбасары мен орындаушы қол қояды.
Барлық мемориалдық ордерлер «Бас журнал» кітабында тіркеліп, тәртіп бойынша, қосалқы шоттар бойынша жүргізіледі.
«Бас журнал» кітабы өткен жылғы қорытынды балансқа сәйкес жылдың басындағы қалдық сомалары жазбаларымен ашылады. Ондағы жазбалар - мемориалдық ордерлердің жасалуына қарай, ал мемориалдық ордерлерді - жинақтаушы ведомостарды жасаған кезде - айына бір рет жүргізіледі. Мемориалдық ордерлердің сомасы басында «Ордер бойынша сома» бағанына, ал одан соң тиісті қосалқы шоттардың дебеті мен несиесіне жазылады. Дебет бойынша да, несие бойынша да, барлық қосалқы шоттар жөніндегі бір айлық айналымдардың сомасы "Ордер бойынша сома" бағанының жиынтығына тең болуға тиіс. Бір айдағы айналымдардан соң екінші бағанға әрбір қосалқы шот бойынша келесі айдың басындағы қалдық шығарылады.
Талдама есеп есептік тіркелімдерде (кітаптарда, карточкаларда, жинақтаушы ведомостарда, т.б.) жүргізіледі. Тіркелімдердегі жазбалардың тәртібі осы нұсқаулықтың тиісті бөлімдерінде баяндалған.
Бухгалтерлік кітаптарда жазбалар басталғанға дейін барлық беттер (парақтар) беттеледі. Соңғы бетке бас бухгалтердің қолы қойылып: «Бұл кітапта барлығы ___ бет (парақ) нөмірленген» деп жазылады. Касса кітабы, еңбек кітапшаларының бланкілері мен оған қосылған беттерді есептейтін кіріс-шығыс кітабы, жіппен байланып және сүргішпен бекітіледі парақтарының саны - бюджеттік ұйым басшысының және бас бухгалтердің қолымен, бюджеттік ұйым басшысының қолымен расталуға тиіс.
Әрбір кітаптың сыртында ұйымның, орталықтандырылған бухгалтерияның атауы және кітаптың ашылған жылы жазылады. Онда ашылған қосалқы шоттардың тақырыптары болуға тиіс. Жазбаларды кітаптың басқа беттеріне ауыстырған кезде осы қосалқы шот бойынша тақырыпқа жазбаның ауыстырылғаны туралы, жаңа беттердің нөмірлері көрсетіліп, белгі қойылады.
Бухгалтерлік есеп кітаптары жыл аяқталғанда онда бос парақтар болған жағдайда келесі жылдың операцияларын жазу үшін пайдаланылуы мүмкін. Мұндайда кітаптар архивке 2 жылда бір рет тапсырылады.
Карточкалар (активтер жөніндегі карточкалардан басқа) әрбір есеп үшін жеке жүргізілетін карточкалар тізбесінде тіркеледі. Активтерді есептеу карточкалары активтерді есептеу бойынша жеке карточкалардың жазбасында тіркеледі.
Карточкалар ішінде олар материалдық-жауапты тұлғалар бойынша, ал орталықтандырылған бухгалтерияларда және қызмет көрсетілетін ұйымдарда қосалқы шоттар бойынша орналастырылатын картотекаларда сақталады.
Материалдарды, бағасы төмен және тез тозатын заттарды т.б. есепке алатын карточкалар жыл сайын немесе екі жылда бір рет карточкалардың тізімдерімен, тізбелерімен және басқа бухгалтерлік құжаттармен бірге, тігілген күйінде архивке тапсырылады.
Соңғы түгендеу карточкасы бойынша құрал-саймандардың есептен шығарылғаны туралы белгі қойылған болса, активтерді есепке алу жөніндегі түгендеу карточкасының сипаттамасы архивке тапсырылады. Түгендеу карточкаларын архивке сипаттамасыз тапсырған кезде олар жеке ведомостқа жазылып, онда карточканың нөмірі мен есептен шығарылған құрал-саймандардың атаулары, ал орталықтандырылған бухгалтерияларда, бұдан басқа, қызмет көрсетілетін бюджеттік ұйымның атауы жазылады.
Бухгалтерлік есеп тіркелімдеріндегі жазбалар олар алынғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей бастапқы құжаттар бойынша жүргізіледі. Әрбір ай аяқталғаннан кейін талдамалық есептің тіркелімдерінде айналыстардың қорытындылары жасалады және қосалқы шоттар бойынша қалдықтар шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |