Реферат Тақырыбы: Еңбек гигиенасы Орындаған: Асубай Ж. Р. Тексерген: Қыздарбекова Ш. С. Жоспар: Кіріспе



бет4/5
Дата07.05.2023
өлшемі29,45 Kb.
#90823
түріРеферат
1   2   3   4   5
Ағымды санитарлық қадағалау – жұмысшылардың денсаулығын қорғау және жоғары іскерлік деңгейін сақтау мақсатымен, бақылауға жататын объектілердегі жұмысшылардың гигиеналық еңбек жағдайына және денсаулығына жан-жақты зерттеулерді жүргізу жатады. Бұл міндеттер кәсіпорынды санитарлық сипаттау, жалпы және кәсіптік сырқаттанушылықты зерттеу, кәсіптік сырқаттардың және кәсіптік уланулардың болған оқиғаларын тексеру, өндірістік мертігу жағдайларын талдау жолдарымен жетіледі.
Ұйымдастырушылық – әдістемелік жұмысы дәрігердің қызметінде маңызды орынды алады. Бұл жұмыс дәрігердің өзінің ісін жоспарлау және оған талдау жүргізу, лабораториялық жүмысын басқару және бақылау, санитарлық активті оқыту, жұмысшыларды гигигеналық оқыту, емдеу–профилактикалық мекемелерінің қызметкерлерінің және инженерлік–техникалық персоналдың т.б. еңбек гигиенасы бойынша мамандығын жоғарылату сияқты жұмыстарды қамтиды. Еңбек гигиенасы бойынша дәрігер кәсіпорынның әкімшілігімен, еңбек департаментімен, мемлекеттік техникалық қадағалау органдарымен және салалық кәсіподақ комитеттерімен іске байланысты қарым-қатынаста болу керек.
Дәрігер гигиенистік қызметінің маңызды жағы болып салауатты өмір қалыпын (СӨҚ) қалыптастыру мақсатымен өндірістерде санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу саналады. Ұйымдастыру – әдістемелік жұмыс айлық, кварталдық және жылдық жоспарлар негізінде жүргізіледі.

Өндіріс гимараттарына қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар
Өндірістік ғимараттар стандарт бойынша қойылған талаптарға сай болу керек. Ол өндірісте қанша адамның жұмыс істеу санына байланысты өндірістік нормалар бекітіледі, және де, ер адамдар қанша әйелдер саны қанша соған байланысты күнделікті тұрмысқа қажетті – себезгі, гардероб, дәретхана, демалыс бөлмелері, асхана т.б.бөлімшелер тұрғызылады. Құрылыс бөлімшелерінің көлемі 15 м3-тан көп болмау керек. Әр жұмысшыға 4,5 м2 бөлмелердің биіктігі 4,8 – ден өте биік болмау керек, қоймалардың биіктігі 3 м – ден кем болмау керек. Еденмен негізгі салмақ көтергіш элементтердің арақашықтығы 2,1 м. Еденмен инженерлік жүйелердің арақашықтығы (газопроводные) 1,9 м кем болмау керек. Сонымен қатар бөлме ішіндегі қысым ылғалдылығының, ауаның тазалығы, гигигиеналық талаптарға сай болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет