Реферат Тақырыбы: Ақын-жыраулар поэзиясындағы би-болыстар мен сұлтандар бейнесі Орындаған: Қуаныш Н. С


Қожекеева Б.Ш. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы: зар заман әдебиеті: Алматы «Қыздар университеті» баспасы, 2013. -145 б



бет2/6
Дата08.05.2023
өлшемі88,91 Kb.
#91059
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Қожекеева Б.Ш. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы: зар заман әдебиеті: Алматы «Қыздар университеті» баспасы, 2013. -145 б.
Әдебиет тарихында теориялық тұрғыдан негізделуі басталғанымен, санамызға сіңгенімен, қазіргі әдебиет тарихына қатысты оқулық, зерттеулердің қолданып зар заман атауы ұзақ жылдар бойы, соңғы уақытқа шейін қағаберіс қалып келді. 1932 жылы Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиетінің төңкеріске дейінгі тарихын екі дәуірге бөлді: 1) «Билер дәуірі», 2) «Орыс патшасына бағынған дәуір ». Сәбит Мұқанов Шортанбай дәуірін «зар заман әдебиеті» деп, ғылыми негізде баға берді . Былайғы уақытта бұл дәуір қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселесіне қатысты пікір айтқан Е.Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, Ә. Қоңыратбаев, Ы. Дүйсенбаев сияқты ғалымдарымыздың да арнайы тоқтап, айрықша мән беріп өткен дәуірі болды. Соңғы жылдары ғалым Мекем Мырзахметов зар заман әдебиетін орыс отаршылдығына қарсы туған сипатына қарап: «Отаршылдық дәуірдегі әдебиет» деп атауды ұсынады. Демек, әдебиет тарихында аса белгілі, алабөтен қалыпта пайда болған үлкен әдеби процесті, әдеби ағымды арнайы сөз етпеу, елемей қою — ғылым үшін қиянат. «Халық поэзиясының тағы бір соқталы түрі — зар заман (скорбная поэзия) мен толғау. Бұл өлеңдерде салт - сананың бұзылуы жырланады, халық өмірінің көне әдет - ғұрпы мен ескі салттарының құлдырауы, билер мен әкімдердің парақорлығы мен пәтуасыздығы, тұрмыс - тіршіліктің нашарлауы, мал санының азаюы мен халықтың жұтауы, жайылым -қоныстың тарылуы, қоныс аударушыларға шұрайлы жерлердің кесіліп берілуі, жердің тозуы, елдің азу, аштық, жұт т.т. соз болады; бұрынғы өмір мен ескі салт-дәстүрлер мадақталып, кейінгі өзгерістерге зар айналады» дегендерді идеялық - тақырыптық жағынан зар заман ағымына жақындата беруге болатынын аңғарамыз. Тарихшы ғалым Б. Сүлейменов зар заман әдебиеті туралы пікір сол процесс жүріп жатқан кездің өзінде айтылғанын еске салады: «Ы. Алтынсариннің әдеби ағымға көзқарасын «Горе киргиз» деген қолжазбасы толық танытады. Бұл оның Түркістан қазақтарының, «Зар заман» туралы шығармаларына жасаған қорытындысы еді. Ы. Алтынсариннің бұл берген бағасын өте орынды деп білемін. Мұнда ол «зар заман» әдеби ағымын патша үкіметінің отаршылдық саясаты, жұт қоян жылдары деп аталатын ашаршылық пен жалаңаштық көбейген кезең туғызды дейді. Бұл жерде Ы. Алтынсариннің «Зар заман» ағымының тууына патша үкіметінің отаршылдық саясаты себеп болды дегені дұрыс. Ы. Алтынсарин «Зар заман» туралы жазбаған адам жоқ, деп оларды өз текстісін келтіреді». Осы толғамдардың қай-қайсы болмасын XIX ғасырдың екінші жартысынан былай қарай сары уайымы мол толғаулар қазақ әдебиетінің өзекті бір арнасына айналғандығын көрсетеді. XIX ғасырдың екінші жартысынан былай қарай казак. әдебиетінде қалыптасқан әдеби ағым түрі ретінде танылып, XX ғасырдың жиырмасыншы жылдарында өзіндік сипат, мазмұн, түр жағынан толысуға беттемеген, заманның дауылды кезеңдеріне теген бере алмай, реалистік әдебиеттің өзі әрқилы арнамен кетуге мәжбүр болды. Түрлі саяси науқандардың тұсында ол ағымға қилы мән берілді. Бір кездегі тарихи даму шындығынан туған, халықтың қасірет күйін жеткізген әдебиет деп танылған орасан зор мұраға «сарыуайым, үмітсіз үгілген, жаңалықтан үріккен, діншіл әдебиет» деген мін тағылды, «зар» ағымы басқа мағына ала бастады. Профессор Ханғали Сүйіншәлиев әдебиеттегі зар заман ағымы атауының жан - күйіне мынадай барлау жасайды: «Олардың түгел әдебиет тарихынан шығарып тастағысы келмеген аға буын әдебиетшілер өр саққа жүгіртіп, өз ойларынан «зар заман» әдебиеті дәуірін шығарып та жүрді. Ресми баспа орындары бүл атауды да қабылдамады. Себебі, олардың ойынша, қазақ халқын Россия патшалығының отарлауы, жер, суын жаулап алып, қуғынға салу — прогресс, Россияның келешегі оны ақтады. Сондықтан отаршылдық дәуірді «зар заман» деп атау саяси қате түсінікті».
Мұхтар Әуезов Абылай дәуіріндегі зар заман ақындарын екі жікке бөліп қараған-ды. Бірі — келер күннің жұмбағын шешіп, елге үлгі, өсиет сөз сөйлейтін, болжау айтқан қария. Екіншісі — толғау айтқан жырау. Қариясы — Асан. Жырауы — Бұқар. Бұл жерде Мұхтар Әуезовтің Асан қайғыға байланысты ойының мәніне аз тоқтала кетейік. Абылай дәуірінде өмір сүрмегенімен шартты түрде хан маңында болуға тиісті ақылшы қариялардың жиынтық бейнесі ретінде аталғаны анық. Өйткені Асан М. Әуезов пайымдауында да ең алдымен елдің ақылшы кемеңгері, заманның сыншысы, қырағысы. Зар заман ағымына М. Әуезов XIX ғасырда жасаған ақындардың бәрін кіргізеді: «Бұқар жыраудан соң XIX ғасырдағы зар заман ақындарының басы — Махамбет. Одан кейінгілері Шортанбай, Мұрат, Алтынсарыұлы, бұлардан соңғы бір буып Абаймен тұстас ақындар». Нарманбет, Шернияз, Досқожа, Күдері қожа, Нысанбай заманы Абылай заманы емес, енді іс қана қалған, алыстан толғап, ойға тартамын деп отыруға болмай қалған заман екенін ұғындырады. «Бұқар жырау заманынан келе жатқан бұрынғы әлеуметшілдік, ойшылдық сарынына Махамбет заманында ісшілдік қосылса, кейінгі ақындардың ақындар тұсында жаңа эсер сияқты болып дін мен мәдениет исі кіре бастады (Астын сызған біз — Қ.М.). Мұхтар Әуезов жүз жылдық дәуір әдебиетін үш кезеңге бөліп, әр уақыттың өзіндік ерекшелігін, ортақ сарын аясындағы өзгерістерін атап-атап көрсетіп отыр: 1. Әлеуметшіл, ойшылдық сарыны — Бұқар заманы. 2. Ісшілдік — Махамбет. 3. Дін мен мәдениет — Ыбырай. Осындағы бір ғана дін төңірегінде, діни-ағартушылық сарын жөнінде бүгінгі әдебиеттану ғылымы қарастыра түсер көп жай бұғып жатыр... «Зар заманның тұсынан бері қарай дін сарыны біздің әдебиетте жылдан жыл өткен сайын үлкенірек орын алады. Басы Шортанбайдан басталған діншілдік (бұл жерде мін ретінде айтылып отырған жоқ — Қ. М.), XIX ғасырдың аяғына келгенде толып жатқан да қиссаларына келіп соғады». Мұхтар Әуезов зар заманды әдебиеттегі елеулі бағыт ретінде жан-жақты негіздеудің мәселелерін қойды. «Қазіргі қарастырылғалы отырған зар заман ақындары: — сол ел қамын сөзбен жоқтаған жоқшылар. Бұлардың туысы мен бағыт сарыны ел басына келген тарихи дәуірден туғандықтан, барлық ақынды тарих көлемінде қарастыру керек». Тарихымыздың көтерілмей, жазылмай жатқан көп саласы бар екеніне ғылыми қауымның назарын аударғым келеді. Және ол кезеңдегіні буржуазияшыл немесе ағартушы -демократтық деп айыра салмай, ішкі көркемдік ерекшеліктеріне, эстетикалық қадір-қасиетіне қарай талдап зерттеуіміз керек... Өйткені өмірді реалистік, романтикалық, сатиралық, символикалық тұрғыдан бейнелегенде қазақтың көркемдік таным - талғамында талай жаңа сипаттар пайда болғаны даусыз. Осы дәуірдің саяси - әлеуметтік мәніне социологиялық тұрғыдан көбірек көңіл бөлгендіктен көркемдік, өнерпаздық мәселелерді зерттеп білуіміз жетіспей жатқанын ашық мойындауымыз керек, — дейді. Жалпы әдебиетіміздің тарихындағы кезеңдерді, дәуірлерді ажыратып алу мәселесімен бір қаралуға тиісті түрлі бағыттар — мәселен, орыс әдебиетіндегі классицизм, сентиментализм, романтизм, реализм деген сияқты, түрлі ағым, сарындарды ажыратып айғақтау, болу, Б. Кенжебаев айтқандай не таза теориялық, тарихи болғаны жон. 1959 жылғы конференцияда Б. Кенжебаев әдеби мұра жасап кеткен дарындарды бірде кәсібіне (кітаби), бірде идеясына (ағартушы - демократиялық) қарай болу де дұрыс емес дегені — аса қисынды пікір. Қайсыбір дәуірдің әдебиеті өзін іштей саралауға зәру. Кезең, дәуірге тұтас бөліп, бағыт -ағымдарға іштей ажырату қажет. Зар заман — белгілі бір мөлшерде тұжырымдалған бағыт, ағым. Бағытты — саяси, тарихи ерекшелігіне, ағымды — содан туған көркемдік өзгешеліктеріне қарай қарастырған абзал. Зар заман ағымы жайлы соз болғанда М. Әуезовтің «Әдебиет тарихындағы» концепциясын ғылыми негіз етуге тиіспіз. Әуезов әлеуметтік астар жағынан да, мазмұндық ерекшелік жақтан да, көркемдік өлшем - өзгешеліктер — түр, дәстүр, өзгеріс, қолданыс, жанр т.б. жақтардан жан - жақты талдады. Жүз жылдық дәуірдің саяси сипатын мейлінше жан - жақты қамтыған ғалым сол дәуірдің зар заман аталып отырған әдебиетіне байланысты бірнеше басты-басты тұжырым жасайды: 1. Зар заман әдебиетін туғызушының бірі жыраулар болғаны белгілі; М. Әуезов қазақ әдебиетінде жырау қайдам миссия атқарды, оның өмірі, өлеңі немен ерекшеленеді деген мәселені мол қамтыды. 2. Жазба әдебиетке ауысу себептерім, ол әдебиеттің жалпы әдебиеттен айырмашылық, өзгешелігім сөз етті; 3. Зар заман әдебиетіндегі тарихи жырларды теориялық, мән-мазмұн жақтан талдады, сол әдебиет тұсында туған түр деп таныды; 4. Зар заман әдебиеті кімнен басталып, кіммен аяқталады дегенді атап көрсетті; 5. Зар заман әдебиетінің негізгі сарындарым айғақтады; 6. Зар заман әдебиетін жанр, түр, өлең үлгісі жағынан барлады; 7. Бұл әдебиетті даму, өзгеру себептерім атап, 3 кезеңге бөліп көрсетті; 8. Зар заман ақындарын қайсысында қай сарым басым болғаным саралады: 9. Былайғы зерттеу, іздемес міндеттерді тұжырымдады; Жүз жылдық дәуірдегі зар заман ағымына М. Әуезов «XIX ғасырда болған ақындардың бәрі кіреді», — деген ойы Нарманбетпен тұйықтайды. «Зар заманның артқы ақымы XIX ғасыр мем XX ғасырдың жапсарында өмір сүріп, сол кезде өлең айтқам Нармамбет заман зарының ең ақырғы күйім шертіп, тоқтағам осы ақым... осының заманымен, осыдан кейінгі дәуірде зар, күй қазақ әдебиетінен бітеді» . Себебі, қалың ел бұрынғы көп тілекті кемітіп, құлдыққа, қорлыққа, таршылыққа еті үйреніп, өліп кеткен, жаңа заман жетегіне жүруге ынтық бола бастаған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет