Реферат Тақырыбы: Еңбек гигиенасы Орындаған: Асубай Ж. Р. Тексерген: Қыздарбекова Ш. С. Жоспар: Кіріспе


Еңбек гигиенасының негізгі міндеттері



бет2/5
Дата07.05.2023
өлшемі29,45 Kb.
#90823
түріРеферат
1   2   3   4   5
Еңбек гигиенасының негізгі міндеттері:

  • Адам организміне әсер ететін қолайсыз еңбек жағдайларының алдын алу шараларын өңдеу;

  • Еңбекті қорғау мәселелерін шешу, нормативтер іздеу;

  • Кәсіби ауруларды уақытында анықтау, науқастарды медициналық тұрғыдан сауықтырып,еңбекке жарамды ету.

  • Жаңа технологиялық процестер мен жабдықтарды , аспап құралдарды технологиялық тұрғыдан бағалау.

  • Салынып жатқан, салынатын өнеркәсіп орындарына санитарлық сақтық, күнделікті қадағалау жүргізу.

Еңбек гигиенасы екі бөлімге бөлінеді: жалпы және жеке еңбек гигиенасы.


Жалпы еңбек гигиенасы өндірістің барлық саласына тән физикалық факторлардың, шаңның, токсикалық заттардың әсер ету зияндылықтарын зерттейді. Жалпы еңбек гигиенасының ірі бөлімдеріне еңбек физиологиясы мен өндірістік токсикологияны жатқызуға болады.
Жеке еңбек гигиенасы ТМД да жақсы дамуда. Ауыл шаруашылығының жеке салаларындағы еңбек жағдайын, жеке мамандықтардың еңбек гигиенасын, еңбек сипаты, зияндылықтар, шаң, шу, химиялық заттар, еңбек тәртібі және т.б. зерттейді.
Жеке еңбек гигиенасының міндеті кәсіптік зияндылықтардың денсаулыққа және жұмыс қабілеттілігіне кешенді әсерін зерттеу және оларды болдырмау шараларының жүйесін құрастыру.
1. Гигиена ғылымының даму тарихы
Еңбек гигиенасының өзіндік бай тарихы бар, оның даму кезеңіне еңбек сіңірген көптеген ғалымдар, тәжірибелі оқымыстылар баршылық. Кәсіптік аурушаңдық жөніндегі бірінші мәліметтер ерте уақыттардан шұғылданған ғалымдар тізімі, Греция мен Римнен - Гиппократ, Плиний, Галеннен басталады.
Көне замандағы ғалымдар мен дәрігерлер әртүрлі кәсіппен шұғылданушы адамдарда пайда болатын ауруларды байқаған. Мысалы: Гиппократ (біздің дәуірге дейінгі 460-377 жж) кен қазушылардың ауруларын бейнелеген. Гален (б.д.д. 130-200 жж.) қорғасын шаңының адам организміне зиянды әсеріне көңіл аударған. XVI ғасырда дәрігер-химик Парацельс кеншілердің, құюшылардың чахоткасы атты ауруды бейнелеген.
Москва университетінің профессоры Ф.Ф.Эрисман (1942-1915) еңбек гигиенасының дамуына зор үлес қосқан ғалым. Оның 1877 жылы «Кәсіби гигиена немесе ой және дене еңбегінің гигиенасы» атты кітабы шығып, еңбек гигиенасына ғылыми негіздері берілген.
Еңбек гигиенасы ғылымына және өндірістік токсикологияның дамуы мен оны қалпына келтіруге үлкен үлес қосқан ғалымдар: Н.С.Правдин, Н.В.Лазарев, Д.П.Никольский, Г.В.Хлопин, В.А.Ливитский. Осы ғалымдардың күрделі экспериментальдық зерттеулері, еңбек физиологиясы, өндірістік улардың организмге әсері еңбек гигиенасындағы кәсіби аурушаңдықтың өндірістік, химиялық, тау кен жұмыстарында болатынын, оның зияны туралы көптеген мәліметтер берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет