Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым миністірлігі
Коммерциялық емес акционерлік қоғам «М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»
«Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы » жоғары мектебі
«Химия» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Бұлшық ет жүйесі – миология»
Орындаған: Жандуллаева Айгерім
Тобы:ЕП-19-16к1
Қабылдаған:Сенкебаева.Алтынай
Шымкент 2021
ЖОСПАР
●Бұлшық ет жүйес
●Миология
●Шеткі қаңқа бүлшықеттерін
Бұлшық ет жүйесі, адамда, барлық омыртқалы жануарларда және омыртқасыздардың көпшілігінде қозғалыс қызметін атқарады. Дене қаңқасын жауып тұратын бұлшық еттер көлденең салалы талшықтардан тұрады. Бұлшық еттер өзінің пішіні, көлемі, тұрған орны мен атқаратын қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Бұлшық ет жүйесіне арқа, кеуде, іш, мойын, бас, қол, иық, білек,
аяқ бұлшық еттері кіреді. Мысалы, белдің шаршы бұлшық еті, мықын-бел бұлшық еті, төс-бұғана-сүйір бұлшық еттері омыртқа жотасының екі жағына иілуіне мүмкіндік береді. Құрсақ бұлшық еттері, қабырға аралық бұлшық еттер, көк ет, т.б. көкірек клеткасын әр түрлі қозғалысқа келтіреді. Асықты жілік пен шыбық сүйегінің бұлшық еттері, балтырдың үш басты бұлшық еті және саусақтарды июші, жазушы, саусақ аралығын ашушы және біріктіруші бұлшық еттер аяқтың басын әр түрлі қозғалыстарға келтіреді. Бұлшық еттер жұмыс істегенде организмдегі зат алмасу процесі одан сайын үдей түсіп, тамырлар арқылы келетін қан ағыны көбейеді. Бұлшық ет қызметінің күшеюінен оның қоректенуі жақсарып, салмағы артады (мұны бұлшық еттің жұмыстық гипертрофиясы деп атайды). Дене мүшелерінің барлық қозғалысы өзара байланысты, ол шартты және шартсыз рефлекстер арқылы реттеліп отырады.
• Бұлшықет көптеген ұзынша жасуша бұлшықет талшықтарынан тұрады.Омыртқалыларда бұлшықеттің үш гистологиялық типі кездеседі:
• Қаңқа бұлшықеті көлденең жолақты немесе ерікті.
• Бірыңғай салалы • Жүрек бұлшықеттері (миокард) Бұлшықеттің топтамалары:
• 1.Бас пен мойын бұлшықеттері
• 2.Тұлға бұлшықеттері: • трапеция пішінді; • ромб тәрізді
• 3.Көкірек бұлшықеттері: • көкіректің үлкен бұлшықеттері; • сыртқы қабырға аралық бұлшықеттер; • Ішкі қабырға аралық бұлшықеттер • көкет; • Құрсақ бұлшықеттер: • Қол бұлшықеттер • Аяқ бұлшықеттер
Бұлшықеттің жиырылуын ацетилхолин нейромедиаторын бөле қозғалтқыш нейрондар басқарады.Ацетилхолин синапстық саңылау арқылы сіңіріліп, бұлшықет жасушаларының плазмалық мембранасында орналасқан ацетилхолин реценторымен әрекеттеседі. Бұл трансмембраналық иондар каналының ашылып,жасуша мембранасының деполяризациялануына әкеледі.Әрекет потенциалы жүйке-бұлшықет қосылыстарынан бұлшықет жасушаларын қоздырып, барлық бағыттарға таралады. Синхронды типтегі бұлшықеттерде саркоплазмалық ретикулум жақсы дамыған ,өйткені олардың жұмысын реттеу үшін жүйке импульстарының көп мөлшері қажет, ал әр импульс кальций иондарының саркоплазмалық ретикулумнан босап шығуымен байланысты. Тропомиозин мен тропониннің ролі • Актин филаменттері Ғ-актинмен көмекші тропомиозин мен тропонин ферментерінен тұрады. Тропомиозин молекулалары Ғ актинді орап жататын екі созылған тізбек түзеді.
Егер адам үнемі функционалды, табиғи түрде жаттығып жүрсе, шапшаңдыққа жүгіріп, оларды крестпен араластырса, өзін тек салмағымен ғана емес, сонымен қатар екі салмақпен қалай тарту керектігін біледі және өзін әр түрлі жағынан дамыта отырып, бірін-бірі жасай алады.
Миология (myologia, грек, mys — ет, logos — ілім) — адам мен жануарлар бұлшықеттер жүйесі туралы ілім. Бұлшық еттер адам мен жануарлар организмдерінің кеңістіктегі орын ауыстыру немесе дене мүшелерінің салыстырмалы қимыл-қозғалыстарын іс жүзіне асырады. Бұлшықеттер: қаңқа бұлшықеттері, ішкі бұлшықеттер және жүрек бұлшықеттері болып бөлінеді. Ішкі бұлшықеттер (висцеральды бұлшықеттер) ішкі мүшелердің және қан, лимфа тамырлары қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттарды түзеді. Бұлар мезенхимадан дамып жетіледі. Миоциттерден (ет жасушаларынан) тұрады және еріксіз жиырылады. Жүрек бүлшықеттері жүректің ортаңғы етті қабығы —миокардты құрайды. Миокард мезодермадан дамып жетіледі, кардиомиоциттерден тұрады, еріксіз жиырылады. Қаңқа бүлшықеттері қаңқа сүйектеріне бекіп, оларда орналасып, қаңқа сүйектерімен бірге тірек-қимыл аппаратын құрайды. Қаңқа бұлшықетері ерікті жиырылады, бұлшықет талшықтарынан (миосимпласттардан) тұрады, мезодерманың миотомынан дамып жетіледі. Қаңқа бұлшықеттері: біліктік және шеткі қаңқа бұлшықеттері болып екі топқа бөлінеді. Біліктік қаңқа бұлшықеттері өз кезегінде: бас, түлға, құйрық еттері болып үш топқа бөлінеді. Бас бұлшықеттерін: бет (ымдау) және шайнау бұлшықеттері құрайды. Тұлға бұлшықеттері:
1. Алдыңғы аяқты (адамда — қолды) тұлғаға бекітетін бұлшықеттер,
2. Көкірек керегесінің бұлшықеттері,
3. Құрсақ қабырғасының бұлшықеттері,
4. Омыртқа бағанының бұлшықеттері болып бөлінеді.
Шеткі қаңқа бұлшықеттерін: алдыңғы аяқ және артқы аяқ бұлшықеттері құрайды. Қол-аяқтар бұлшықеттері эсер ететін буындарға байланысты бөлінеді. Алдыңғы аяқ (қол) бұлшықеттері: иық, шынтық, тізе (адамда — білезік) және бақай (адамда — саусақ) буындарының бұлшықеттері болып бөлінеді. Артқы аяқ (адамда — аяқ) бұлшық еттері: жамбас-ортан жілік, тобық (адамда — тізе), тілерсек (толарсақ) және бақай буындарының бұлшықеттері топтарына ажырайды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Дене қаңқасын жауып тұратын бұлшық еттер көлденең салалы талшықтардан тұрады. Бұлшық еттер өзінің пішіні, көлемі, тұрған орны мен атқаратын қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Бұлшық ет жүйесіне арқа, кеуде, іш, мойын, бас, қол, иық, білек,
аяқ бұлшық еттері кіреді. Мысалы, белдің шаршы бұлшық еті, мықын-бел бұлшық еті, төс-бұғана-сүйір бұлшық еттері омыртқа жотасының екі жағына иілуіне мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиетте тізімі:
● Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
● Жалпы анатомиялық терминдер. Қаңқа жүйесі, тұлға қаңқасы
● М. Юсупова . Адам анатомиясының практикумы . А. Мектеп . 1984.
● А.Р.Рахышев .Адам анатомиясы А.2005.1-2 тт
Достарыңызбен бөлісу: |