Технологияны білім беру саласына енгізу ауқымды зерттеулер мен эксперименттердің нысаны болды. Білім берудегі технологияны енгізуге байланысты зерттеу және эксперимент салаларының кейбір мысалдары:
Технологияларды сыныптағы оқытуға біріктіру: Зерттеулер технологияны сыныптағы оқытуға ықпалдастырудың әсерін зерттеді. Бұл оқыту мен оқуды жақсарту үшін білім беру бағдарламалық құралын, мультимедиялық ресурстарды және интерактивті құралдарды пайдалануды үйренуді қамтиды. Зерттеулер технологияның студенттердің белсенділігіне, мотивациясына және оқу жетістіктеріне әсерін зерттеді.
Аралас және онлайн оқыту: аралас оқыту дәстүрлі бетпе-бет оқытуды онлайн оқыту компоненттерімен біріктіреді, ал онлайн оқыту толығымен виртуалды орта болып табылады. Зерттеулер оқушылардың үлгерімі, қанағаттануы және мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуі сияқты факторларды зерттей отырып, дәстүрлі сыныптық жағдайлармен салыстырғанда осы үлгілердің тиімділігіне назар аударды.
Технология туралы ғылыми болжамдар
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудың теориялық қағидаларына сәйкес оның әдістемесі жасалып, оқыту үдерісіне ендірілсе, онда болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекеті жоғары деңгейде дамиды, өйткені, бұл жағдайда болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жобалап оқыту технологиясы туралы білімдері кеңейіп, оқу іс-әрекетінде жүзеге асыруға негіз болады.
ЖҮЙЕЛІ ТҰРҒЫДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
Технологияның қолданылу тәжірбиесі Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес «Білім инновация» лицейлерінде де жұмыс тақырыбы «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» болып табылады. Осыған орай 2014 жылдан бастап, оқу үрдісіне PBL бағдарламасы енгізілді.
Project Based Learning (PBL) дегеніміз не? PBL – білім беруді дамыту және бағалау негізіндегі жоба. PBL жобалау арқылы білім беруді іске асырады. Яғни жобалау арқылы білім бере отырып, оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуіне жол ашады. Бұл оқыту тәсілі бұрыннан оқу үрдісіне «практика негізінде оқыту» (ағыл. learning by-doing) деген атпен енген болатын, ал қазіргі жаңашыл педагогтар «PBL жоба арқылы білім беру» деп атап жүр. PBL оқушыларды әр деңгейдегі зерттеулерге қатыстыра оқыту процесін жеңілдетеді. Жаңа өмір талабына сүйенсек, біздің міндетіміз – ересек өмірге дайын, сенімді түрде енетін оқушы тәрбиелеу. Мектепте алған білімді барлығы бірдей өмірде пайдалана білмейді. «Алып жатқан білімім бүгін болмаса, ертең қажетіме жарайды» деп оқыған бала ғана ертеңінен үміт күтеді, сенім пайда болады, қазірден бастап өмірін жоспарлауға мүмкіндік алады. Сондықтан да PBL-ді оқу үрдісіне дәстүрлі тәсіл ретінде енгізсе, құп болар еді.
«Білім инновация» лицейінде PBL - жоба негізінде білім беру негізінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерде басым қолданылады. Биылғы оқу жылынан бастап, қоғамтану пәндерінде де қолданыла бастады.
Мысалы, Измаилов Жақсылық Мұратпекұлының оқушылары информатика сабақтарында «ЭКСПО -17» бағдарламасы бойынша «Болашақ энергиясын роботтар арқылы өңдеу» тақырыбында жобалар жасай бастады. Су және жел диірмендері арқылы электр тогын өндіру, күн энергиясы арқылы ауыз су тапшылығы бар жерлерде суды роботтар арқылы тазарту деген сияқты жобаларды ұсынуда. Сонымен қатар оқушылардың жасаған жобаларының замануй сипат алуы қуантады. Олар жобаларды жаңаша дизайн арқылы жасап, тіпті алған энергияны қосымша музыка тыңдауға да қолдана білген.
Қорыта келе, белгілі тақырыпқа арналған зерттеу жобасы оқушылардың бойында тығырықтан шығу жолын, оның мүмкіндіктерін қарастыруда іздену дағдыларын қалыптастырады. Шығармашылыққа баулиды. Тез шешім қабылдауға дағдыландырады.