Реферат пәні : Қаржылық талдаудың автоматтандырылған жүйелері(ktazh3228-12-P) Тақырыбы: Қаржылық есеп берудің элементтері



бет2/6
Дата10.03.2022
өлшемі53,63 Kb.
#27480
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Отаралы А1


















    1. Қаржылық секторындағы бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі тәртіптері

Бухгалтерлік есепті тізімдемелерге жазу үшін операциялардың жасалған фактісін белгілейтін құжаттар негіз болып табылады. 

Бастапқы құжаттар - операциялар іске асырылған сәтте, егер мұның мүмкіндігі болмаса тікелей операцияның аяқталуы бойынша жасалуға тиіс.

Құжаттардың уақытында және тиісті сапада жасалуы, олардың бухгалтерлік есепте көрсету үшін белгіленген қажетті мерзімде тапсырылуы, құжаттарға қамтылған деректердің шынайылығы үшін осы құжаттарды жасаған және оған қол қойған тұлғалар жауап береді. Бастапқы құжаттардағы жазбалар ұзақ уақыт бойында олардағы жазулардың сақталуын қамтамасыз ететін құралдармен ғана жүргізілуге тиіс. 

Жазбаларды есеп тізбелерінде көрсету үшін шаруашылық операцияларының жасалған фактісін растайтын, дұрыс рәсімделген бастапқы құжаттар негіз болады.

Бастапқы құжаттардың заңды күшке ие болуы үшін мынадай реквизиттері болуы керек: құжаттың атауы (үлгісі), үлгінің коды; жасалған уақыты; шаруашылық операциясының мазмұны; сапалық және құндық көріністердің өлшемдері; операцияларды жасау және олардың рәсімделуінің дұрыстығы және лауазымды тұлғаның атауы; жеке қойылған қолдар және олардың талдамасы. 

Бастапқы құжаттың электрондық бейнесінің рәсімделген қағазда жеткізуші, бастапқы құжаттың күші болады. Электрондық қойылған қолдарды пайдаланушы электрондық қолдарды пайдаланудың және алудың құқықтарына қатысты, тиісті сақтық және бақылау шараларын белгілеуге тиіс.

Қажетті жағдайларда бастапқы құжатқа қосымша реквизиттер: құжаттың нөмірі, ұйымның атауы мен мекен-жайы, құжатта расталған операцияны жасауға қажетті негіз, қосымша операциялардың сипатымен анықталатын басқа да қосымша реквизиттер енгізілуі мүмкін. 

Бастапқы құжаттарда - мәтін бөлігінде де, сандық деректерде де тазартуға және келісілмеген түзетулерге жол берілмейді. 

Бастапқы құжаттардағы қателер қате мәтінді немесе сомаларды сызып тастау және сызықтың үстінен дұрыс мәтінді немесе соманы жазу жолымен түзетіледі. Сызып тастау бұрынғы жазу көрініп тұратындай етіп жіңішке сызықпен жүргізіледі. Бастапқы құжаттағы қатені түзету "түзетілді" деген жазумен көрсетілуі және түзету уақыты көрсетіліп, құжатқа қол қойған тұлғаның қолымен расталуы тиіс. 

Касса мен банк құжаттарында түзетуге жол берілмейді. 

Есеп тіркемелеріндегі жазбалар үшін негіз болатын құжаттар ұйымның бас бухгалтері белгілеген және басшысы бекіткен мерзімдерде бухгалтерлік қызметке тапсырылуы тиіс. 

Материалдық жауапты тұлғалар құжаттарын тапсыруды тіркеген кезде, екі данада жасалған, тауарлы-материалды құндылықтардың кірісі мен шығысы бойынша бастапқы құжаттарды (кіріс және шығыс құжаттары бойынша жеке толтырылған) тапсырады. Материалдық жауап беретін тұлғаның қатысуымен жүргізілген, тапсырылған бастапқы құжаттардың дұрыс рәсімделуі тексерілген соң бухгалтер қызметкердің қолы қойылған тізімдеменің бір данасы материалдық жауапты тұлғаға қайтарылады, екінші данасы бухгалтерлік қызметтің іс-қағазында қалады.

Ақшалар мен материалдық құндылықтардың сақталуы үшін жауапты тұлғалармен толық материалдық жауапкершілік туралы белгіленген тәртіппен жазбаша шарт жасалады. 

Бухгалтерлік қызметке келіп түскен бастапқы құжаттар үлгісі бойынша да (бастапқы құжаттарды рәсімдеудің, реквизиттерді толтырудың толықтығы мен дұрыстығы), мазмұны бойынша да (құжатталатын операциялардың заңдылығы, жекешеленген көрсеткіштердің пайымдық қисыны) міндетті түрде тексеріледі. 





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет