Реферат тақырыбы: Бастауыш сыныптағы мәтінмен жұмыс Орындаған: Менайдарова А. М. Жетекші: Сагалиева Ж. К



бет10/21
Дата25.04.2023
өлшемі1,39 Mb.
#86589
түріРеферат
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
Менайдарова Айана. Реферат

Р/с

Әдістеме

Мақсаты

1

Деформацияланған мәтінді қалпына келтір.
Аю
Негізгі азығы өсімдіктер. Дүние жүзінде оның жеті түрі бар. Ол тау арасында мекендейді. Соның бірі – қоңыр аю. Ағаштардың жаңғағын теріп жейді. Аю – орман қожасы. Алғашқы қар жауғанда апанына кіреді. Аю үлкен-үлкен тастарды көтереді. Қоңыр аю Қазақстанда көп тараған. Астынан өзіне жем іздейді. Құрт-құмырсқаларды да аулайды. Қыс бойы ұйықтап шығады [10].

Бұл жаттығу оқушыларға сөйлемдірдің логикалық байланысын табуға, мазмұндама жазуға дағлыланады. Берілген жаттығу келесі мақсатты жүзеге асырады: мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату.



2

Мәтінді абзацтарға бөл.
Құйрықсыз түлкі
Бір түлкінің келе жатқанда, аңдаусызда құйрығы қақпанға түсіп қалады. Құйрығын үзіп, өзі әрең құтылады. Бөтен түлкілердің қасында жалғыз өзі шошақ болып жүруге ұялады да, ол барлық жолдастарын шақырып жинап алып: - Құйрықты сүйретіп жүру неге керек? Сұлу да емес әрі қашан да ыңғайсыз ауыр, бәріңіз де құйрықтарыңызды кесіп тастаңыздар, - деп, оларға насихат айтты. Сонда жолдастарының арасынан бір түлкі: - Егер құйрығың бүтін болса, сен бұлай айтпас едің-ау, - дейді. Мұны естіп бөтен түлкілер күле бастады. Құйрықсыз түлкі ұялып, оларға көрінбейтін болды [11].

Бұл жаттығу оқушыларды шығарма мен мазмұндама жазғанда өз мәтіндерін дұрыс абзацтарға бөлуге дағдыландырады. Берілген жаттығу келесі мақсатты жүзеге асырады: мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату.

3

Мәтін ішінен сын есімдерді тауып, астын сыз.
Жүзім
Жүзім – көпжылдық шырмауықты өсімдік. Оның жемісі сүйекті және сүйексіз келеді. Бүлдіргендерінің түсі қара, көк, жасылдау, ақ, қызыл, сары болады. Бүлдіргеннің пішіні – домалақ, сопақша. Ғалымдар мен бағбандар жүзімнің мыңдаған түрін шығарды. Жүзімнің кептірілген түрін мейіз деп атайды [11].

Бұл жаттығу оқушыларға сын есімдерді ажыратуға дағдыландырады. Берілген жаттығу келесі мақсатты жүзеге асырады: сөйлемнен сын есімді табу.

Сонымен қатар, мәтіндерді талдауда келесі белсенді әдіс-тәсілдерді қолдансақ, оқушылардың ойлау әрекетін дамыта аламыз:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет