Реферат Тақырыбы: Брендтің пайда болуы Орындаған: Арын Аяулым Тобы: еп-21-3К6 Қабылдаған: Баубекова и жоспар



бет5/5
Дата22.05.2023
өлшемі46,17 Kb.
#95818
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
ЕП-21-3К6 Арын Аяулым

1.5 Бренд түрлері
1) Бренд атауы. Бренд атауының нақты болуы. Көп жағдайда тұтынушылар бренд атауларын халық арасында өздеріне ыңғайлы етіп бұрмаламайтындай атау жасау.
Таңба атауының қысқа болуы. Бренд атының баршаға түсінікті болатындай барынша қысқа болуы.
Экспрессивтілік(Әсерлі болуы). Таңба атауының мазмұнын тек қана сөз арасында ғана беріп қоймай, сонымен қатар тауарға деген көзқарасты да дұрыс бере білуі.
Шынайылылық. Тұтынушылардың тауар атын қысқа әрі еркелете және өздеріне жақындатып айтуы.
Жағымды естілуі. Тұтынушылар естілуі бойынша бренд атауын өздеріне қолайлы етіп өзгертпес үшін таңбаға берген атаудың жағымды естілуі.
Бренд атрибуттарының ішіндегі негізгі екеуі болып - тауар маркасының атауы мен тауар орамы болып табылады. Және осы екі атрибут тұтынушылармен байланыс жиілігі және тауар бейнесінің сыйымды әрі дәл болып белсенді құрылуына “көшбасшылық” етеді. Жалпы, тауар орамына келесідей анықтама беруге болады : “Бұзылу мен жоғалудан, қоршаған ортадан, кірлеуден және де айналым процесін қамтамасыз ететін зат немесе құралдар кешені.” Осылайша, тауар орамы утилитарлы функцияларды орындауға бағытталған :
• тауарды сыртқы әсерлерлен қорғау;
• тауардың сақталуын;
• сақтау ыңғайлылығын;
• тасымалдау тиімділігін;
• қолдану ыңғайлылығын.
Егер, тауар маркасы тауар таңдау және оны қолдану кезінде маңызды болса, тауар орамы - тұтынушы өз талғамын жасау кезінде елеулі маңызға ие болады. Тауар орамының тұтынушыға сол тауар туралы мәлімет беру функциясын екіге бөлеміз : ақпараттық және коммуникативті.
Тауар орамының ақпараттық фунциясы тұтынушыға тауарды өндіру процесін регламенттейтін тауарды пайдалану мен таратуына, сәйкесінше, көптеген нормативтік құжаттар көрсетеді. Көптеген заңдар, қолдану нұсқаулығы мен заңдық актілері бойынша тұтынушыға келесі ақпараттар берілуі керек :
• өндіруші компанияның аты, оның өндіру елі мен заңдық мекен-жайы;
• сауда маркасының атауы;
• өнім атауы;
• сандық мінездемелері (салмағы, көлемі, саны, өлшемі және т.с.с.);
• тауар құраушылары мен құрамы;
• энергетикалық құндылығы;
• сақтау шарттары мен қолдану тәсілдері;
• тауар сертификациясы туралы ақпарат;
• өндіру мерзімі;
• сақтау мерзімі;
• тауардың өндірілуіне байланысты мемлекеттік стандарттар мен сертификаттар атаулары;
• өнімнің штрих коды.
Жарнамалық адамдар, батырлар. Жарнамалық батырларды брендке эмоционалды, рухани әсер беру үшін қолданады. Мысалы, баршаға танымал «Marlboro» жарнамасындағы ковбойды айтуға болады. Ол 1955 жылы шыққан.
Бренд персонаждары мен символдары. Телекөрсетілім мен тележарнаманың дамуымен қатар персонаждардың да маңызы арта түсуде. Мысалы, сары майка мен қара қысқа шалбардағы, спортсмен бейнесіндегі «Дюрасел» батарейкасы. Қызықты персонаждар, мультипликациялық және комикстық персонаждар бала әлемінің ажырамас бөлігі. Мысалы, «Nesquik» брендінің Квики атты қоян. Кір жуу ұнтағын «Мифті» ертегілер әлемінен алынған қол жуғыш жарнамалайды. Мұндай персонаждар ересек адамдарды қызықтырып, еліктіретіні сөзсіз.
Түстер жиынтығы. Адам бірнеше мың түстерді ажырата алады, сондықтан түстер тұтынушыға брендтерті ерекшелеуде, ажыратуда көмектеседі. Әдетте жаңа тауарды шығарушы компания ұқсас көп тауарларды шығарғанда осы берілген тауарлар тобына келетін түсті таңдаған. 1886 жылы Coca-Cola компаниясы фирмалық түсі ретінде қатты қызыл түсті таңдады. Қызыл түс серuектік пен белсеңділікпен ассоцияланады. Және бұл сусынның қызғылт қоңыр түсінің өзі сергектік белгісін береді, оның түсі қанттық колер арқылы анықталады. Жарнама роликтерінде біртекті бояуға бояу кең етек алған. Мысалы, МТС жарнамасында логотиптің неізгі түстері қызыл мен сары түс болып табылады, сондықтан жарнамалық роликтерде осы түстерді қолданған (мысалы, машина түсі қызыл, киімдер мен гүл шоқтарының түсі де осы түстерге сәйкес келеді). Тауар орамындағы түстер де бренд мазмұнын тұтынушыға жеткізу құралы болып табылады. Түсті қабылдау тауардың сапасына да әсер етеді. Мысалы, түстері арқылы ғана ажыратылатын екі кір жуғыш ұнтақтарын салыстыратын тестілеуді жүргізу, яғни көк түсті орамдағы ұнтақ жақсы, бірақ кірді кетіру жағынан әлсіз болып көрсетілді, ал қызыл түсті орамдағы ұнтақ күшті және кірді тез кетіретін ұнтақ ретінде жарнамаланады.
Әуен. Ол ерекше көңіл-күйді туғызады. Сондықтан да көбінесе белсеңді түрде тележарнамаларда қолданылады. Көптеген компаниялар өз жарнамаларында ерекше әуенді қолданады, ол тұтынушыға сол тауар түрін идентификациялауда көмектеседі. Мысалы, Coca-Cola, Nesquik музыкалары фирмалық әуенге айналған, және тұтынушылар арасында танымал.
Дауыс. Кейбір жағдайларда дауыстың тембрі, интонация марканың басқа марка түрлеріне қарағандағы басты артықшылығы болып табылады.
Мимика, немесе іс-әрекет арқылы. Мысалы, «Липтон» шайын жарнамалағанда, шай пакетигінің кесеге салынуы кезіндегі үрдісті адам қол мимикалары арқылы көрсетеді. Бұл тұтынушылармен қарым-қатынас орнатудың әдісі, бұл тұтынушымен қатынасқа түсу үшін арналған мимика.
Табиғи коммуникаторлар. Айналасындағы адамдарға сатып алушының қандай марканы сатып алғандығын байқатпай хабарлайды. Мысалы, жеміс-жидек өндірушілерін бір-бірінен қалай айыруға болады? «Магос» апельсиндерінің танымалдылығы неде? Бұл апельсиннің танымалдылығы апельсинде «Магос» жазуы бар наклейкалардың болуы, ол балалар арасында кең тарады, себебі дәптерлерге, қаламдарға, кез келген жерге жабыстыруға болады. Немесе көптеген фирмалар қазіргі кезде логотипі бар сувенирлерді таратады, немесе арнайы күнтізбені шығарады т.б.


Пайдаланылғанәдебиеттер тізімі:

  1. Әубәкіров Я.Ә. «Экономикалық теория негіздері».

  2. С.А. Бартенев «История экономических учений» .

  3. Никитин С.М. «Теории стоимости и их эволюция».

  4. Шеденов Ө.К. «Жалпы экономикалық теория».

  5. Макконнелл Р., С. Брю. «Экономикс».

  6. Самуэльсон. «Экономика».

  7. https://pdnr.ru/e8620.html


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет