Реферат «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды дамыту»


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды дамыту



бет4/5
Дата15.11.2023
өлшемі53,32 Kb.
#124110
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
РЕФЕРАТ

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды дамыту
2015 жылы 15 қарашада бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 6 бабында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі жазылған. Олар:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне,сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызметі.
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі.
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтау - қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесі.
6) қаржылық бақылауды;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қою;
8) мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді;
9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау;
10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жою;
11) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және жариялау. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік таныту керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұрт болып жұмыла қарсы тұрсақ бұл мәселені шешуге ұшан-теңіз септігін тигізеді. "Бастаушы болса қостаушы бар". Сондықтан қоғамның басты ескеретіні ұсыныс жасаушылық тарапы болса, бас тарту ісін құптауы тиіс. Өркениетті алға жетелейтін бағытты ұстанып, артқа тартатын шырмаудан түрлі бәле- кесапаттан сақтанып, бас емес, жаман дертті балаққа шығармайтындай халде болашаққа нық сеніммен ел қадам баса, сонда ғана әлем алдында мемлекет беделі, абыройы алтынмен әспеттелетіндей.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері сегіз жылдың ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көрністерінің азаюы байқалады. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік таныту керек. Пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Жемқорлықсыз ел болу үшін қолында билігі бар азаматтар, қарапайым халық «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңында бекітілген баптарды, жүйелерді ұстану керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет