4. Дене жүктемелерінде жедел және ұзақ уақыт бейімделудің сапасы және тиімділігін физиологиялық бағалаудың ұстанымдары.
Ұзақ уақыт жұмыс кезіндегі жүрек – тамыр жүйелері өлшемдерінің өзгерістері өз орнығуы бойынша орталық немесе шеткі шығу тегін ала алады. Жүрек бұлшық еттерінің шаршауы механикалы соғу ұзақтығының ұлғаюымен, ұзақ уақыт жұмыс соңына қарай соғу жиілігінің өсуіне қарамай, жүректің көлемінің ұлғаюымен айқындалады.
Субмаксималді орындау кезінде жылу бөлуді ұлғайту үшін күшті тері қан ағынымен қажет ететің жылу өнімінің күшеюі жүреді. Сондықтан, жұмыстың бас кезінде байқала алатын тері вазоконстрикциясы, оның жалғасуы дененің температурасы жоғарылауымен жойылады және вазодилатациямен алмасады. Бұндай жағдайда басқа белсенді емес аймақтардың вазоконстрикциясы негізінде біртіндеп күшейетін тері вазодилатациясы жалпы шеткі тері кедергісінің прогрессивті кемуіне әкеп соғады.
Сонымен ұзақ уақыт бойы ауыр жұмыс кезіндегі жүрек – тамыр жүйесі әрекетіндегі өзгерістер, бірінші ретте дене температурасының жоғарылауы арқасында жүретін жылу реттегішті өзгерістермен байланысқан. Әсіресе, ауыр жұмыс ауаның жоғары температурасы кезінде жүргізілетін болса, жүрек-тамыр жүйесіне жоғары талаптар қойылады. Бұл жағдайда осы жүйе бір уақытта бұлшық ет әрекетінің жоғары метаболиттік және күшейтілген жылу беру сұраныстарын қанағаттандыру қажет. Бұл екі мәселе – бұлшық ет және тері екі үлкен тамырлы аймақтарда, олардың қанның минөттік көлеміне деген таласын тудыра отырып, біруақыттық вазлодилатациясын талап етеді.
5.Спорттық физиологияның дене тәрбиесі және спорт теориясы мен практикасы үшін маңызы
Физиология спортының денсаулығын сақтай отырып, оның спорттық іс-әрекетінде үлкен нәтижелерге жетуіне мүмкіндік беретін білімнің негізін құрап, дене тәрбиесі мен спорт ілімінде маңызды орын алады. Спорт физиологиясы негізінен: қимыл әрекеттерін қалыптастыру механизмдерін; машыққандығы мен жұмыс қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіштерді; машыққандығын дамытатын механизмдерді; спортшы ағзасының физиологиялық резервтерін зерттейді.
Келешек бапкерлер мен дене тәрбиелеу мәдениеті оқытушылары спорт физиологиясынан мемлекеттік емтихан тапсырып, мамандығын жетілдіру факультетінің тыңдаушылары өз білімдерін жаңартуымен айқындалады. Бапкерлер мен дене тәрбиелеу мәдениеті оқытушылары үшін спорттық әрекеттің физиологиялық заңдылықтарын білу мынадай мақсаттарда қажет:
Машықтанушылардың денсаулығына нұқсан келтірмеу;
Машықтану процесін сапалы құру \құрылысы бойынша қатаң емес\;
Машықтану процесінде зорықтырмау, зорығу қалған жағдайда машықты тоқтату;
Жауапты жарыстарға спортышыларды іріктеудің негізі;
Машықтану процесін жетілдіру үшін спортшы ағзасында машықтану және жарыс кезіндегі қызметтік жағдайды түсіну;
Адам ағзасында машықтану және жарыс кездерінде өтіп жатқан өзгерістерді өз шәкірттеріне дұрыс түсіндіріп, өзінің тапсырмалары мен ұсыныстарын дәлелдеу.
Спорт физиологиясының заңдылықтарын білу бапкерлермен дене тәрбиелеу оқытушыларының өзіндік іскерлігі мен жеке мақсаттардағы көзқарасын кеңейте түседі және ұжымда өзіндік бедел алады.
6. Қорытынды.
Дене тәрбиесіндегі физиологиялық дайындық өте маңызды. Әр саланың өзіндік физиологиялық дайындықтары бар. Сол сияқты дене тәрбиесініңде физиологиялық дайындығын білу маңызды болып табылады. Оған бізде Спорттық физиология қолданбалы ғылым ретінде, оның міндеті, басқа ғылымдармен байланысы, қене жаттығуларының ағзаға әсері, адамның қозғалыс-қимылдарын басқару, қимыл дағдылары дамуының физиологиялық механизмдері, Дене жаттығуларының ағзаға әсері, адамның қозғалыс-қимылдарын басқару, Қимыл дағдылары дамуының физиологиялық механизмдері, бұлшық ет қызметіне, қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларына бейімделу және ағзаның қызметтік қорлары, спорттық физиологияның дене тәрбиесі және спорт теориясы мен практикасы үшін маңызы секілді дайындық жоспарлары жатады.
Пайдалынылған әдебиеттер
Спортивная физиология: Учебник для институтов физической культуры.\под.ред. Я.М. Коца. М.,ФиС,1986
Физиология мышечной деятельности: Учебник для институтов физической культуры.\под.ред. Я.М. Коца.-М., ФиС, 1982
Физиология физического воспитания и спорта. Смирнов В.М. Дубровский В.И. – М., Влад. Пресс.2002.
4.Физиология спорта и двигательной деятельности (перевод с анг) Олимпийская литература, 1997, 307с.
Спортивная физиология. Руне федман. Перевод со шведского. С.К. Елисеевой. – М., ФиС,1980
Спортивный отбор. В.М. Волков, В.П. Филин.-М., ФиС,1983 аудармалары
Достарыңызбен бөлісу: |