Педагогикалық технологияның оқушылардың саны бойынша қолданылуы:
массалық;
жеке;
топтық;
қиын балалармен жұмыс технологиясы;
дарындылармен жұмыс технологиясы;
топтық;
массалық;
1.5 Т.Галиев бойынша Заманауи жобалық оқыту технологиясының классификациясы (жіктелуі) Т. Т. Галиев әзірлеген жүйелік тәсіл технологиясы зерттеу объектісін немесе шешілетін мәселені өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін әдістеме болып табылады. Бұл сабақты жобалау тәсілі студенттерге жүйелі ойлауды, күрделі мәселелерді талдауды және оңтайлы шешімдерді табуды үйренуге мүмкіндік береді.
4-кесте: Технологияның жүйелі зерттелуі.
Технологияның пайда болуына әсер еткен факторлар
Жобалап оқыту технологиясы педагогикалық технология оқыту проблемаларын, тәрбиелеу мәселелерін шешуді технологияландыру мәселесінің туындауына байланысты соңғы кезде өмірге келді. Қазіргі кезде оқыту теориясындағы «технологиялық қатынас», «технология», «педагогикалық технология», «оқыту технологиясы», «тәрбие технологиясы», «ойын технологиясы» т.б. ұғымдарды бір-бірінен ажыратып, жеке-дара қарастырудың қажеттілігі туындап отыр.
Жобалау – “proicere” деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. Жобалау технологиясы ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған психолог, педагог, философ Джон Дьюи. Дьюидің ілімін жалғастырушы профессор Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау – бұл технологияның негізі. "Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе – бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі" – деп тұжырымдайды Хилпатрик.