1) Рыноктағы жағдайды талдау келесі сұрақтарға жауап береді:
Ø Біз қай жердеміз?
Ø Қай жерде болғымыз келеді?
Ø Ол жерде болу үшін не қажет?
Ø Оған не кедергі жасайды?
Маркетингтік қызмет алғашқы көріністі білу үшін, келесі төрт сұраққа жауап іздеу арқылы нарықтық жағдайды талдайды:
1) Біз қай жердеміз? Бұл сұраққа жауап, компанияның қазіргі таңда нарықтың қай жерінде, толықтырушы және алмастырушы тауарлар нарығына талдауға, бәсекелестер арасында қай орынға ие болып тұрғанын анықтайды. Бұл модель нарық динамикасын суреттеуге мүмкіндік береді.
2) Біз қай жерде болғымыз келеді? Бұл нүкте мәнді кеңістіктегі брендтің алдағы жылдардағы қойған мақсаты. Екінші сұраққа жауап бере отыра, тұтынушылар тарапынан қабылдана отырып марканың орналасуының қарастырамыз.
3) Көзделген нүктеге жету үшін не жасау керек? Бұл сұраққа жауап беру үшін: өндірістік қуат, қаржылық мүмкіндіктер, инвестиция, тәжірибе, персонал санаты, уақыт және т.б. факторларды ескере олардың дамуын қарастыру керек.
4) Не кедергі келтіру мүмкін? Мұнда нарықтық динамиканы ескеру қажет (нарық сиымдылығын, ұлғаюын, азаюын): макроэкономикалық жағдай өзгеруін (тұрғындар табысы, инфляция деңгейі, курс бағамы, шцкізат бағасы, энерготассушылар және т.б.), бәсекелестердің белсенділік мүмкіндіктерін, тұтынушы қабылдауының өзгеруі, модельдер ескіруі мен жаңалардың пайда болуы және мемлекеттік реттеу(заңдар, салықтар, лицензиялау, кеденік салымдар және т.б.).
Осы аталған төрт сұраққа жауап беріп, кеңістік моделін жасап, өзіміздің маркамыз қай жерде орналасқанын және қай бағытта дамуы керек екенін анықтаймыз. SWOT-талдау соңғы 3-інші және 4-інші сұраққа жауап береді, қажетті ресурстар мен шектеулі мүмкіндіктер түрінде қарастыруға болады.
SWOT-талдау кезінде компания қызметін екі факорға бөледі: ішкі ресурстар жеткілікті/жеткіліксіздігі (Strengh-күш, Weakness-әлсіз) және сыртқы жағымды/шектеулі факторлар (Opportinity-мүмкіндіктер, Threat-қауіпөқатерлер). Әдетте SWOT-талдау кесте түрінде жүргізіледі.
Күшті жақтары
Мүміндіктер
Ø Сапалы тауар Ø Сервистің жағарғы деңгейі Ø Персонал тәжірибесі және квалификация Ø Күшті позициясы бар бренд Ø Дистрибуция дамуы
Ø Экономикалық жағдай Ø Тұтынушылар арасында өзгерістер Ø Рынок ерекшеліктері Ø Технологиялар
Әлсіз
Қауіп-қатерлер
Ø Өндірістік қуат Ø Әлсіз менеджмент Ø Қаржылық шектеу Ø Рынокта жеткіліксіз тәжірибе
Ø Бәсекелік белсенділік Ø Тұтынушылар өзгеруі Ø Мемлекеттік реттеу Ø Саяси жағдай
SWOT-талдаудаму мүмкініктері мен шектеулерді сәйкестендіріп, компанияның оптималды даму стратегиясын, жақсы жақтарын максималды қолданып шектеулердің орнын басатындай жасауға болады.