Реферат пәні: Биология оқыту әдістемесі және оқытудың заманауи технологиялары



бет5/6
Дата28.11.2023
өлшемі207,72 Kb.
#131016
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Биологиялық активті пептидтер
Көптеген пептидтер адамның, жануарлардың жəне өсімдіктердің ұлпасында бос күйінде кездеседі. Пептидтердің ішіндегі ең қарапайымы-глутатион. Ол трипептид (Глу-Цис-Гли) глутятион ұлпалардың бөрінде де кездеседі жəне күшті тотықсыздандырғыш, цистеин сияқты оңай тотығады, сөйтіп гексапептидке айналады.

Глутатион белоктардың алмасуына қатысатын ферменттер активтілігіне күшті əсер етеді. Ол клетка мембранасы арқылы жүретін амин қышқылдары тасымалына (қозғалысына) қатысады. Белоктардың сульфгидрил тобын тотықтыратын тотықтырғыштардың зиянды əсерінен (мысалы, олар молекулалық оттегінің тотықтыруынан) қорғайды. Бұл жағдайда белок тотықпайды, глутатион тотығады. Гипофиздің артқы бөлігіндегі окситоцин мен вазопрессин гормондары төменгі молекулалы пептид болып табылады жəне амин қышқылының 9 қалдығынан тұрады. Олар синтездік жолмен алынған. Гипоталамус гормондары - төменгі молекулалы пептидтер (тиреолиберин-трипептид, люлиберин- декапептид жəне т.б.) бөлініп алынған. Ол гормондар гипофизде гормон түзілуге күшті əсер етеді. Жүйке жүйесін қоздырып, оны қозғайтын пептидтердің ерекше маңызы бар. Мұндай гормондар ең алғаш миэкстрактынан табылған болатын жəне олар энкефалин (грек тілінде - "бастағы' деген мағынаны білдіреді) деп аталады. Оларды сондай-ақ опиатты пептидтер деп те аталады. Өйткені, əсер ету механизмі морфиннің жəне басқа да опиаттардың əсер ету механизміне ұқсайды.
Біреуінің екіншісінен айырмашылығы С-соңғы амин кышқылдарына байланысты екі пентапептид табылған. Олар: Тир-Гли- Глю-Фен-Мет энкефалин, С-соңында метионин бар (Мет энкефалин). Тир- Гли-Гли-Фен-Лей энкефалин, С-соңында лейцнн бар (Лей энкефалин). Бұл екі пентапептидтің құрылысына қатысты болымсыз ғана өзара айырмашылығы - олардың ауырғанды басатын қасиеті ерекше əсер етеді. Мысалы, лаборатория жағдайында зерттеген кезде Мет-энкефалиннің ауырғанды басу əсері, Лейэнкефалинмен салыстырғанда 20 еседен де күшті екені анықталған (Р.Бохински, 1987 ж.). Бұлардаң басқа да опиатгы пептидтер табылды. Əсіресе, динорфин (ол 13 амин қышқылы қалдығынан тұрады), эндорфин (31 амин қьшқылы қалдығынан тұрады) сияқтылары күшті əсер етеді. Аспартам деп аталатын дипиптидтің маңызы ерекше зор. Оның тəттілігі сахарозадан 300 есе басым. Ол аспарагин қышқылымен фенилаланин (метилденген фенилаланин) дипептидінің метильді эфирі болып табылады:
O
II
Асп–Фен–C– O –CH3
Аспартам мүлде зиянсыз, қуат (энергия) бермейді, болмашы ғана мөлшерінің өзі өнімге тəтті дəм береді.
Қорытынды
Ақуыздар – пептидтік байланыспен байланысқан амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын макромолекулалық биополимерлер.
Пептидтер —полимерлі қосылыстар, кұрылым бірлігі ретінде амин қышқылдар қалдықтары алынады.
Қазіргі таңда пептидтерді косметологияда, бодибилдингта, тағам өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Пептидтерді косметологияда пайдалану бұрынғы, сонау Клеопатра заманынан бері белгілі. Ол сүтті ванналар және т.б. Қарапайым тілде айтқанда амин қышқылдары пептидтік байланыспен – ақуыздарды құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет