Реферат Тақырыбы: «Қамыр илеу барасында байытқыш және басқа қоспаларды қосу нормасы»



бет4/4
Дата19.10.2023
өлшемі35,73 Kb.
#119239
түріРеферат
1   2   3   4
Қорытынды
Қазақстан үшін макарон өнімдерін шығару – жаңа сала. Макарондық қамырдың рецептурасы ұнның сортына және қоспаның түрлеріне байланысты. макарон жасау үшін әртүрлі сортты ұнды араластыруға болмайды. Макарондық қамыр илеуге керекті судың мөлшері, қамырдың ылғалына, сағыздың саны мен сапасына және ұнның шығымдылығына байланысты алы- нады.
Макарон өнімдерін өндіру процестеріне негізгі операциялар мыналар: шикізаттарды дайындау, қамыр илеу, қамырдан макарон өнімдерін қалыптау, жартылай өнімді кептіру, тұрақтандыру, суыту, сорттау және қаптау, өнімдерді сақтау. Шикізаттармен суды дайындау процестеріне ұнды елеу, суды сүзу, олардың құрамында болатын бөгде заттар мен металл ұнтақтарын бөліп алу, ұнға қосылған байытқыш немесе басқа түрлі қоспаларды дайындау жөне суды жылыту жатады.
Пішінделген өнімдер жеделтетіліп салқындатылады, кесіледі және кептіріледі. желдетіп саалқындату әсерінен өнімдер бір-бірімен жабыспайды. Мөлшерлеу, араластыру, сығымдау, пішін беру, желдету, кесу шнекті престердің арнайы тетіктерінде орындалады. Осы операциялар 20-30 минут аралығында орындалады. Ұзын макарон өнімдерін астауша тәрізді касеталарға салып немесе ілгіштерге іліп кептіреді. Макаронды кептіру – ең жауапты және көп уақытты керек ететін процесс. Егер макаронды дайындау процесі 30 минутқа созылатын болса, қысқа кесілген макарондары 10 сағатқа дейін кептіреді, ал ұзын макарондары кептіру 24 сағатқа дейін созылады да, осыған сай, барлық кететін уақыттың 95-98 процентін алады. Кептірілген макарондар стандартқа сәйкес, оқшауланған қоймаларда, өзінің сапасын төмендетпей, ұзақ сақтауға жарамды болуы керек. Бұл стандарт бойынша макарон өнімдерінің ылғалдылығы 13 проценттен жоғары болмауы керек.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Тағам өндірісінің технологиясы: Оқу құралы. 2 бөліктерінде. 1-бөлім /

Г.Есіркеп. – Алматы: «Бастау», 2017. – 304 бет.
2. http://library.atu.kz



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет