Реферат Тақырыбы: Ақын-жыраулар поэзиясындағы би-болыстар мен сұлтандар бейнесі Орындаған: Қуаныш Н. С


Бораш Б.Т. Қазақ поэзиясындағы хандар тұлғасының бейнеленуі Алматы: ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2012. -430 б



бет5/6
Дата08.05.2023
өлшемі88,91 Kb.
#91059
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қуаныш Нұрай СӨЖ реферат

Бораш Б.Т. Қазақ поэзиясындағы хандар тұлғасының бейнеленуі Алматы: ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2012. -430 б.
4. Көтеш ақын поэзиясындағы Абылай хан бейнесі көріністері
Қай заманда да билік басындағы елбасының (ханның, патшаның, корольдің, қазіргі президенттің) ел билеушілік ажарына селкем түсіретін дау-дамайы, болады. Олардың қаншалықты шындыққа жанасатыны, не болмаса жанаспайтыныны бір кездерде саясат араласуынан біржақты қаралғандықтан, біз талдау барысында барынша назар аударып, өз пікірімізді білдіріп келе жатырмыз. Бұған Есім хан тұсында оның бетіне шіркеу болып түсірілетін Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» жырындағы «Кешегі өзің ұрып өлтірген Тілеуберді құлыңдай» деген айыптауды айтуға болады. Кейде мұндай айыптаулар бірнеше болып келеді. Асан Қайғының «Ай, хан, мен айтпасам білмейсің» жырындағы Жəнібек ханның үш айыбы: бейнет қып қорған салуы, қарадан қатын алуы, құстың нашары құладынды бағуы болса, Жəңгір ханға Махамбет ақынның тағатын айыптаулар тізбегі болғаны белгілі. Бұның бəрін айтып отырғанымыз осындай дау-дамайлық жағдай Абылай хан басында да болған екен. Көтеш ақынның «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің» жыры Абылайға ауыр осы мəселені көтереді. Біздің байқауымызша, бұл жырда біз бұрын да əлденеше көтеріп жүрген (мысалы, «Ай, Абылай, Абылай, Қатын алма қарадан» жырын талдағанда) дала демократиясының кері, зиянды əсерінің бірі – ішкі тəртіпке, хандық тəртібіне мойынсұнбаушылық, бетімен кетушіліктің айқын белгісі бар. Жырға негіз болған оқиғаның тарихын зерделеген зерттеуші Ж. Тілепов Абылай ханның елдегі тəртіпке бағынғысы келмейтіндерді тежеу үшін қатал шаралар қолдануға дейін барғаны туралы жазады. Осындай əрекеттерінің бірінде Абылай Қаракесек Ботақан мен Жанайды зынданға салдырғанда Ботақан өзін өзі жарып өлтіріп, ханға қарсы бес ру елдің көтерілуіне себепші болады. Бұл оқиға Олжабай батыр жайлы жырдың бір тармағында да сөз болады. Мəшһүр Жүсіптің Абылай туралы аңыздар тізбегінің бірінде біз осы оқиғаның туындау себебіне біршама жақындайтын сияқтымыз. Бір аста Абылайдың бас киімін Ботақан мен Жанай қағып түсіріп, артынан Бекболат жігіттері Сарыбелде Абылай керуенін тонағанына ашуланған ханның Жанай мен Ботақанды ұстап алып, көрге тірідей салуы, Ботақанның ызақорлықтан жарылып өлуі Бекболат бастаған Бесмейрам елінің көтерілуіне əкелген. Кейбір ақындар жырлары мен халық арасына тараған аңыз əңгімелерде тіпті бұдан да өткен сорақы айыптауларға барады. Көтеш жырында ақын Абылай ханды жазығы жоқ есіл ерді «сен өлтірдің» деп тікелей айыптайды. Жанақ ақын жырында да Абылайдың «Ботақанды өлтірем» деп «Заманының алмағайып бола жаздағаны» туралы айтады. Осы оқиғаға байланысты Көтеш ақын жыры мен аңыздардан біз мынадай жағдайларды байқауымызға болады: Біріншіден, Ботақан мен Жанайдың халық сайлаған ел басшысының бас киімін қағып түсіруі бұл енді демократияның емес нағыз барып тұрған анархияның, бейбастықтың белгісі; Екіншіден, біраз нұсқаларында Ботақанның өзін жарып жіберуі, я осы істі əдейі ұйымдастырушыларының Ботақан қолымен от көсеуі, я Ботақанның науқас қиялынан туған жанкештілік əрекет. Екі жағдайда да бұл – ханға қарсы көтерілуге белгі, арандату болып табылады; Үшіншіден, Көтеш жырында жəне осы оқиға айтылатын кейбір нұсқаларда Ботақан хан бұйрығымен өлтіріледі. Бірақ бұл жағдайдың əрі қарай өрбуіне əсері шамалы. Бекболат жағындағыларға бəрібір: өзін-өзі өлтірсе де көтеріледі, хан өлтірсе, тіпті əсерлі болады, қанды қол ханға қарсы көтерілу жүдə дəлелді болады; Төртіншіден, бұл оқиғаның артында хандықты, хан билігін нығайтуға қарсы сұлтан, төре, би, бірсыпыра рубасыларынан тұратын оппозиция жəне оны мықтап қолдайтын, Абылай ханның үш жүздің басын біріктіріп, күш алып, абыройықпалының артуынан сескенетін Ресей империясы бар; Бесіншіден, Бұл оқиғадан кейде ханның тірегі саналатын ақын, жыраулардың өздері де дұрыс жол таба алмай хандық ты іштей аяқтан шалатын жаққа шығып, солардың жырын жырлаған кездері болып тұрған. Бұған мысал ретінде біз талдап отырған жыр авторы Көтештің Абылай ханға «Жанайды дəл бүгін күн босатпасаң, Болады ертең жесір қатын-балаң!!!», – деп зіркілдейтін сөздерін, алдында талдап, өз пікірімізді білдірген Тəтіқараның «Кеше тоқыраулы судың бойынан...» толғауындағы сөздерді келтіруімізге болады; Алтыншыдан, ел ішінде ханға қарсы жақтың көбейіп, бастарының біріге бастауы, оған кейде ел билеушісінің ең сенімді тірегі, хан мен халықты жақындастырушы саналатын ақын, жыраулардың жағдайдың мəнісіне түсінбей, я түсінгісі келмей толғау-жырларында ханды айыптауы, осылардың бəрі сайып келгенде қазақ хандығын, Абылай билігін іштей əлсіретсе, Ресей империясының Абылай билігінің соңына таман күшейе түскен қазақ жерлерін жымысқы түрде басып ала бастау саясаты қазақ хандығының жағдайын сырттай нашарлата түсті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет