Реферат тақырыбы: Бастауыш сыныптағы мәтінмен жұмыс Орындаған: Менайдарова А. М. Жетекші: Сагалиева Ж. К



бет12/21
Дата25.04.2023
өлшемі1,39 Mb.
#86589
түріРеферат
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Киіз үй мен ағаш үй
Ертеде екі адам дос болыпты. Біреуі – орыс мұжығы, екіншісі қазақ екен. Екеуі қазақтарға киіз үй, орыстарға ағаш үй жасап көп табыс тауып жүреді.
Күндердің күнінде екеуі ұрсысып қалыпты.
Біреуі киіз үйді, біреуі ағаш үйді мақтаумен бір шешімге келе алмай, әділ қазыға жүгініпті.
Әділ қазы:
– Екеуіңдікі де дұрыс. Киіз үй көшіп-қонып жүруге қолайлы. Ал қыста жұмыс адамына тынығу үшін, түнге қарай жылы ағаш үй керек. Сол үшін, қазақ, сен бір киіз үй, ал орыс, сен бір ағаш үй жасап ал. Бірақ екеуің де үйді бірігіп салғандарың жөн. Сонда қыс түскенде ағаш үйде, жаз шыққанда киіз үйде бірге тұра бересіңдер, – депті.
Әділ қазының төрелігіне екеуі де риза болып, рақметтерін айтыпты.
Ыбырай Алтынсариннен [13, 22]

1. Мәтінді оқығаннан кейін оқушылардың ішінен бір топ оқушыларды сынып алдына шығады.


2. Шыққан оқушылар алтын балыққа арналған аквариумда «отырады», мәтін бойынша өз пікірлермен бөліседі.
3. Қалған оқушылар аквариумда отырған оқушыларға сұрақтар қояды.
Бұл әдіс тек қана оқушыларға өз пікірін анық және ашық білдіруге ғана көмектеспейді, сонымен қатар дұрыс сұрақ қоюды да дағдыландырады.

АҚЫЛДЫНЫҢ АЛТЫ ҚАЛПАҒЫ

3

Жалпы сипаттама: Мәселені барынша мұқият талқылап, баланың жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдың/сананың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолданылатын әдіс.
Сыныпты жоспарлау: Нақты ештеңе қажет емес.
Жұмыс алгоритмі: Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Оқушыларға қалпақ беріледі (рас қалпақ немесе ойдан шығарылған) де, олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады. Бұл әдістің көздегені: осылайша мәселенің немесе ойдың барлық аспектілерін қамтитын карта жасау. Сынып топтарға бөлініп, бір топқа бір түсті қалпақ беріледі. Мұғалім әңгімені жүргізеді.
Ақылдының алты қалпағы (Де Боно):
- Ақ қалпақ: деректер мен шынайы ақпаратқа негізделген бейтарап ұстаным;
- Қызыл қалпақ: болжам, интуиция, ішкі сезімдерге негізделген эмоциялық ұстаным;
- Қара қалпақ: «кері» (негатив) дәйектеуге негізделген сыни, сараптамалық ұстаным;
- Сары қалпақ: болашаққа сенімге, жағымды (позитивтік) дәйектеуге негізделген оптимистік ұстаным;
- Жасыл қалпақ: келешекті, өсу мүмкіндіктері мен жаңа идеяларды анықтайтын креативті ұстаным;
- Көк қалпақ: жоспарлы әрекет, нақты ұйымдастыру, бақылау мен міндетті түрде шешім қабылдауды көздейтін салқынқанды ұстаным [12, 41].

3 сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығаның 2-бөлімінің «Өнер» тарауындағы 75-ші сабағының («Хат жазуды үйренемін. Негізгі және туынды зат есім» тақырыбындағы) 35 жаттығуын «Ақылдының алты қалпағы» атты белсенді әдіс арқылы талдауға болады. Ол үшін оқушылар мәтінді оқиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет