Реферат тақырыбы: «Ақуыздар»



бет12/13
Дата25.11.2023
өлшемі140,3 Kb.
#126062
түріРеферат
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
ақуыздар

Транспорттық қызметі– молекулалық оттегін, липидтерді әр түрлі төменгі молекулалы органикалық заттарды, металл иондарын ауыстырып, жеткізіп беру қызметін атайды. Бұл қызметті қан гемоглбині, бұлшық ет миоглобині атқарады. Олар молекулалық оттегін, липопротеиндерді, металлопротеиндерді және басқа да ақуыздарды тасымалдап жеткізеді.
Ақуыздардың гормондық қызметі. Ағзада әртүрлі механизмдердің көмегімен заттар алмасуы реттеліп отырады. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар заттар алмасуының реттелуін жүзеге асырып отырады. Гормондардың бірқатары (инсулин, гипофиздің гормондары, вазопрессин, окситоцин).
Жиырылғыштық қызметі (бұлшықеттің актомиозині). - организмге үйлестірілген қозғалыс мүмкіндігін береді. Мысалы, бұлшықеттің жиырылып-созылуын актин, миозин, тропомиозин сияқты ақуыздардан құрылған арнаулы жүйе жүзеге асырады, кірпіктегі тубулин деген ақуыз кірпіктің қимылына катысады.
Ерекше ақуыздардан құрылған құрылымдар микроскоптық деңгейдегі қозғалысқа жауапты, мысалы, митоз уақытындағы хромосомалардың бөлінуі ерекше ақуыздардың қатысуымен жүзеге асады.

Иммундық ақуыздар (антиденешіктер, қанның.ү-глобулиндері) – қорғаныш қызметін атқарады, бөтен молеккулаларды таниды да, байланыстырады.
Құрылымдық қызметі – клетка мембраналарының, дәнекер ұлпаның орналасуын реттейді. Мұндағы ақуыздардың құрамына: сүйектің және сіңірдің құрылымдық ақуызы – коллаген; жүннің, тұяқ пен мүйіздің құрылымдық негізі болып табылатын ақуыз – кератин; буын байланыстары құрылымында екі өлшемдік бағытта созыла алатын эластин кіреді.
Қоректік қызметі – қоректік ақуыздар атқарады. Оған негізгі азық – түлік өнімдері болып табылатын жануарлар мен өсімдіктердегі альбумин, глобулин, казеин, глиадин, гордеин, зеин және басқа қоректік ақуыздар жатады.
Реттегіш қызметі – жеке клеткалардағыжәне тұтас организмдегі зат алмасуын реттейді, оның үдеуіне жағдай жасайды. Мұндай ақуыздарға инсулин гормоны, гипофиз гормондары және басқалары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет