Реферат тақырыбы : Талдау жасайтын тапсырмалар Орындаған: Мырзан. Ж тексерген: Сыздыков. С


Қазан хандығы құрылғанда Асан жыраудың жаңа Орданың ұраншы-абызы болуы



бет2/5
Дата17.03.2023
өлшемі30,25 Kb.
#75105
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ðåôåðàò òà?ûðûáû Òàëäàó æàñàéòûí òàïñûðìàëàð Îðûíäà?àí Ìûðçàí

Қазан хандығы құрылғанда Асан жыраудың жаңа Орданың ұраншы-абызы болуы
Дешті-Қыпшаққа қайта оралған Асан би 1450 жылдан бастап, Əбілқайыр хан қарауында билік құрады. Бұл кезде де ол көптеген хандық, билік тартыстардың қайнаған ортасында жүріп, өзінің шешендік, пəлсапалық жыр-толғауларымен ел құрметіне бөленеді. Керей, Жəнібек сұлтандар бастаған рулардың Əбілқайыр ұлысынан бөлініп шығуын қолдаушылардың бірі Асан қайғы болады. Шу мен Арал аралығында Қазақ Ордасы құрылған кезде Асан жырау жаңа мемлекеттің ұраншысына айналады.
Асан қайғының Қазақ хандығы құрылған тұста жасы ұлғайған ақылман, абыз дəрежесіне жеткені мəлім. Ол Алтын Орданың ыдырауын, сондай-ақ Солтүстік Кавказға, Азауға (Азовқа), Қырымға дейінгі өлкелерді қамтыған Ноғайлы империясының да əлсіреп, «он сан ноғай бүлініп, ел айырыла», тоз-тоз бола бастауын қайғыра бастан кешті. Олардың орнында пайда болған хандықтар арасындағы бір-бірін əлсіреткен бітіспен соғыстар күшейіп келе жатқан орыс патшасының Солтүстік Кавказ бен Қазанды, Сібірді жаулап алу құлқын ұлғайтқанын көрді. Сарайда, Қазанда Ұлық-Мұхаммедтің пəрменді билерінің бірі бола жүріп, Қыпшақ жұрттарының біртұтастығын сақтап қалуға күш салды. 
Кемеңгер жырау ұлы Даланың негізгі аймағын, яғни орта ғасырлардағы Қазақ Даласы аумағын қолда ұстап қалудың бірден-бір жолы Керей мен Жəнібек хандар қуатымен жаңадан шаңырақ көтерген Қазақ хандығын нығайтып, өрісін кеңейту екенін түсіне білді. Сондықтан да ішкі саясатта жер-су, жайылым, қоныс үшін қақтығыстар мен қайшылықтарды реттеу, ел-жұртының хал-ахуалын жақсарту мақсатында Асан қайғы хан алдына өзінің «ымыраға келу теориясын» ұсынды. Хан мен қара бұқара арасындағы қарым-қатынасты ушықтырмай, əділет тұрғысынан шеше білді


«Қобыланды батыр» жырындағы Тайбурыл тұлпар бейнесіне талдау
Тайбурыл бір жағынан Қобыландыдай үлкен батырдың аты. Екінші — өзін Құртқа тәрбиелеп өсірген, сондықтан ол жырдың қиял етіп, көтеріп, ертегідей ұлғайтып, мақтап айтатын аты болады. Қобыланды батыр" жырында Тайбурыл жайын айтқан жерде өлең де өзгеше боп екпіндеп, көркейіп, өсіп кетеді. Зор, ерекше суреттермен айтылған Тайбурылдың шабысы тас боратқан құйындай болады. Шабысының өзгешелігін оқушы Тайбурылдың ізінен біледі. Артында құлан-бұлан қалып қойған бір төбенің тозаңы бір төбеге қосылып қалған; көкқұтан, қарабайлар езіліп қалған; соларды жеп қара қарға-құзғындар қарық боп қалған — міні, осыларды көріп-ақ Тайбурылдың қандай екенін танисың дейді жыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет