Реферат Тақырыбы: Еңбек гигиенасы Орындаған: Асубай Ж. Р. Тексерген: Қыздарбекова Ш. С. Жоспар: Кіріспе



бет3/5
Дата07.05.2023
өлшемі29,45 Kb.
#90823
түріРеферат
1   2   3   4   5
Н.В.Лазарев (1895–1974) – өз зерттеулерінде токсикалық заттардың физикалық, химиялық қасиеттеріне көп көңіл бөліп,зерттеп теориялық, экспериментальды түрде дәлелдеп «Өндірістегі зиянды заттар» атты анықтаманы жазған.
Н.С.Правдин (1882–1854)алғаш өндірістік уларды жіктеп, классификация жасаған, химиялық, токсикалық заттарға өндірістік белгілері бойынша баға беріп концентрациялық табалдырығын жасаған.
В.А.Ливитскийдің (1901) еңбек жағдайында қалдық өндірісінде көпшіліктің сынаптан улануы және одан сақтандыру, сынаптың зияндылығын кеміту туралы жазған.
2. Санитарлық – эпидемиологиялық қызмет органдары
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелері келесі функцияларды атқарады:
Бақылау функциясы – санитарлық-эпидемиологиялық қызмет барлық өздерінен төменде тұрған санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мекемелерінің жұмысын, сол СЭС-ға қарасты объектілерде санитарлық нормалардың сақталуын бақылауы тиіс. Мысалы, Республикалық СЭС – облыстық, қалалық, аудандық СЭС-ды бақылайды, яғни сол СЭС-ң жұмысын жоспарлауы, жұмысының тиімділігі, есеп-қисап жұмысы т.б. жұмыстарын бақылайды.
Оперативті реттеу функциясы – бақыланатын объектілердегі гигиеналық жағдайды оперативті қадағалау және кезеңдік бағалауды ұсынады. Оған еңбек жағдайын, аурушылдық деңгейіне талдау жүргізу, медициналық қызмет көрсету саласын қадағалау жатады.
Ұйымдастырушылық функциясы – өндірістің басшылығына еңбек жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар мен шараларды жүзеге асыруда көмек беру.
Насихаттау функциясы – салауатты өмір салтын үгіттеу, жұмысшыларды гигиеналық тәрбиелеу, халықты санитарлық тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу.
СЭС-тің еңбек гигиенасы бөлімшесі
Еңбек гигиенасы бойынша дәрігердің кәсіптік қызметінің барлық формаларын 3 топқа бөлу қабылданған: Ескертпелі санитарлық қадағалау (ЕСҚ), Ағымды санитарлық қадағалау (АСҚ) және ұйымдастырушылық–әдістемелік жұмыстары.
Ескертпелі санитарлық қадағалау – медициналық профилактиканың ең маңызды элементі. Ескертпелі санитарлық қадағалаудың негізгі мазмұны болып өнеркәсіптік объектілерді жобалауда, жер учаскелерін тандауда, құрылыстарын салуда, жаңа технологиялық процесстердің, химиялық қоспалардың жабдықтарының, аспаптарының т.б. стандарттарын жасауда санитарлық нормалар мен ережелердің орындалуына бақылау жүргізу саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет