Реферат пәні : Қаржылық талдаудың автоматтандырылған жүйелері(ktazh3228-12-P) Тақырыбы: Қаржылық есеп берудің элементтері


Бухгалтерлік жазбалардағы қателерді түзеу тәртібі және тексеру



бет4/6
Дата10.03.2022
өлшемі53,63 Kb.
#27480
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Отаралы А1

Бухгалтерлік жазбалардағы қателерді түзеу тәртібі және тексеру

Өткен жыл үшін бухгалтерлік есептің жазбаларында байқалған қателерді түзету мынадай тәртіппен жүргізіледі: 

а) бухгалтерлік балансты тапсыру сәтіне дейінгі осы есепті кезеңде байқалған, аталған мемориалдық ордердің өзгертілуін талап етпейтін қателер дұрыс емес сомалар мен мәтінді, сызылып қалған жазбаларды оқуға болатындай етіп, жіңішке сызықпен сызып тастау арқылы түзетіледі және сызықтың үстіне түзеткен мәтін мен сома жазылады. Сонымен бірге осы арада тиісті жолдың тұсына бас бухгалтердің қолымен "түзетілді" деп жазылады; 

ә) бухгалтерлік балансты тапсыратын сәтке дейін байқалған, мемориалдық ордердегі қатеден пайда болған қателікті жазба оның сипатына байланысты қосымша мемориалдық ордер мен немесе «Қызыл сторно» тәсілі бойынша түзетіледі; баланс беріліп қойған, сол есепті кезеңдегі бухгалтерлік есептің жазбаларында байқалған барлық жағдайларда қателер дәл осылай түзетіледі. Қателерді түзету жөніндегі қосымша бухгалтерлік жазбалар, сондай-ақ «Қызыл сторно» тәсіліндегі түзетулер мемориалдық ордерлермен рәсімделеді, оларда, әдеттегі реквизиттерден басқа, аталған мемориалдық ордер арқылы түзетілетін мемориалдық ордердің нөміріне және уақытына сілтеме жасалады. 

Синтетикалық және аналитикалық есеп шоттары бойынша бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығына бақылау жасау үшін тиісті синтетикалық шоттармен біріктірілген аналитикалық шоттардың әрбір тобы бойынша айналыс ведомостары жасалады. Айналыс ведомостарының әрбір аналитикалық шоттары бойынша айналыстар мен қалдықтардың қорытындылары «Бас журнал» кітабының осындай қосалқы шоттары айналыстарының және қалдықтарының қорытындыларымен салыстырылады. 

Айналыс ведомостары - ай сайын, ал активтер мен арзан құнды және тез тозатын заттар бойынша тоқсан сайын жасалады. Айналыс ведомостындағы жазбалар қажет болған кезде бірнеше жыл бойы жүргізіледі. 

Жаңа қаржылық жылда синтетикалық және аналитикалық шоттар бойынша бухгалтерлік тізімдемелерде қалдықтардың сомалары қорытынды баланспен және өткен жылғы есептік тізімдемелермен толықтай сәйкес жазылады. 

Егер жоғары тұрған ұйымдар - жылдық есепті бекіткен кезде немесе қаржылық орган қабылдаған кезде қорытынды балансқа түзетулер жасалса, онда тиісті жазбаша өкімнің негізінде бұл түзетулер өткен қаржылық жылдың тізімдемелеріне де (бухгалтерлік жазбаны түзету жолымен), ағымдағы жылдың тіркеліміне де (кіріс қалдықтарын өзгерту жолымен) енгізіледі. 

Әрбір есепті ай біткен соң барлық мемориалдық ордерлер, мемориалдық ордер-жинақтаушы ведомостар оларға қатысты құжаттармен бірге мерзімдік тәртіппен іріктеліп, жинақталуға тиіс. Құжаттардың саны аз болған жағдайда жинауды бір папкаға үш ай бойы жүргізуге болады. Мұқабаның сыртына: бюджеттік ұйымның немесе орталықтандырылған бухгалтерияның атауы; папканың, істің атауы мен рет нөмірі; есепті кезең - жылы мен айы; мемориалдық ордерлердің бастапқы және соңғы нөмірлері; істегі парақтардың саны жазылады. 

Бастапқы құжаттардың, есеп тіркелімдерінің, бухгалтерлік есептер мен баланстардың сақталуын, рәсімделуін және оларды архивке тапсыруды бас бухгалтер қамтамасыз етеді. 

Бастапқы құжаттар, есеп тіркелімдері, бухгалтерлік есептер мен баланстар оларды архивке тапсырғанға дейін бас бухгалтер өкілеттік берген тұлғалардың жауапкершілігімен бухгалтерияда арнаулы бөлмеде немесе жабылатын шкафтарда сақталуға тиіс. 

Істер бюджеттік ұйымның бухгалтерлік архивінде белгіленген мерзім ішінде сақталады. Сақтау мерзімі біткеннен кейін істер белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік архивке тапсырылады. Архивке істердің тапсырылғанын растайтын құжаттар бухгалтерлік қызметте тұрақты сақталады. 

Бюджеттік ұйымдардың бастапқы құжаттарын, есеп тізімдемелерін, бухгалтерлік есептері мен баланстарын шығарып алуды тек тексеріп білу, алдын-ала тергеу, прокуратура органдары, соттар мен салық қызметі органдары ғана Қазақстан Республикасының салықтық және қылмыстық-іс жүргізу заңдарына сәйкес жүргізе алады. 

Бюджеттік ұйымның тиісті лауазымды тұлғалары, шығарып алуды жүзеге асырған органдар өкілдерінің рұқсатымен және қатысуымен, құжаттарды алудың негіздері мен уақытын көрсете отырып, олардың көшірмелерін түсіріп ала алады. 

Егер құжаттардың толық рәсімделмеген (тігілмеген, нөмірленбеген және с.с.) томдары шығарып алынса, бюджеттік ұйымның тиісті лауазымды тұлғалары бұл томдарды толтырып рәсімдей алады (сипаттама жасайды, парақтарды нөмірлейді, жіппен тігеді, мөрлеп жабады, өз қолымен, мөрімен растайды). 

Бастапқы құжаттар жоғалған немесе жойылған жағдайда бюджеттік ұйымның басшысы жоғалудың немесе жойылудың себептерін қызметте тергеу жөнінде өз бұйрығымен комиссия тағайындайды. 

Қажет болған жағдайларда комиссияның жұмысына қатысу үшін тергеу, күзет және мемлекеттік өрт қадағалау органдарының өкілдері шақырылады. 

Комиссия жұмысының нәтижелері актімен хатталады, оған комиссияның мүшелері қол қояды және бюджеттік ұйымның басшысымен бекітіледі. 

Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi: 

бухгалтерлiк жылдық, тоқсандық есептiлiктi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген мерзiмде және тәртiппен жасауға және тапсыруға; 

бухгалтерлiк есепті жүргiзудiң әдiстемесiн және жалпы әдiстемелiк принциптердi сақтай отырып, өз жүйесiнің мемлекеттің мекемелерiнде есептiлiктi жасауды жүзеге асыруға; 

ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің қаржылық-бухгалтерлiк қызметiнiң есепке алу жүйесін қамтамасыз етуге, оларға жүктелген функциялардың орындалуына жүйелi бақылау жасауды қамтамасыз етуге;

ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің қаржылық-бухгалтерлiк қызметтерi мамандарының бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге мiндетті.

Бухгалтерлік есепті жүргізу және бухгалтерлік есепті жасау үшін бюджеттік ұйымды нұсқаулық құжаттармен қамтамасыз етуді жоғары тұрған ұйымдар жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет