Реферат тақырыбы: Бастауыш сыныптағы мәтінмен жұмыс Орындаған: Менайдарова А. М. Жетекші: Сагалиева Ж. К



бет8/21
Дата25.04.2023
өлшемі1,39 Mb.
#86589
түріРеферат
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Мысалдарды оқыту

5

С.Рахметова, Г.Тұрдалиева бойынша, мысалды төмендегідей жолдармен оқуға болады:
1. Оқылатын мысал жөнінде мұғалім алдын ала әңгіме өткізеді; онда балаларға түсінігі ауырлық келтіретін сөздердің (сол мысалдың ішінде кездесетін) кейбіреулерін кірістіре отырып, олардың мағаналарын аша кетеді.
2. Мұғалім мысалды әуелі нақышына келтіріп, өзі оқиды, сонан кейін оқушыларға оқытады.
3. Мысалдың мазмұны талданылады.
4. Мысалдың кей жерлерінен үзінді келтіре отырып, ондағы негізгі ойдың не екені қорытындыда әңгімеленеді.
5. Мысалдың мазмұнына ұқсас өмірде кездесетін іс-әрекеттерден мысалдар келтіріледі.
6. Рольге бөліп оқытылады.

Бастауыш сыныптарда мысалдарды рольге бөліп оқытқызуға болады. Сонымен қатар, әртүрлі бағдарламаларды қолдану арқылы мультфильм жасап, оқушыларға ұсынуға болады.

6

С.Сейтенова, Г.Дюсембинова бойынша, бастауыш сынып оқушылары мысалды оқығанда суреттелген оқиғаның тартымдылығына қызығады, оны шындық деп қабылдайды. Сондықтан мысалды оқып шығысымен, автордың ондағы суреттеп отырған жан-жануарлары кімдердің бейнесі, оны кім деп түсінесіндер дегендей сұрақ қою қатерлік болар еді. Өйткені, жұмысты қандай әдіспен жүргізу – оқушылардың мысалды оқығанда алған әсерін жояды. Сондықтан балалардың одан алған әсерлері әлсіремей, қайта күшейе түсетіндей, мысалдағы кейіпкердің іс-әрекетін тереңірек ұғына түсуіне жағдай жасайтын әдіс-тәсілдер қарастырылады. Ол үшін алдымен мысалдағы суреттелген оқиғаны, қатысушы кейіпкерлерді шындық, өмірде болатындай етіп түсіндіру керек. Ал мысалда суреттелгендер балаларға шындық, болмыс жөнінде қате түсінік беретінінен, мысалы, балалардың қарға, түлкінің сөйлемейтінің білетіндігінен қауіптенудің қажеті жоқ. Олардың сөйлемейтінін балалардың өздері де жақсы біледі, сонда да оны шындық сияқты қабылдайды.

Өлеңдерді оқыту

7

С.Рахметова, Г.Тұрдалиева, Г.Дюсембинова бойынша, өлеңді оқыту тәртібін шамамен былайша беруге болады:
1. Өлең оқылмас бұрын оның мазмұнына қарай әңгіме өткізіледі. Онда өлең жолдарында кездесетін оқушы түсінігіне қиын сөздердің мағынасы түсіндіріледі.
2. Өлеңді ырғағына келтіріп, мәнерлі түрде алдымен мұғалімнің өзі оқып шығады. Оқу барысында оқушылар кітаптарын жауып, тыңдап отырады.
3. Оқушылар өлеңге әуелі іштерінен көз жүгіртіп өтеді де, сонан кейін оны дауыстап, мәнерлеп, дұрыс оқиды.
4. Өлең мазмұны талданады. Көлемді өлең бөлімдерге бөлініп талданса, ал қысқа өлеңдер тұтас талданады.
5. Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап әдіс қолданылады.
6. Өлеңді екінші рет, қорытындылау мақсатында оқуға дайындық жұмысы жүргізіледі (оқу техникасы, мәнерлеп оқу, дауыс сазы, хормен оқу, жеке оқушыға оқыту, т.б.).

Өлеңді тек қана мұғалімнің өзі ғана оқымай, видеоролик немесе аудиотаспа арқылы берілген өлеңді әртүрлі ересек адамдардың, балалардың оқуын ұсынып беруге де болады. Соның арқасында өлеңнің оқуының әртүрлі нұсқасын естіп, оларды салыстырып, кейін өлеңді өзінше мәнерлеп оқи алатынына дағдыланады.

8

С.Сейтенова бойынша, өлеңді өтуде мұғалімге мынадай талаптар қояды: өлеңді әсерлі етіп оқу, өлең арқылы өмірді тану, өлеңнің білімділік, тәрбиелік мәнін жеткізу, өлеңді сүйе білуге, оқығаннан ляззат ала білуге үйрету.

Сонымен қатар, қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс жасаудың мақсаты – мәтін құрылымының заңдылықтарын түсіну, сөйлемнің фонетикалық, морфологиялық, орфографиялық, синтаксистік құрылымымен таныстыру. Бұл мақсаттарға келісі әрекеттерді қолдану арқылы қол жеткізіледі:
1. Мәтіндегі сөйлемдердің шекарасын табу;
2. Мәтінді абзацтарға бөлу;
3. Деформацияланған мәтінді қалпына келтіру;
4. Мәтіннің тақырыбын, негізгі ойды, идеяны анықтау;
5. Берілген жоспар бойынша мәтін құрастыру;
6. Берілген үзінділерден толық мәтін жинау;
7. Мәтіннің соңын болжау;
8. Мәтіндердің түрлерін ажырату және т.б.
Қазақ тілі оқулықтарында әрбір сабақта мәтінмен жұмыс орындалатын тапсырмаларды көре аламыз. Мысалы, 3 сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығында мәтінмен жұмыс жасауғар арналған төмендегідей тапсырмалар берілген:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет