Реферат Тақырыбы: Антика Философиясы Орындаған:Қаратай. А.Қ Қабылдаған: Абуханов. Ш. А алматы 2019 жыл



бет11/25
Дата06.01.2022
өлшемі59,26 Kb.
#12095
түріРеферат
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Протагор(б.з.д. 490- б.з.д. 420 ғғ.шамасында). Еңбегі “Антилогиялар”. Оның мынадай атақты сөзі бар: “Адам- бар заттардың өлшемі”.

Софистердің принциптері: релятивизм– танымның салыстырмалығы;бәрі де басқаға қатысты пайда болады және болады, ештеңе де өздігінен болмайды.

Ғарыштағы барлардың бәрі де өзіне қарама-қарсы болады, бірақ қалай болса солай өзгермейді. Демек кез келген зат қарама-қайшылықтан тұрады және “кез келген зат туралы екі мағынада және қарама-қайшы жағын айтуға болады”.Объективті ақиқат деген болмайды, объективті ізгілік пен зұлымдық болмайды. Бұл нақты адамға қатысты, ол өзіне тиімді оған пайда әкеледі деп есептесе оның ізгілікті болғаны, ал оның мүддесіне сай келмейтіндер зұлымдық делінеді. Софистердың өзінен бұрынғыларға қарағанда тарихи сіңірген еңбегінің ерекшелігі олар бірінші рет ежелгі философиялық ойды ғарыштың проблемаларынан адамзат өмірінің проблемасына бұрды. Біздің заманымызға дейінгі Ү ғасырдың аяғынан бастап адам проблемасы айырықша назарға алынды, әсіресе оған атақты философ Сократ ерекше мән берді.

Сократ(б.з.д. 469- б.з.д. 399 жж.) – афиналық философ, оның көптеген ізбасар мен шәкірттері болған, оның ішінде ең атақтысы Платон болып табылады. Сократ және оның идеялары туралы мәліметтер бізге оның шәкірттері мен философия тарихшыларының мазмұндап баяндауымен жетті, өйткені, ол өзі көзінің тірісінде ешқандай еңбек жазбаған. Сократ бойынша жазбаша білім, - өлі білімдер. Диалог жазбаша білімнен жоғары тұрады.

Сократ философиясының басты өзегі – адам өзін-өзі танитын өнегелілік тіршілік иесі. Адамның мәні оның жаны болып табылады, өйткені, ол “оған дене қызмет етеді”. Жанның құндылығы танымда. Сократ субъективті диалектиканың әдісін жасады, оның мақсаты – ақиқатты айқындау. Сократ бойынша ақиқат – бұл диалог үдерісінде ұғымдардың мазмұнын анықтау барысында алынатын объективті білім. Сократтың айтуынша, сұхбаттасу - моральды “жанның сынақ” тапсыруы. Сократ субъективті диалектиканың әдісін майевтика (кіндік шеше” өнері) деп атады. Субъективті диалектика әдісінің көмегімен сұхбат, диалог үдерісінде ақиқат туындайды. Ол индукция әдісін кеңінен қолданды және бұл әдісті ақиқатқа “бару” әдісі деп ақиқаттан кем емес бағалады. Сократ былай деді:”Мен білмейтінімді білемін”.Сократ софистерді “жалған данышпандар”деп,олардың ілімін сынады.

Өзіңді өзің таны” – барлық адамдарға ортақ өнегелілік сапаларды іздеуді білдіретін ұран. Бақыт пен ізгілік бір-біріне теңдеседі, ал зұлымдық ізгілікті білмеу болып табылады. Таным – игі істің, оң әрекеттің қажетті шарты. “Ізгілікті дегеніміз білім”. Адам өз бақытының және бақытсыздығының сәулетшісі. Сократтың этикалық ілімінің қуаты оның тек философиялық іпікрлерімен ғана емес, сонымен қатар өзінің өлімімен де дәлелдеді, ол соттың сөзсіз шешімімен болған әділетсіздікке мойынсұна отырып, у ішіп қаза болды. Сократқа мынадай айып тағылды: “ол қала сенетін құдайға сенбейді, жаңа құдайларды енгізеді, және ол жасөспірімдерді бұзады, сол үшін де оған -өлім”.



Платон(шын аты Аристокл, Сократтың шәкірті, Академияның негізін қалаушы, объективті идеалист).

Платонның шығармаларын төмендегідей кезеңдерге шартты түрде бөлуге болады:

•сократтық (жасөсіпірімдік) – “ Кіші Гиппий ”, “Лисии”, “Алкивиад І”, “Сократтың Апологиясы”, “Критон”;

• софист философтарға қарсы бағытталғандар – “Протагор”, “Горгий”, “Менон”, “Эвтием”, “Кратил”, “Теэтет”, “ Үлкен Гиппий ”;

• гүлдену кезеңі – “Федр”, “Той”, “Менекен”, “Ион”, “Мемлекет”,”Саясат”, “Парменид”,

•метафизикалық сипатта – “Федон”, “Тимей”, “Критий”;



•Филипп Опунский жинақтаған “Заңдар”.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет