Реферат пәні: Биология оқыту әдістемесі және оқытудың заманауи технологиялары



бет3/6
Дата28.11.2023
өлшемі207,72 Kb.
#131016
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Биохимия соөж

Пептидтердің химиялық синтезі
Пептидтерді химиялық жолмен ең алғаш синтездеп алған Э.Фишер болатын. Э.Фишер алған пептид 18 амин қышқылы қалдығынан тұрады. Бұл жаңалық жиырмасыншы ғасырда ғылымдағы белок жөніндегі қол жеткен аса үздік табыс еді. Бұдан кейін құрамы 19 амин қышқылы қалдығынан тұратын пептидтер (оны тапқан Фишердің шəкірті Абдерхальден) жəне құрамы 20 амин қышқылы қалдығынан тұратын пептидтер (Бергман) синтездеді. Бұл ғалымдардың белокты синтездеп алуға қатысты əдістерінің, тиімділігі онша үлкен емес. 1960 жылдар шамасында Меррифельд белок синтездеудің болашағы зор əдісін жəне өте ұзын пептидтерді синтездеу əдісін тапты.
Инсулин химиялық жолмен осы əдіс бойынша синтезделіп алынды. Ол химиялық жолмен (пробиркада) алынған алғашқы белок болатын. Бұл жаңа əдістің негізін қалауға себеп болған идея мынадай: белок синтезі оның, қатты фазада тұрған кезінде жүзеге асырылады, соның нəтижесіңде синтездің əр кезеңінен аралық өнім бөлінбейді жəне полипептидтік тібектің ұзаруымен мүмкіндік береді. Мұндай синтез кезінде қорғалған амин тобы бар бірінші амин қышқылы қатты ұстауыш (носитель) полистиролдық смоланың ион алмастырушының С1СН2- тобымен қосылып якоръ байлаушысы дегенді түзеді. Осыдан кейін смола арқылы амин қышқылдарын ерітіндімен өткізе отырып, пептид тізбектерін ұлғайта түседі. Синтездің соңында жинақталған қажетсіз топтарды бөліп шығарады да, пептидті қатты ұстауыштан (носительден) ажыратады. Дисульфид байланысының қалыптасуын химиялық жолмен жүзеге асырады. Молекулалық массасы біршама үлкен пептидтерді синтездеуде бұл автоматтандырылған тəсілдің маңызы зор.
Олигопептидтер
Олигопептидтер - бірнеше амин қышқылдарынан тұратын кішігірім полипептидтер. Олардың құрамына кіретін аминқышқылдардың санына байланысты мысалы :дипептид, трипептид, пентапептид және т.б.
Кейбір антибиотиктер мен гормондар олигопептидтер болып табылады.
Медициналық әсер бойынша олигопептидтер физиологиялық регулятор және организмнің активатор қызметін атқарады. Бұл компоненттер құрамына байланысты (сирек кездесетін аминқышқылдар жиынтығынан) адамның барлық ішкі жүйесін реттеуге қабілетті.
Адамда сырткы жане ішкі шарттарға жылдам бейімделуіне жауап беретін реттеуші жүйе бар. Мысалы физикалық жұмыс ауырлығы үдеген кезде мынандай командалар беріледі: тыныс алуының жиілеуі, өкпе жұмысының күшеюі, қантамырлардың кеңеюі-бұл дене енбегімен әрі қарай айналысуға көмектеседі, организмның барлық клеткаларын тепе-теңдікте керек заттармен камтамасыз етіп дененің кызып кетуінен сақтайды.
Кәрілікке қарсы эксклюзивті дәрілерді олипептидтер деп атайды. Олар жасуша жұмысын бакылайды бірақ олар қорек көзі болып табылмайды. Олигопептидтер - бұл табиғи амин кышкылдарының байланысы, химия және ГМО азық-түліктері косылмаған. Бұл заттар , организмнин өзі шығаратындықтан, дәл сондықтан олигопептидтердің кері әсері және қарсы көрсетілімдері жоқ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет