Наурызжырларына талдау Тұрмыс-салт жырларында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады. Мұндай жырларда ежелгі адамдардың еңбекөлікәсібі, түрлі тотемдік түсініктері, табиғаттың жұмбақ сырына үңіліп, оған табынудан туындаған ұғым-түсініктері сипатталады. Мысалы, “Қамбар ата”, “Шопан ата”, “Зеңгі баба”, “Ойсыл қара”, “Шекшек ата”, т.б.
Жарапазан өлеңдеріне талдау Жарапазан айту салты қазақ арасына ислам дініен кейін туған. Ислам діні бойынша, оны қабылдағандар үшін жылына отыз күн ораза ұстау, күніне бес рет намаз оқу, сондай-ақ қайыр-садақа беру, т.б. міндет саналған. Олай етпесе, адам өлгенде жұмаққа бармай, тозақтың отына күйіп жанады деп қорқытқан. Міне, мұның бәрін халыққа түсінікті етіп, үгіт түрінде айту үшін дін иелері поэзияны пайдаланған. Өйткені дін сөзі деп қожа-мол-далар айтатын араб тілін қэзақтар түсінбегсн. Сондықтан да олар дін үгітін халыққа ұғындыру үшін өлевді қолайлы көрген. Екіншіден, қазақ халқының сауықшыл, өлеңшіл, өлең сөзге құлақ түргіш кслетіндігін ескерген. Осы негіздс жарапазан өлеңдері туған.Жарапазан ораза кезінде айтылады. Мүның өлеңдерін ақындық өнері шамалылар немесс қайыр сұраушылар жат-тап алып айтқан. Бұл өлеңді айтушылар сөзін бай үйлергс арнаған, солардан қайыр-садақа сұраған.
Ақсерек-көксерек» ойыны. Ептілікті қажет ететін қызықты ойындардың бірі.
Ойынның шарты бойынша балалар екі топқа бөлініп, араларын жиырма қадамдай ашып, тізіліп, қол ұстасып тұрады. Бірінші топ: ақсерек, көксерек, шауып алдым бәйтерек. Ақсерек, көксерек, Бізден сізге кім керек? – деп хормен сұрайды.
Келесі топ жауап береді: Ақсерек, көксерек, Сізден бізге … (баланың аты) керек. Аты аталған бала жүгірген күйі қарсы топтың ұстасып тұрған қолдарын үзіп өтуі керек. Үзсе, сол топтың бір баласын өзімен ала келеді, ал үзе алмаса, сол топта қала береді. Қай топта бала көп болса, сол топ жеңеді. Балалар ептілікке, бірлікке, тобы үшін намыстанып, жеңіске талпынуға үйренеді. Дене тәрбиесі, сергіту сәттері пайдаланылады. Кейде сабақтарымда бұл ойынның сәл өзгертілген түрі пайдаланамын. Дәл солай екі топқа бөлінеді. Бірінші топ сөздерін айтады. Аты аталған бала сол топтың сұрақтарына жауап беруі не тапсырмаларын орындауы тиіс. Орындай алмаса, сол топқа өтеді не өнерін көрсетеді. Бала тапсырманы қызыға орындайды.