Реферат тақырыбы: Бастауыш сыныптағы мәтінмен жұмыс Орындаған: Менайдарова А. М. Жетекші: Сагалиева Ж. К


Р/с Қолдану амалдары (жүйесі)



бет11/21
Дата25.04.2023
өлшемі1,39 Mb.
#86589
түріРеферат
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
Менайдарова Айана. Реферат

Р/с

Қолдану амалдары (жүйесі)

Қолдану мысалы

ТЫҢДАП ОТЫРҒАН ҮШТІК

1

Мақсаты: Ақпарат алу, терминдерді түсінуді дамыту, алынған ақпаратты өңдеу және талдау дағдыларын, бақылаушы рөлі арқылы өзінің іс-әрекеттеріне талдау жасау дағдыларын дамытуға бағытталған тәсіл.
Сыныпты жоспарлау: Оқушылар үшеуден отырады, екеуі бірге, ал біреуі олардың қарсысында сәл алшақта – сөйлесуге қатыспайды, бірақ бақылайды.
Жұмыс алгоритмі: Оқушылар үш адамнан тұратын топта жұмыс істейді. Топтағы бір оқушы – шешен, біреуі – тілші және үшіншісі – хатшы рөлін атқарады. Шешен бір нәрсені айтады, сұрақты түсіндіреді немесе пікірін білдіреді. Тілші көмектесіп айтып отырады және түсініктеме беруді сұрайды. Хатшы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді. Келесі жолы оқушылар рөлдерімен ауысады [12, 36].

3 сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығаның 1-бөлімінің «Сәулет өнері» тарауындағы 56 сабағының («Тұрлаусыз мүшелер» тақырыбындағы) 21 жаттығуындағы мәтінді «Тыңдап отырған үштік» атты белсенді әдіс арқылы талдауға болады.
Алматыдағы Абай атамыздың ескерткішінің авторы – Қазақстанның халық суретшісі Хакімжан Есімханұлы Наурызбаев.
Ұлы Отан соғысы жылдары республикамыздың үкіметін басқарған Нұртас Оңдасынов Қостанай облысын іссапармен аралай жүріп, Ұзынкөлге де соғады. Аудан басшысының кабинетінде сазбалшықтан жасалған әртүрлі мал пішіндеріне көзі түседі. «Мұны жасап жүрген кім?» дейді бірден. Сөйтсе, олардың иесі Хакімжан есімді балаң жігіт екен. «Оқуға жүр» дейді. Ол үйде жұмыс істейтін өзі ғана екенін, анасы мен жас бауырларын тастап кете алмайтынын айтады. Нұртас аға Алматыға оралысымен Хакімжанның отбасына мемлекет тарапынан жағдай жасатып, өзін Мәскеу көркемсурет училищесіне оқуға жібертеді.
Хакімжан аға мүсін өнерінің хас шебері еді.
Тілеуберді Меңдешұлынан

  • Мәтін кейіпкері саған ұнады ма?

  • Оның қай қасиеті ұнады?

  • Хакімжан ағаны «мүсін өнерінің хас шебері» деп неліктен айтады? Өз ойыңмен бөліс [9, 106].

1. Мәтінді оқығаннан кейін оқушыларды үш-үштен бөліп, әрбір оқушыға рөл таңдайсыз: шешен, тілші және хатшы. 2. Шешен мәтіннен кейінгі сұрақтарға жауап береді, тілші шешенге көмектеседі және қосымша сұрақтар қояды, хатшы соңында қорытынды шығарады.
3. Оқушылар рөлдермен алмасады.
Бұл әдіс оқушыларға өз ойларын анық жеткізуге дағдылануға көмектеседі.

АЛТЫН БАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН АКВАРИУМ

2

Жалпы сипаттама: Идеяларды команда болып ұсынуға, логикалық, сараптамалық сұрақтарды дамытуға, пікір алмасуға мүмкіндік береді.
Сыныпты жоспарлау: Топқа арналған орындықтар ортада, сыныптың қалған бөлігі тыңдаушылар ретінде отырады.
Жұмыс алгоритмі: Бір топтың барлық сынып алдында өз пікірін білдіреді. Олар алтын балыққа арналған аквариумда «отырады», басқалары оларға сұрақ қойып, түсініктеме беруді талап ете алады және т.б [12, 40].

3 сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығаның 2-бөлімінің «Өнер» тарауындағы 74-ші сабағының («Хат жазуды үйренемін. Негізгі және туынды зат есім» тақырыбындағы) 31 жаттығуындағы мәтінді «Алтын балыққа арналған аквариум» атты белсенді әдіс арқылы талдауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет