Реферат Тақырыбы: Ақын-жыраулар поэзиясындағы би-болыстар мен сұлтандар бейнесі Орындаған: Қуаныш Н. С


Бораш Б.Т. Қазақ поэзиясындағы хандар тұлғасының бейнеленуі Алматы: ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2012. -430 б



бет6/6
Дата08.05.2023
өлшемі88,91 Kb.
#91059
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Бораш Б.Т. Қазақ поэзиясындағы хандар тұлғасының бейнеленуі Алматы: ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2012. -430 б.

5. Зар заман ақындары поэзиясының қазақ әдеби процесіндегі маңызы


Ақын-жыраулардың жыр-толғауларында адам баласының жастық өмір белестері, жастық шақ пен кәріліктің келуі туралы айтқан ойлары жастарға өмірдің әрбір сағатын қадірлей білуге шақыратыны белгілі. Сондықтан да қазақ әдебиетіндегі адамның жас ерекшелігін сипаттайтын мұндай өлеңдердің тәлімдіктәрбиелік мәні ерекше. А.Барманбекұлының өлеңдерінен орын алған жағдайлардың бірі – елге келген арақ ішу, сот ісі, ақша айналымы сияқты құбылыстар. Ақын мұндай үрдістерге үрке қарайды. Бұл жайларды ел ішіне келген кері салт есебінде қабылдайды. Адам санасын улайтын арақтың керегі жоқ екендігін айтып, одан адамзаттың аулақ тұруын тілек етеді. Мұсылман дініне жат харамасты ақын да қабылдай алмайды. Сонымен бірге оның зияннан басқа берері де жоқ еді. «Атқа мінген азамат», «арақ ақыл табар деп», «арақты судай сапырды» деп ашынған ақын оны өз өлеңдеріне қосады:
«Есіріктеніп, мас болып,
Аюандай боп ақырды»
Немесе:
«Арамнан тапқан тиынмен,
Қабақшыға барады.
Жығылып жатқан жерінде,
Күшіктер аузын жалады.
Мастықпенен ұрысып,
Бірін-бірі сабады». А.Барманбекұлы да басқа ақындар сияқты әдепсіздікке қарсы шығып, қазақ қоғамындағы адамгершілікке жат қылықтардың өріс алу себебін надандық індетінің салдары деп түсіндіреді. Сондықтан оқып, білім алған жастардың қоғам өмірінен алатын орындары өзгеше деп бағалаған. Адам бойындағы даналық пен жақсылықтың бәрі тәрбиенің, оқу мен білімнің нәтижесі. А.Барманбекұлының заманында білімнің таралуы екі бағытта: діни және азаматтық бағытта жүргізілді. Ақынның оқу туралы алғашқы ойлары осы діни бағыттағы қадымдық оқудың жайы болса, кейінгі Қ.Қожахметов ақсақалдың сақтап келген «Жол ашылды білімге» деген өлеңінде азаматтық білім беру жүйесіне негізделген көріністерді байқаймыз. Осындай заман тудырған сорақылықтардың ең алдымен жастардың санасын улайтыны белгілі жайт, ал, жастар елдің болашағы, ертеңгі тірегі екендігін ойлаған ақындардың бұл өрескелдікке тыныш қарап жатуы мүмкін емес еді. Бұдан ақындардың қайраткерлік мінез-құлқын да тануға болады. Осындай жағымсыз істерді тізбелей келген ақын жастарға ақыл-кеңес беріп, келер ұрпаққа ғибратты сөздер де қалдыра білді:
«Жаманға жақсы болғанша жақсыға ерген жаман бол,
Жүгері дәні болғанша ақ бидайға сабан бол.
Шалағай жүйрік болғанша көтермелі шабан бол
Зәлім молда болғанша түзу жүрген надан бол.
Уадасынан кетпеген аумайтұғын табан бол,
Білімсізден ит артық білімді жақсы адам бол».
Осы тақырыптағы өлеңдер М.Мөңкеұлы өлеңдерінен де көрінеді. Ақын:
«Кейінгі туған баланың
Шашын, мұртын қойдырып.
Ащы суға тойдырып,
Бұза ма деп реңін,
Адыра қалғыр заманның,
Жаратпаймын сүреңін» – деп қайғы ойлайды. Міне, мұның бәрі XІX ғасыр ақындары басына түскен жауабы қиын сұрақтар болатын. Ақырзаман орнарда адам, заманмен қатар табиғаттың өзгеруінің өзін соның айғағындай етіп көрсету біршама ақындарға тән. XІX ғасырдағы патшалық Ресейдің қазақ елін отарлауы А.Барманбекұлы шығармашылығының басты әрі негізгі тақырыбы болғаны белгілі. Сондай-ақ, сол кезеңдегі ел тұрмысына отарлық езгінің қаншалықты әсер еткенін көрсетуге тырысқан ақын ғасырға жуық уақыт бұрмаланып бұра тартылып келген ащы шындықтың, нақтылы тарихи шындықтың көркем көрініс беруіне барынша тер төккендіктен, ғылыми еңбегімізде ақын өмір сүрген дәуірдің тарихи ахуалын тарихи болмысында жанжақты барлай қарастыруға тырыстық. Ақын шығармаларының мазмұндық мәні өзімен бір заманда өмір сүрген Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір, Нарманбет сынды ақындармен салыстырыла зерттелді. Ондағы мақсат – сол тұстағы өмір шындығын ақындардың қалай жырлағандығы мен ұстаған мақсаттарын ашып көрсету. Аталған ақындардың шығармаларымен алыстыру барысында Асанның қазақ поэзиясына қосқан үлесі сараланды. Зар заман әдебиетінің соңғы өкілдерінің бірі, бар өмірін елінің қамын ойлауға сарп еткен, өз заманының озық ойлы ақыны Албан Асан Барманбекұлының өмірі мен шығармашылық ғұмырын сөз ету барысында оның ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне біршама үлес қосқандығына көзіміз жетті. Ол қазақ поэзиясында өзіне дейін қалыптасқан дәстүрді жалғастыра отырып, оған өз үлесін қосты. Оның қаламынан туған өлеңдерін саралай отырып өз ішінен тақырыптық жағынан былайша топтауға болады: отаршылдық зардаптары, жер мәселесі, адамның жас мөлшеріне қатысты, адамның жақсы-жаман қасиеттері туралы, өмірден түңілу, жәрмеңкенің зиянды жақтары, ел басқару, жер мәселесі, дін, өнер-білім туралы. Бодан елдің арман еткен тәуелсіздігін жырға қосқан ақынның мұрасын тәуелсіз елдің ұрпағы ешқашан ұмытпақ емес. Оның бір жарқын мысалы ақынның туып-өскен жері Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауылындағы орта мектепке есімі берілуі. Елінің сауатты болуын арман еткен ақын есімін мектепке беру оған жасалған құрметтің бір белгісі екені анық. Мектеп ауласындағы ақынға арналып қойылған ескерткіш халқының тәуелсіз ел болып, бостандықта өмір кешуін мақсат тұтқан, болашақ жастардың ар-иман, адалдық, тәрбие-тағылымын көксеген ақынның арман-мұратына деген тағзым. Қарасаз ауылының орталық көшесінің біріне ақын атының берілуі де азаттықты аңсаған ақын жырларының мәңгілік жасайтындығының дәлелі. Қожекеева Б.Ш. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы: зар заман әдебиеті:Алматы «Қыздар университеті» баспасы, 2013. -145 б.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Қожекеева Б.Ш. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы: зар заман әдебиеті: Алматы «Қыздар университеті» баспасы, 2013. -145 б.

  2. https://bilim-all.kz/article/16675-Zar-zaman-adebieti

  3. Бораш Б.Т. Қазақ поэзиясындағы хандар тұлғасының бейнеленуі Алматы: ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2012. -430 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет