Реферат Тақырыбы : Саяси мәдениет Орындаған: Оқу тобы: Қабылдаған: Алматы, 2022 жыл Мазмұны



бет2/4
Дата13.10.2022
өлшемі29,47 Kb.
#43003
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Саяси мәдениет типтері сс

Саяси мәдениеттің типтері. Нақтылы қоғамда бағдардың қай түрі басымдық танытып отырғанына орай (мысалы, білімдік немесе сенімдік бағдар) саяси мәдениеттің үш типін ажыратуға болады:
1. патриархалдық
2. бодандық
3. қатынасу мәдениеті.
Патриархалдық саяси мәдениет- жергілікті құндылықтарға (мысалы, белгілі бір әулеттің, тайпаның, рудың, әлеуметтік таптың құндылықтарына) негізделіп, соған орай жалған патриотизмге, сыбайлас жемқорлыққа, жершілдікке, рушылдыққа жетелеуі ықтимал. Мұндай саяси мәдениет иегерлерінің қоғамның саяси жүйесі туралы түсінігі шамалы, олардың саяси өмірге қатынасы да шектеулі, нақтылы саяси рөл атқаруға деген құлшынысы төмен болмақ.
Бодандық саяси мәдениетке- жататын адамдардың қоғамның саяси жүйесі туралы белгілі бір түсінігі болғанымен, олар саяси өмірге енжар ғана араласып, көбіне билікке, заңға мойынсынып өмір сүреді. Олар, бір жағынан, биліктен жасқанып, бодандық мінез танытса, екінші жағынан, оған иек артып, әртүрлі игіліктер, әлеуметтік жәрдемдер (жалақыны не зейнетақыны көтеру, тұрмыстық қызмет үшін төлемдерді азайту және т.б.) күтумен болады.
Қатынасу мәдениетіне- саяси белсенділік тән, сондықтан оны басқаша азаматтық мәдениет деп те атайды. Азаматтар саясатқа белсенді араласып, саяси талаптар қою арқылы саяси жүйенің қызметіне заңды түрде әсер етіп отырады.
Нақтылы өмірде саяси мәдениеттің бұл үш типі таза күйінде сирек кездеседі. Олар араласып, белгілі бір пропорционалдық қатынаста қатарласа өмір сүріп, ұштасып жатады. Сондықтан біреуінің үстемдігі, басымдығы туралы ғана айтуға болады. Мысалы, дамуы жағынан артта қалған елдерде саяси мәдениеттің бірінші типі басымдық танытса, екіншісі тоталитарлық және авторитарлық саяси режімдегі елдерде басым түседі. Батыстың дамыған демократиялық елдерінде қатынасу мәдениеті үстемдік танытып отырады.
Саяси мәдениеттiң саясаттануда үлкен модельдерi бар:
-тоталитарлы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет