Реферат Тақырыбы : Емдік дене шынықтыру: түрлі ауруларды болдырмауға бағытталған дене жаттығулар кешені Қаржы 21 тобы



бет2/4
Дата24.11.2022
өлшемі25,63 Kb.
#52409
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Емдік дене жаттығулары

Эрготерапия : Ұсақ моториканы қалыпқа келтіру және дамытуға арналған құралдармен ,тренажерлармен жабдықталған. Емдеу практикасын ойдағыдай енгізуде біздің орталықтың мамандарының тәжірибесі,әр пациенттің проблемаларын шешудің кешенді тәсілі, басқа бөлімшелермен тығыз ынтымақтастығы, емдік дене шынықтырумен оңалтудың заманауи әдістері зор ықпал етеді.


Механотерапия: бұл емдеу тәсілі арнайы  құрылғыларда буындардың сылбыр жұмысын жақсартуға арналған емдеу терапиясының әдісі. Механикалық аппараттардағы жаттығулар қан және лимфа айналымын, бұлшық ет және буындардағы зат алмасуларды жақсартуға, олардың атқарымдарын қалпына келтіруге әсер етеді. Тірек-қозғалыс аппараты зақымданған кезде пассивті механотерапия негізгі емдеу әдісі болып табылады және буындар жұмысын жақсартуда қолданылады. Механотерапияны пациенттердің өздігінен оңай ауырсынуынсыз жасалады, себебі аялауыш сабақ тәртібі пациенттермен сабақтың қарқындылығын, құралдың жұмысын басқару пультімен реттеуге мүмкіндік береді. Механотерапия тірек-қозғалыс аппаратының жарақатынан туындаған буын қозғалысы шектеулі пациенттерге арналады.


Кинезотерапия: көмек көрсету кезінде ірі және майда буындар, омыртқа жотасы мен тірек-қимыл аппараты аурулары,остеохондроз, гонартроз, коксартроз, дене мүсінінің бұзылуы, арқа, буын аурулары, және т.б. аурулар ойдағыдай емделеді. Инфаркт, инсульт алған, бас-ми жарақаты бар сырқаттар үшін кинезотерапия ең үздік оңалту әдісі болып табылады.

Емдік дене шынықтыру түрлері :
Таңертеңгі гигиеналық гимнастика - таңертең медициналық мекемелерде, сондай-ақ үйде оянғаннан кейін бірден жасалады. Таңертеңгілік жаттығулар жүрек-тамыр жүйесін, тыныс алу жүйесін нығайтуға, метаболизмді жақсартуға көмектеседі, сонымен қатар бүкіл денеге жалпы тоникалық әсер етеді. Сабақтың ұзақтығы науқастың жағдайына және оны өткізу жағдайларына байланысты (палатада, таза ауада) және 10-20 минутты құрайды.
Емдік гимнастика - ағзаға жалпы күшейтетін әсер етеді, ауру мен оның сатысына сәйкес қойылған міндеттерді шешеді. Дене жаттығуы адам ағзасының өмірлік функцияларының күшті стимуляторы болып табылады. Топтық сабақтар аурудың сипаты мен оның өту сатысы бойынша топқа біріктірілген пациенттермен жүргізіледі.
Сабақ барысында айқын әсер алу үшін спорттық жабдықтар мен көмекші құрылғыларды қолдануға болады. 
ЕДШ жүргізу әдістері 
Жеке сабақтар - операциядан кейінгі ерте кезеңде қозғалу қабілеті шектеулі науқастармен қолданылады;
Топтық сабақтар – пациенттер топқа пациенттің ауруына және олардың функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес қабылданады. 
- Консультативтік немесе дербес - шығару алдында пациентке жаттығулардың арнайы жиынтығы үйретіледі, содан кейін ол қол жеткізілген нәтижелерді бекіту үшін үйде жасайды.
Емдік гимнастика денсаулық сақтау мекемелерінде: стационарларда, санаторийлерде, емханаларда өткізіледі. Тірек-қимыл аппараты (ТҚА) бұзылған жеке сабақтардың ұзақтығы 10-15 минутты, ал топтық сабақтардың ұзақтығы 30-45 минутты құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет