Реферат Тақырыбы: Ақын-жыраулар поэзиясындағы би-болыстар мен сұлтандар бейнесі Орындаған: Қуаныш Н. С


https://bilim-all.kz/article/16675-Zar-zaman-adebieti



бет3/6
Дата08.05.2023
өлшемі88,91 Kb.
#91059
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қуаныш Нұрай СӨЖ реферат

https://bilim-all.kz/article/16675-Zar-zaman-adebieti



  1. Ақын-жырау поэзиясындағы болыс-сұлтандар тұлғасы

Ескі дəуірлерден бері біздің заманымызға қарай ел билігі жүйесі, мемлекеттік нышандардың белгісі, елбасы хандардың əдебиеттегі көрінісі ретінде, əрине, алдымен халық ауыз əдебиеті үлгілері ойға оралады. Ондағы қазақ сахарасындағы мемлекеттіктің, ел билігі жүйесінің байырғы патшалық, қағандық түрінен, бұл биліктің жойылуы алдындағы хандық кейпіндегі суреттелуіндегі ел билеуші хандардың фольклор түрлері мен жанрларындағы бейнелену көріністеріне қарай ертегілерді, мақал-мəтелдерді, фольклордың басқа да шағын түрлерін құрайтын бата-тілектер, ұлттық ойындар, жұмбақтар, аушадияр сияқты түрлерін, батырлар жырын (қаһармандық жырлар), аңыз əңгімелер мен шешендік сөздерді, қаралы өлең-жырларды, тарихи жырларды атауға болады. Оларды хандар бейнесінің берілуінің алғашқы немесе фольклорлық кезеңі деп алдық. Байқалып отырғандай, бұл арада дəуірлеудің екінші түрі жанрлары бойынша жіктелуі кірістіріледі. Сондықтан бұлай жіктеуді хронологиялық-жанрлық классификациялау десе де болады. Бұл кезеңдегі хандар бейнеленуінің басты ерекшелігі – көпшілік
жағдайда хан тұлғасы нақтыланбайды. Хандар бейнесінің мұндай ерекшелігі, əсіресе ауыз əдебиеті үлгілерінің ең көп тараған жəне ең көне түріне жататын ертегілерде жиі кездеседі. «Баяғыда бір патша болыпты, не хан болыпты...» деп басталады да, əрі қарай сол аты белгісіз, есімі ұмытылған ел билеушісінің аздыкөпті іс-қимылы, мінез-құлқы, сол ханға байланысты оқиғалар суреттеледі. Ара-тұра ертегілерде ханның есімі де аталады, бірақ олардың тарихтағы ізі өте көмескі. Фольклордың көне түрінен беріректе шыққандарына жақындаған сайын хандар бейнесі нақтылана береді. Батырлар жырында хандардың аты аталып, түсі түстеледі, бірақ ел билеуші тұлғасының тарихи шындыққа жанасуы жағынан əлі де бұлдырлығы, əсірелеу, мифтік элементтердің басымдығы байқалады. Ал Қазақ хандығының соңғы кезеңіндегі тарихи оқиғаларға байланысты туған аңыз əңгімелерде, шешендік сөздерде, тарихи жырларда нақты белгілі қазақ хандарының тұлғалық бейнесінің сомдалуы кейбір фольклорлық нышандары сезілгенмен, жазба əдебиетіндегі хандар бейнесінің кейіптелуіне біртабан жақындай түсетінін, деректерге сүйеніп жазылған тарихтағы тұлғасына мейлінше жақындығын аңғару қиынға соқпайды. Қазақ жеріндегі мемлекеттік биліктің ортағасырлық дəуіріне сай келетін хандықтар кезіндегі ноғай-қазақ, кейіннен таза қазақ қоғамындағы ел билеуші əміршінің билігіне халық өкілі ретінде араласып отыратын жырау толғауларындағы хандар тұлғасын реалды өмірге жақын бейнелеу кең орын алады. Бірақ оларда хан бейнесі хан мен жырау арасындағы тікелей қарымқатынастар əсерінен беріліп, көпшілік жағдайда біржақты жырау көзқарасының, яғни авторлық көзқарастың басымдығы айқын сезілетіндігі байқалады. Ресей отаршылдығы күшейіп, хандық билік əлсірей бастаған ХVІІІ ғасырдың ортасынан басталған əдебиет сахнасындағы жырау поэзиясын алмастырған ақындық поэзиядағы хандардың бейнеленуінде ханның биліктегі қызметімен жақсы таныс болғандықтан, ханды бейнелеу жыраулар толғауларындағы суреттеулерге жақын болғанын атай отырып, сөзсіз дəстүр жалғастықтарымен қатар айырмашылықтардың барын байқауға болады. Оны, алдымен, бұрынғы жыраулардай ақындардың хан сарайында тікелей ханмен байланысы болмағандығымен түсіндіруге болады. Екіншіден, отаршылардан жеңілген хандық биліктің беделінің төмендейтіні белгілі, соның əсері, əсіресе, алғашқы ақын поэзиясы өкілдерінде (Көтеш пен Шал ақында), тіпті бұрынғы ханмен тығыз қарым-қатынаста болып, кейде мадақтап, кейде сынаған, мысалы, Бұқар жыраудың да толғауларынан өткір, кейде негізсіз сынның орын алғаны байқалады. Ал ХІХ ғасырдағы Кенесары хан қозғалысын жырлаған, көтеріліске ішінара тікелей қатысқандары бар, қатыспағанмен халық бас көтеруінің жай-жапсарына қанықтары бар ақындар жырларында оқиғаның беріректе болып, халық жадында толық сақталғанынан болуы керек хан бейнесі толық реалды өмірге жақын беріледі деп айтуға болады. Ақын-жырау поэзиясындағы хан билігінің жырлануының осын дай ерекшеліктерін ескере отырып, оларды іштей төрт кезеңге бөліп талдау дұрыс көрінеді. Бірінші кезекте қазақ жеріндегі ХІV-ХV ғасырлар жырау поэзиясындағы хандар бейнесі. Бұл кезде тоқырауға ұшыраған Алтын Орда мемлекетінің соңғы ханы мен енді ғана шаңырақ көтерген Қазақ хандығының алғашқы хандарының жырау поэзиясындағы бейнесі туралы. Екіншісі – ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының өрлеу дəуірінде ғұмыр кешкен жырау толғауларындағы сол дəуірге сай ел билеуші əміршілер бейнесі. Үшіншісі – Абылай хан билеген Қазақ хандығының жоңғар басқыншылығын тойтарған, қазақ мемлекетінің абыройы көтерілетін заманмен тұстасатын ХVІІІ ғасырдағы жырау поэзиясындағы хандар бейнесі. Сол кездегі барлық жыраулар шығармашылығындағы басты жырланған тақырып – ел бірлігі, жер тұтастығы, ел қорғау жəне осылардың барлығының ұйтқысы болған, үш жүздің басын біріктіріп, бір орталыққа бағынған, көршілері таныған қазақ хандығының соңғы ханы Абылай ханның тұлғалық бейнесі болды. Төртіншісі – хандығынан айырылған, Ресей империясының отарына айналған, сонымен қатар жерінің, халқының отарлық бұғаудан азат ету үшін Кенесары Қасымұлы бастаған бүкілхалықтық көтерілістің, Исатай мен Махамбет бастаған Кіші жүздегі қозғалыстың халық еңсесінің, рухының көтерілуіне біраз уақыт едəуір əсері болған ХІХ ғасырдағы ақындық поэзиядағы отаршылыққа қарсы, ел бірлігі мен тəуелсіздігін ту етіп көтерген Абылай мен Кенесары хандар бейнесі жыр етілген кезең. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталатын қазақтың төл атымен байланысты жазба əдебиеті деп алған үшінші кезеңіндегі хандар тұлғасын бейнелеудің біршама өзіндік ерекшеліктері бар. Олар былай белгіленеді: Біріншіден, Қазақстан Республикасы деп аталатын шын мəнініндегі толыққанды тəуелсіз мемлекет құрылғанға дейінгі бұл кезең үлесіне тиетін бір жарым ғасыр ішінде, мемлекет деп атуға келіп жарамайтын қуыршақ Қазақ ССР-ын есептемегенде, дербес мемлекеттігі болған емес. Соған байланысты дербес хандық, мемлекеттік дəрежедегі ел басшысы да болған емес. Тіпті қағаз жүзіндегі формальді Қазақ ССР-ы тарихындағы 11 бірінші басшының төртеуі-ақ өз ұлтымыздан болғаны белгілі. Екіншіден, соған қарамастан қазақ халқы арасында ел тəуелсіздігіне қол жеткізу арманы, үміті еш уақытта үзілген емес. Қазақ халқы тек армандап қана қойған жоқ, қылышынан қаны тамған, дүниежүзінің жартысын коммунизм ұранымен өз ықпалында ұстаған Кеңес Одағының қысымына қарсы қазақ жерінде, мамандардың есептеуі бойынша, жетпіс жылда үш жүзге жуық үлкенді-кішілі халық наразылығын білдірген қозғалыстар мен көтерілістер болған, ең соңғысы бүкілодақтық резонанс туғызып, Одақтың ыдырауына əсер еткен 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі болды. Үшіншіден, халқымыздың дербес мемлекет құру арманының бір көрінісі – алпысыншы жылғы əйгілі хрущевтік жылымықты пайдаланып, тəуелсіздік алған 90 жылдың басына дейінгі ширек ғасыр ішінде тарихымыздағы жазбақ түгіл атауға рұқсат етілмеген қазақ жеріндегі хандық түріндегі мемлекеттігімізді, ол хандықтардың елбасы хандарын дəріптеген ондаған көркем шығармалар, тарихи жəне əдеби зерттеу еңбектер бастырылған болатын. Олардың арасында кеңестік идеологияның шамына тиіп, нағыз бас ауруы болған, ал халқымыздың ерекше ықыласына бөленген Кенесары хан бастаған халық көтерілісі туралы бар шындықты бұлтартпас деректер арқылы монография түрінде жазып шығып, басын қатерге тіккен Ермұхан Бекмахановтың еңбегінің орны ерекше болды. Ал көркем шығармалар ішінен жетпісінші жылдардағы қайта қатуланған тоталитарлық құрсауды бұзып-жара жарық көріп, халқымыздың бірнеше ұрпағына дербес мемлекеттіктің, тəуелсіздіктің тəтті дəмін көркем сөзбен татырып, рухын көтерген Ілияс Есенберлин бастаған бір топ жазушылар шығармасы болды. Төртіншіден, тəуелсіз Қазақстан Республикасы құрылғаннан кейін буулы ауыздың тұмшасы алынып, өз тарихымыз дың шындығын ашық айтуға мүмкіндік алуымыздың арқасында соңғы оншақты жыл ішінде əдебиетіміздің барлық жанрында сонау ежелгі Түрік қағанаты мемлекеті кезіндегі қағандарымыздан, Қазақ хандығы дəуіріндегі хандарымызға дейінгі, одан бүгінгі егеменді еліміздің Президентіне шейінгі елбасыларымыздың бейнесі кейіптелген көркем шығармалар жазылып, хандар туралы тарихи жəне əдеби зерттеулер көптеп жарық көре бастады. Бесіншіден, алдында сөз болған əдебиетіміздің екі саласының хан бейнесін кейіптеуде шығу дəуіріне, сөз өнерінің өз саласы деңгейінде біршама мүмкіндіктері барын байқадық, жазба əдебиетте ел басы билігіндегілердің тұлғалық бейнесін психологиялық, философиялық тереңдеу арқылы жан-жақты сомдауда суреттеу машығы мүмкіншілігінің алдыңғы фольклорлық, авторлық ауыз əдебиеттен əлдеқайда молырақ, кеңірек екенінін айта кету керек. Жазба əдебиеттің жанрлық ерекшеліктеріне қарай хан бейнесін тұлғалаудың өз əдіс-тəсілдері барын ескеріп, проза мен драма саласын қозғамай зерттеу тақырыбымызға байланысты біз бұл кезең əдебиетінің эпостық, лирикалық поэзия жанрындағы өлең, жыр, дастан-поэма түріндегі шығармаларын ғана қарастырамыз. Сонымен, көркем əдебиеттегі хандардың көркемдік бейнеленуінің қазақ поэзиясындағы жіктелуін ықшамдап, мынадай түрде көрсетуге болады: Көркем əдебиеттің тууы, дамуы мен қалыптасу уақытына жəне тегі мен саласына қарай үш кезеңге: І. Хандар бейнесінің берілуінің фольклорлық кезеңі; ІІ. Хандар бейнесінің берілуінің ақын-жырау поэзиясы кезеңі; ІІІ. Елбасы хандар тұлғасының жазба ақын поэзиясында бейнеленуі;

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет