ҚОРЫТЫНДЫ
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің бек көтеріліп жүру үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет. Бұл індет -адамзат баласына жат қасиет.
Сыбайлас жемқорлық еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз. Мемелекеттік сатып алу, мемлекет қаржысын талан – тараж етіп, ысырап қылу, жер телімін заңсыз беру, дүние мүлік, ақша капиталын салық декларациясын, яғни мемлекеттен жасырып қалу сияқты мемлекет қалтасына қауіп төндіретін жат қылықтар елімізде баршылық. Сондықтан да елімізде 2015 жылы 18 қарашада бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, қазіргі кезде елімізде бұл мәселені шешуге үлкен ықпалын қосуда.
Бүгінгідей өз алдына дербес ел болып, еңсесі биік отыз мемелекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта, сол адами қалып-парасат биігіне жету үшін қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуіміз қажет.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы. http://adilet.zan.kz
. Антикоррупционная политика: учебное пособие / под ред. Г. А. Сатарова.-ibr.aues.kz/facultet/104_FIT/109_Sotsialnie_distsiplini/68_ Antikorruptsionnaya_politika_v_Kazahstane
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері: оқу құралы /б.ғ.д., профессор Б. С. Абдрасилов. –2016.- https://ahpc.edu.kz/wp-content/uploads/Сыбайлас-жемқорлыққа-қарсы-стратегиясы.pdf
Гараев.Р.Ф., Селихов Н.В. Понятие коррупции// Следователь.2001.№2- http://lawlibrary.ru/article1114805.html
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама//2019-
https://czn.kz/wpcontent/uploads/2020/05/Национальный-доклад-за-2018-год-гос.яз..pdf
Астана 2023
Достарыңызбен бөлісу: |